Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Күтуші әйел қасында тұрса да, қонақтан қайтқан сусынды оған бермей, өрешеге өзі апарып қойды. Сосын жоқ жерден ілгіш тауып, әйеліне ұрсып, буулы жатқан теңді сыртқа қарай дырылдатып сүйрей жөнелді. Ауыз үйге шыққасын да сыртта жүрген біреулерге дауыстап, ар жағынан төрт-бес кісіні шақырып алды:

− Әзірсіңдер ме?

− Әзірміз.

− Ендеше, кәне жүріңдер.

Ауыз үй абыр-сабыр. Әлгі кісілер бірлі-жарым адамның әлі келмейтін ауыр теңдерді бірнешеуі қолдасып көтеріп сыртқа алып шықты. Сонан кейін де сыртта біраз айналған Ебейсін ішке кіруі кірсе де, бірақ тізе бүгіп отырмай, тымағын, тонын киіп, белін тыңқитып буып алды.

− Ал, мырза, сен жатып демала бер. Үйде сені күтетін кісі бар. Мен азғантай бірдеңені қалаға жөнелтіп салайын.

Тәңірберген бетін сырт салып отырған суық қалпынан жібімеді. Сауда досына: « Үйде әйелің қалса болады, өзің қайда кетсең де еркің, кете бер», дегендей қолын сілтеді. Ебейсін шырып кетті. Тәңірберген оның түп қазығы - Темірке екенін біледі. Татар байының іші - бауырына кіріп, өзара ыңғайласып алғалы бұл қазір дәл бір жуан қара терекке өрмелеген шырмауықтай жоғарылап бой созып барады.

Төсек салатын ыңғай байқалғасын Тәңірберген тысқа шықты. Толық ай төбеге кепті. Дала сүттей жарық. Қора ішіндегі бағанағы мол байлық әлденеден үріккендей түп - түгел қарасы батқан. Қаңырап бос қалған қораның арғырақ бір түкпірінде байлаулы тұрған ақ арғымақ иесін көріп, оқыранды. Шамасы о да «тастап кетті» деп кімге шағынарын білмей тұрған сияқты.

Тәңірберген үй сыртына ұзап шықты. Кірешілердің қарасы көрінбеді. Қысқы жолдың қашықтығын ойлап, көлік тың тұрғанда жіті жүріп, бір- екі қырдан асып кеткен сияқты.

* * *

Ертеңіне Тәңірберген күн шықпай атқа қонды. Теңіз басын айналып жүрудің біраз бұрыстығы болғасын қатты жел қарын үрлеп кеткен жалтыр мұздың үстімен Бел - Аранға тура салды. Ақ арғымақ тағалаулы еді; әншейінде төрт аяғы денесін ауырламайтын желқайық ат көкше мұзға түскеннен кейін тіпті желдей есіп, Тәңірбергеннің тақымы астында ойнақтап келеді.

Оған ақи көз жігіт сор болды. Тағасыз ат тақыр мұзға түскесін бауырын жаза алмай, бүгежектеді де қалды. Тәңірберген оны тастап кеткісі келмей, әрі-бері қарайлап көрді де, тақа болмағасын қолын бір сілтеді.

− Шырағым - ау, жол жүретін болғасын ерте бастан күтініп, атыңды тағалатып алмайсың ба? Жә, кейін келе жатарсың.

Шамалы жүргесін көз ұшында ашық теңіз үстінде жүрген кісілер көрінді. Бұлар жар басындағы балықшылар аулының ер-азаматы еді; татар байы балығы мол көлдер мен басат - басаттарды бір өзінің меншігіне дербес қаратып алғасын бұларды ашық теңізге айдап салған еді.

Тәңірберген басқаға бұрылмай, ат басын Досқа туралады. Сырт хабардан естуі Дос қазір көп балықшыдан шеттеп жалғыз үй қапты. Судыр Ахмет, Төлеу, Қалау сияқты төрт - бес кісі болмаса, қалған қара тобыр ұйтқысын бұзбай түгелдей Мөңке жағына шығып алған көрінеді.

Дос салқын амандасты:

− Сапар оң болсын, - деді ол.

− Әумин. Сыралғы алайын деп келдім.

Дос әзілге шорқақ болатын. Тәңірбергенді кекетіп тұр деп ойлаған екен.

− Міне, ал!.. Бәрі сенікі, - деп мұз үстінде жатқан бес - алты қылағайды етігінің тұмсығымен бір- бір теуіп ары ысырып тастады.

− Иә, балық нашар екен. Сонда бұл теңіздің баяғы балығы қайда кеткен?

− Шырағым - ай, соның несін сұрайсың. Бұл теңіздің балығын құрдым жұтып жатыр ғой.

− Құр - дым?..

− Иә, Темірке деген құрдым шыққан жоқ па?! Құдайдың көк теңізін де бізге бұйыртпай, қылығы өтіп тұр ғой қу татардың.

Тәңірберген Достың зығыры қайнап, күйіп тұрғанын байқады. Дос қайта сөйледі:

− Қатын-бала аш, үйге барсаң талап жей жаздайды.

− Соған Темірке кінәлі ме?

− Енді кім? Ашық теңізге айдап шықты. Бізге бұнан артық не істейді?

− Әй, қайдам. Бар пәле Теміркеден деген дұрыс бола қояр ма екен...

− Енді кімнен?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий