Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Темірке ел қазағы әкелген нәрселерді жақсы көрсе де, бірақ олардың өздерін жақтырмайтын. Бойыңа сәл жақындатсаң, олар өздерінің ауылдағы мінезін қалада да істеп, билеп - төстеп, әрі - берідесін басыңа шығып кететіні белгілі. Сосын Темірке оларды алысырақ ұстап, оларға арнап салған ауланың түп жағында қонақжай болатын. Қазан - ошағы да бөлек. Би-болыстар мен байлар болмаса, былайғы қазақты әлгі қонақжайға түсіруші еді. Бүгінгі кірешілердің арасынан... дәм - тұзын талай татқан, теңіз өңірінде өзімен қай заманнан сыйлас, қадірлес бай үйдің жас келіншегін әлгінде масқара болғанда байқамай кештеу көріп қысылып қалған Темірке аяқ астынан абдырап сасып, қалбалақтады да қалды. «Неге келді екен?» - деп ойлады. Әдетте қыз ұзататын, келін түсіретін кезде бай ауыл сенімді бір кісісін арнайы қалаға жіберіп, керек - жарағын үйіп -төгіп әкететін...

Темірке қалталы келіншекті қолынан шығарғысы келмеді. Алғашқыда қалай жағынарын білмей, мына келіншек мырзаның жас тоқалы екенін білсе де, оның көңілін қалай табудың есебін таппай, көрген бойда оны «бәйбіше» деп жалпылдап ала жөнелді.

− Ә, бәйбіше, аман - сау барсың ба? Мырзаның дені - қарны сау ма?

Ақбала үндемеді.

− Бәйбіше, пәуескең қайда? Қазір заман жаман, вит. И- и, Алла... шүші күні халықтың пиғылы бұзылған. Шулай! Пәуескені сыртта қалдыруға болми, - деп сыртқа жүгірмек болған татар байын Ақбала шаққа тоқтатты.

− Мен... мен мына кірешілерге ілесіп...

− Оқасы иоқ, оқасы иоқ... Қазір бұрынғыдай бап талғайтын заман емес, - деп, Темірке жуып - шаймақ болса да, ішінен боқтап: «Ит қазақ байлықты башына жарата білмей. Аларның байлығы арам өлген малмен тең», - деді. Темірке бұлардың бұнша көлікпен келгенін білгесін, қалада айналмай, жүгін түсіріп бір түнеп шыққасын ертеңіне елге қайтарын білді. Мына келіншек те керек-жарағын алғасын ілесіп келген кірешілерден қалмас, қайтар деп ойлап, қонақүйге жібермей, қасындағы кісілермен бірге өз үйіне түсірді.

Өздеріне осынша сый - сыяпат көрсетіп жатқасын кіреші қазақтар ештеңеден қықбады. Әй-шәй жоқ сықырлаған қалың киімдерімен төрге шығып, сарала төсектің үстінде талтайып тұрып үсті-басын жеңілдеп шешіне бастады. Есік жаққа тастаса ар жағынан біреу алып кететіндей, зілдей етіктерін гүрс еткізіп ірге жағына тастай салды.

Теміркенің әйелі сыртқа ата жөнелді.

− И - и, Алла! Алла қайым! Шушы қазақтар өз үйінде де етігін төрге шеше ме?

Темірке де осы өмірде қазақтардан әбден көңілі қалып, түңіліп біткен кісіше қолын сілкілеп зарлап қоя берді:

− Қой!.. Қой уларны! Бұ шоқыншықлар отызға килсә, аларның итігі алпысқа килә, вит.

Қонақтардың алдына дастархан жайылды. Шай үстінде Темірке тағы да Ақбаланың асты-үстіне түсіп, кесесін өзі алып беріп: «Бәйбіше, іш, же», - деп ерекше ықылас білдіре бастады. Ақбала қысылып барады. Бойын мықтап суып, алыпты. Жылы үйге кіргесін де жуық арада өзіне-өзі келе алмай, қолы, аяғы бүрісіп тітіркеп қап отыр.

− Бәйбіше, бұрын қалаға келіп пе едің? - деді Темірке.

− Жо - қ...

− Оқасы жоқ, оқасы жоқ... Бұйырса жаз айында да келерсің. Жазда қала әйбетірек болады. Көшелерде терек - талдар. Қала іргесінде көл бар. Тек теңіз жағасынан келген кісі көлді менсінеді дейсің бе? Хе - хее!..

Темірке көзі жылтыңдап қонақ келіншекке қулана қарады. Осы қарасы әнебір кездегі Судыр Ахметтің ұры, тышқан көзіне ұқсап, Ақбала түршігіп кетті. Аузындағы сөзін айта алмай, түсі қашып отырып қалды. Оны Темірке өзінің әлгі әзіліне қысылып қалған екен деп ойлап, ұзын мойнын ішіне тығып ала қойды. Қонақ келіншектің ұялшақтығын да, аңқаулығын да ішінен ұнатып, шықылықтап күліп, жанынан кетпей жүр.

− Шайдың қызылы кесілмесін. Бәйбішеге қызылын баса құй!..

Ақбала балық тиеген шана үстінде бүрісіп келе жатып от жаққан жылы үй мен ыстық шайды аңсаумен болған-ды. Бір- екі кесе ішті ме, жоқ па, кенет ештеңеге зауқы шаппай тартыншақтап қала берді.

− Ертең қайтатын боларсыңдар? - деді Темірке кірешілерге қарап.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий