Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Шынында да, алдарындағы ақ шоқалақтың ығында тұрған қораға ат басы аумай еңкілдеп келіп қалған екен. Тәңірберген енді бұрылудың ыңғайсыз боларын білді. Не де болса сыр алдырмауға тырысқан мырза ақ арғымақты қыңулап бір-екі тебініп, осы аттың әнебір кезде бұның көптен көңілі кетіп жүрген сұлу келіншектің аулының шетіне кіре бергенде бауырын керіп көсіліп аяңдаған әсем жүрісіне салды. Өзі де енді ығыспай, ат үстінде дұрысталып отырды да, Сүйеу қарттың қорасының дәл іргесінен өтетін жалғыз аяқ жолмен cap табан қарды күтір - күтір бастырып қаттырақ жүріп еді.

Ебейсін үйінде екен. Кең қораның іші сығылысқан шана. Бірі бос емес. Тері - терсек пен тоң балықтарды таудай - таудай қып үйген жалпақ шаналарға бір- бір қызыл нар жегіп, жолға шығуға әзірленіп отырған үстіне Тәңірберген кеп аттан түсті.

Ебейсін оны терезеден көріп: «Түлкі!.. Қызылдың иісін сезіп келдің - ау, ә?» - деп ойлады да, тез киініп тысқа шықты.

− Мырза, сапар оң болсын!

Тәңірберген салқын амандасты. Ебейсін оның ренішті түріне қарамауға тырысты:

− Соғым сойып жатыр едік. Ниет дұрыс қой, дегендей келгеніңді қарашы. Кәне, ішке кірейік.

− Жә, өзің бар да көрпе-төсек салғыза бер!

− Көрпе салулы, мырза.

Қонақ кірер - кірместен жас келіншек үлкен ақ самауырға шай қойды. Қазанға ет салды. Қонақ жабдығымен лыпылдап кірген - шыққан сайын қара көзі жалт етіп, жанарына құмарлық от тұтап, төр алдында отырған қара мұртты сұлу жігітке бір- бір қарап өтіп жүр. Көңілі жүйрік Тәңірберген мына уыздай жап-жас келіншектің кісі алдында нәпсісін тежей алмай, көзге түсіп қала беретін кінәсіз аңқаулығын ұнатып отыр.

Ебейсін байқаса да, көңіл бөлмеді. Бұл күтпеген бір тосын әңгіме қозғады:

− Рас болса, келінді қоя берді деп есіттік қой осы.

− Иә, қатындар сыйыспады.

− Жақсы істегенсің. Қызыл көз шалдың белін бір сындырған екенсің.

Бұл Тәңірбергеннің көрінгенге ішін аша бермей, құлып астында ұстайтын сыры еді; сондықтан ол Ебейсіннің жетелеген жағына баспады. Ебейсін мырзаның осал жерінен ұстағанын біліп, соған бір жағынан өзі ырза боп, тобарсыған беттің тоңын сындыра езу тартты:

− Енді төсек жаңғыртатын шығарсың? Тәңірберген бойына сөз дарытпай, сазарып алған-ды.

Сауда досының мына түрткісі көңіліне жаққаны сонша, ол шұғыл жадырады. Ертеден бері тақымдап қоймай отырған Ебейсінге енді оның өзі тап беріп:

− Е, бәрекелді. Мына сөзің құлағыма жағып кетті ғой. Маған көздеп жүрген қызың бар шығар? - деді.

− Қызды өзің таңдайсың да.

− Жоқ, саған тандатсам қателеспейтінімді білем. Ебейсін қонағының зілсіз әзілмен өзін жағалап келе жатқанын білді де, түрегеп кетті. Осыдан кейін ол Тәңірбергеннің қасында дәйек тұтып отырмай, бала орнында ұшып - қонып, үй шаруасын істеп кетті. Қонағына ет берді. Шайын берді. Бұның бәрін аз көргендей, енді бір кезде:

− Мырза, сусынға қалайсың? - деп сұрап, оған қонағы ыңғай білдіре қоймаса да, ішпесе аузынан қайтсын деген кісіше, - әй, қатын, мырзаға сусын, әкел - деді.

Тәңірберген таңданып отыр. Осы жігітті өздерінің ауылында қолбала боп жүрген кезінен біледі. Сол кезде де бұл дәл осындай еді: сол кезде де бір жанның бетіне жылы раймен қарамай, кісі алдында қабағы салбырап тұратын.

Баяғыда бұларға жаққаны - айтқаныңды қалт етпейтін. Кісі өлтір десең, де бас тартпай, жұмсаған жағыңа бара беретін қасиеті демесең, басқа жағдайда бөрене сияқты бітеу болатын.

Сол жігіттің енді аяқ астынан ебедейсіз, доғал денесімен жүзік көзінен өткендей, елпілдеп кеткені күдік туғызады. Мырза сырлы зеренге ернін тигізді де қайтарын берді.

− Бұл қалай? Тіпті алмадың ғой.

− Рахмет. Сөйлеселік, отырушы өзің мұнда. - Ебейсін қонаққа көзін салмай, бетін алып қаша берді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий