Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Бұл әфенденің есімі Әнуар. Матур жігіт. Қаладан шушыдан артық жігіт таба алмайсың.

Сүйдеді де, Темірке екеуінің қолын бір- біріне ұстатты да, қалған шаруаның есебін өздерің табыңдар дегендей сыртқа шығып кетті.

Оңаша қалғасын Ақбала оған көзінің астымен абайлап қарап еді. Үсті - басы ұн - ұн ұзын сары не істерін білмей, қипақтап тұр екен. Жас шамасын айыру қиын - көсе. Беті түктеніп, ұзын мұрынның үш жағы қызарып, бар бітімінен аяныш сезіледі. Ақбала өзін ұстайын деп қатайып көріп еді, бірақ... адыра қалғыр мына дүниеде өзінің басы қаншалықты қор болғанына көзі енді ғана жетті де, жылап жіберді.

Темірке есік сыртында құлағын тігіп қанша тыңдаса да, іште қалған әлгі екеуден үн шықпағасын шыдамады, шыбыжықтап ішке қайта кірді. Жаңа өзі қалдырып кеткен жерде тырп етпей тұрған келіншекке, сосын жігітке қарады. Әйел бұларды сырт айналып, қос қолымен бетін басып апты. Иығының басы дір - дір етеді. Әнуар сүдіні қашып, салбырап қапты. Оның өзіне қалғанда мына келіншекпен оңаша үйде екеуден екеуі бірге түнеп шықса да, түк бітірмесін білді де, ішке кіре сала Әнуарды жетелеп Ақбалаға апарды да:

− Әйеліңді үйіңе апар! - деп екеуін ай - шәйге қаратпай итермелеп сыртқа шығарып жібермек боп еді. Ақбала тұрған жерінен тапжылмады. Өзін итермелеп жатқан татар байын шарт еткізіп жақтан тартып жіберді.

− О, сұмырай! Тарт қолыңды! Мен сенен бай емес, баспана сұрап едім ғой.

Темірке құп - қу. Тек әлгі шапалақ тиген жер дуылдап, көз оты жарқ еткен жанар кенет шатынап, аузына сөз түспей, кекештеніп тұтығып қалды. Есін енді жиып, енді тіл қатам дегенше, Ақбала сүмелек сарыны өзі жетелеп сыртқа шығып та кетіп еді.

ТӨРТІНШІ БӨЛІМ

Елден күн құрғамай келіп жатқан кірешілер мен қалашылар Еламанға соғып, түнде -үйден, күндіз - жұмыстан іздеп тауып, амандық-саулығын біліп кетіп жүрген-ді.

Еламан қазір ел хабарына қаның: кәрі әже қайтыс бопты. Сібірге айдалған Кәлен хабар -ошарсыз. Ал жар басындағы балықшылар аулы баяғы өздері бардағы бірлік - берекеттен айырылып, қырық пышақ боп жатқан көрінеді.

Осы жайды есіткесін елдің тіпті қызығы қалмады. Оны қинап жүрген - Есбол атасының жағдайы. Тірі тұрғанда елге барып, атасымен дидарласып қайтқысы кеп жүр еді. Көктем шығып, күн жылығасын бұны Есбол атасының өзі іздеп келді. Көзі нашар көретін бопты. Еламанды даусынан танып, қолынан тас қып ұстап алды да, үнсіз жылады.

Еламан ұзақ жолдан қалжырап келген атасының бүгін ерте жатып тыныққанын қалап еді, бірақ оған атасы көнбеді. Еламанды жібермей қолынан тас қып ұстап отырып Райдың қалай өлгенін сұрады.

− Тек, шырағым, түгін қалдырмай, толық айт. Және шынын айт!

Еламан жалтарудың жөні қалмағанын байқады. Қарсы алдында бұнан екі көзін айырмай, қадала қарап отырған қарт атаның қашанда жан біткен жанның бәрінен тек адалдықты, тек шындықты талап ететіні бұған аянды. Еламан да атасына ағынан жарылып шындықты айтқысы келді. Иә, сол өзі қалай болып еді? Қарлы қыс еді ғой? Қақаған суық еді. Иә, Рай... Райжан әлсіреді... Шегір көз солдат сабағаннан кейін тіпті әлсіреп, қолындағы күрекке де сүйеніп тұра алмай, ақ қарға сылқ етіп отыра кетті. Бұл жүгіріп барып: «Райжан, тұршы! Тұршы, айналайын!» - деп қолтығынан демеп тұрғызбақ болып еді. Сорлы бала селт етпей, көзін жұмып, сұлық жата берді. Сонан беті бері қарамады. Жұмыс аяқталғасын оны бараққа көтеріп апарды. Ат қорадай барақтың есік - терезесінен жел ызғып тұрғандықтан бұнда түнейтін кісілер шешінбей, киімшең бойымен біріне - бірі тығылып жататын. Рай бұрын бұның құшағында түнімен дір-дір етіп ыңырсып шығатын-ды. Сол күні онан сес болмады. Дыбысы шықпады. Сонан қатты шошыған бұл «Рай! Райжан», - деп қанша оятса да, ол қыбыр етпеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий