Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Мырза... Шалқарға Еламан келді. - Тәңірберген тоқтай қалды; кенет қатты соғып кеткен жүрегін сап-сап басып алды да, өзінен сәл кейінірек тоқтаған қарт кірешіге бұрылмай, сыртын беріп тұрып:

− Оны саған кім айтты? - деді.

− Өзім көрдім. Ауызба - ауыз сөйлестім. Рай сол жақта қайтыс бопты.

Мына хабардың растығына Тәңірберген енді күмәнданбады. Осыдан кейін ол жолықпақ боп әдейі іздеп келген Айғаншаға да соққан жоқ. Курнос Иванның әзір тұрған асына да қарамай, атына мініп жүріп кетті.

Соғыс ауыртпалығын көтерген қоңторғай халықтың, әсіресе, осы бір өңі жұқарып тұрған үстіне мына бүлікші келсе не болады? Балықшылар аулы мен бұл өңірдегі кедей ауылдар баяғы он алтыншы жылғыдай тағы да оның соңына еріп, бұның іргесін жалаңаштап кетпесіне кім кепіл? Онсыз да осы күні Ожар Оспан бір жаққа, Рамберді бір жаққа тартып, өз ішінде де ауыз бірліктің берекеті кетіп тұрғаны мынау!

Тәңірберген ширыға түсті.

* * *

Жол үстінде бір байламға келген жігіт ел жатқанша екі-үш кісіні жан - жаққа шаптырып, бас-аяғы бір күннің ішінде осы өңірдің игі жақсыларын жиып алды. Сол күннің ертеңіне хабар тиген кісілердің алды келіп, Тәңірбергеннің үйіне түсіп жатты. Келген кісілердің ішінде бұл өңірдің белгілі ірі байлары - Мыңбай, Жүзбай, Жылқыбай бар. Семіз сары Рамберді бар. Жалақтаған жігіттер үзік - созық келіп жатқан кісілердің бас - аяғы жиналғанын күтіп жатпай, сыйлы қонақтардың бас - басына қой сойып, қазан көтере бастады. Буы бұрқыраған самауырларды қайқаңдап көтерген жігіттер қонақ күткен үйге арасын үзбей қайта - қайта кіріп жатты. Түн ортасы ауып, таң алдындағы қалың ұйқының бір мөлшерінде асқа тойған жұрт өз денесін өзі ауырлағандай бір- бір жастықты қолтығына басып, бас түйістіріп жантайып жатып, ұйқы қысқан қабағы әлсін-әлі жұмыла бастаған еді. Сол кезде біреу ат жайын әңгімеледі; өздері білетін жердегі жүйрік аттарды бірінен соң бірін мақтап отырып, бір кезде Тәңірбергеннің ақ арғымағын ауызға алды.

− Бәйгеге қосып көрдің бе?

− Жоқ...

− Бекер бағын байлап жүрсің. Жануар, ақ арғымақ пырақ қой. Қанатты болмаса, тұяқтыда оған шақ келетін жылқы бар дейсің бе?

− Сөз бар ма?! Оу, ақ арғымақ Көрұғылының қара атының тұқымы ғой. Теке - Жәуміт жылқыларының несін айтасың, қуса - жетеді, қашса - құтылады.

− Дүние күйіп кетсе де, ендігі жерде менің арманым Тәңірбергенше бір түрікпенмен дос болып, тұлпар мініп жүрсем деймін.

Мұны айтқан бұлардың ішіндегі ең аузы жеңіл, аңқау Жылқыбай еді; оған жалғас отырған Рамберді басын бауырына алып, булыға мырс - мырс күлді. Бұнысын үй ішіндегілердің ешқайсысы байқай қоймағасын басын көтерді. Ол тағы да Тәңірбергеннің көзін ала бере, мына жағында отырған Мыңбайды бүйірінен түртіп, өздерінен басқа ешкімге есіттірмей, мұрнының астынан міңгірлеп:

− Ойбай, мына қой баққан сорлының аңқауын қара. Тәңірбергенді түрікпенмен дос боп, тұлпар мініп жүр деп ойлайды екен ғой, - деп қолын түңіле сермеді де, теріс қарап бұрылып кетті.

Төсек салатын болғасын қонақтар сыртқа шықты. Жаңағы әңгімеден кейін Мыңбай мен Рамберді басқалардан бөлектене берді.

− Мынау бізді неге шақырды екен?

− Қайдам, бір есебі бар шығар.

− Ие - е, сұм ғой, есепсіз аяқ баспайды. Байқайсың ба, бізді қатты сыйлап кетті-ау. Тегін бе осынысы?..

− Қайдам, торғайды тұзаққа түсіру үшін тары шашушы еді ғой.

Екеуі қосыла күлді. «Торғай» дейді де, күледі.

− Қалай десең де сұм неме күшейіп алды. Ой, залым, қазір шаршысына келіп тұр. Бір жағы - сауда, бір жағы - ұрлық...

− Ие, солай! Атаң қазақ « Ұрлық түбі - қорлық» деуші еді-ау. Осы жігіт тым керелеп бара ма, қалай? Түбі бір пәлеге соқтырмаса қайтсін?!

− Әрине, тергеусіз дүние жоқ. Жігіттерін қайта-қайта аттандырып, түрікпеннің жылқыларын қуып әкеледі де жатады. Өстіп жүріп бір күні бізді түрікпенге талатпаса қайтсін?!

− Сүйтер, сүйтпей тынбас бұл жігіт...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий