Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Иә, ул ақша аями. Өзім білетін қазақта ондай қолы ашық жігіт иоқ. Басқан ізінде байлық шашылып жатады. Осы жолы қалада көбірек жатты емес пе?! Елге қайтарда дүкенге кіріп, и - и, жаным... көк ала ақшаны шушылай уыстап алды да, менің алдыма тастай салды. Санаған иоқ. Келініңе ең қымбат жібектен көйлек керек деді. Мырзадан мен де ештеңе аямаймын. Тығулы жатқан қызыл атласты әкеп бердім. Өрттей... Өрттей қызыл. Асыл инді.

Ақбала түсі бұзылып, төмен қарап отырып қалды. Темірке аң - таң. Ертең қойны -қонышы толған көк ала ақшаның басы - көзіне қарамай ағыл-тегіл зат алып, қаланы базарлап қайтуға келген жас мырзаның сүйікті тоқалының алдында жалпылдап, көңілін таппақ болған жаңағы қолпашы неге, қалайша бәлекейдің жақпас жағынан шығып, жаны ауыратын жеріне қатты батқанына қайран. Бұнда не сыр бар? Әлде мырза қызыл атласты тоқалға емес, бәйбішеге алды ма? «Ии, Алла, бұл қаһар содыр қазақтың байларының қай ісінің қайда апарып соғарын біліп болмайсың инді».

Темірке өзінен кеткен ағаттықты жуып-шаймақ боп:

− Қатты тоңғансың, жаным. Жылы оранып жат. Ұйықтап тұрғасын жазылып кетесің. Ештеңе ойлама. Саған керек затты, ең асылдарын ертеңге дейін әзірлеп қоям. Мырзаның үйіне не керек екенін білем. Мырза қымбат нәрселерді ала....

− Қам жемеңіз, бай. Бүгінде онан... онан менің жөнім басқа, - деді Ақбала.

Төр алдында көсіліп жатқан кірешілер аяқ - қолын бауырына қалай жиып алғанын байқамады. Ақбалаға ыза боп: «Қап, құртты - ау. Ас - су ішіп әлденіп алғанша тұра тұрса қайтеді екен», - деді іштерінен.

Жаңа ғана жайраңдап отырған Темірке кенет майы таусылған шамдай, көз жанары сөніп кетті. Бар денесі бір уыс боп бүрісе қалды. Есік жақта шай құйып отырған күтуші қатынға күңк етті:

− Шорылдатып құя бердің ғой. Құдықтан суармасаң, бұларды шайға қандыра алмайсың. Енді қалғанын қонақүйге барып ішсін.

− Ауылдан алып шыққан етіміз бар еді.

− Қонақ үйге барыңдар. Сонда асып жеңдер. - Қонақүй есік - терезесінен жел гулеп тұратын жайдақ бір бөлме. Пеші түтін тартпайтын. Жылы үйден шыққан кісілер мұнда келгесін шешінбей, қалың киімдеріне қымтанып жатып қалды. Ертеңіне ерте оянды. Азын - аулақ пұлына шай, шекер, кездеме алды да, Ақбаламен қоштасып жүріп кетті.

Екі-үш күн жатқасын татар байының үйі Ақбаланы жақтырмай, кіржіңдеп қабақ шыта бастады. Басқадан бұрын Теміркенің әйелі сыйғызбауға қарады. Шамасы, сұлу келіншекке күйеуінің көзі түседі деп қорқып, қызғанатын сияқты.

Ақбала байы тастады деген қорлық атаққа көніп еді. Оған енді жез қоңыраудай шүлдірлеген тікбақай келіншектің зәбірі батты. Бір сыласын тапса өзі де бұл үйден кетпекші. Бірақ... қайда барады? Кімнің босағасын сағалайды?

Ақбала оңаша үйде мұңайып отырып қайта - қайта кешегі кірешілерді ойлап кете берді. Олар, әрине, ауылға жетті. Үйлеріне барды. Қатын - баласына қауышты. Көрші - қолаңдар жиналып қала жаңалығын сұрап, қауқылдасып мәре - сәре боп жатыр. Ақбала өзіне сондай бір ыстық ұяңы аңсап, шерлі жүрек қатты сығылып кетті. Қимылсыз көз жасқа толып барады. Таң атқалы нәр татқан жоқ. Бай үйіне баруға бетінен басады. Қалаға шығып, талап қылғысы келсе де, көше көрмеген әйел Темірке үйінің бұрышын айналса арам өлетіндей, басы қатып отыр еді; сол үстіне Темірке кірді. Қасында ілмиген біреу. Кірпігі, қасы, үсті - басы ұн - ұн.

Ақбала түрегелді. Темірке есіктен кірер - кірместен түйеден түскендей қып:

− Саған бай керек пе? - деді бірден.

Ақбала беті ашылмаған жас қыздай ду ете қалды.

− И - и, пақыр, неге ұяласың? Бұл қала. Әнуар, сен де ұялма! - деп Темірке өзінің тасасынан шыға алмай, сыртында тұрған ұзын сарыға бұрылды. Сосын өзі көземелдеп жібермесе, оның өздігінен аяқ баспасын білді де, қолынан жетелеп Ақбалаға апарды. Ақбала жерге кіре жаздап барады. Бір кезде алақаны былжыраған әлдебір мұп - мұздай жасқаншақ қол қолынан батылсыз ұстап еді, онсыз да төңірегінен түк сезбей, сүлдері шаққа тұрған әйелдің денесі дір етті. Қолын дереу тартып алды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий