Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мюлгаузин орталықта тұрады екен. О баста көкпен боялған қақпаның қазір сыры кетіпті. Тот басқан топса баяғыда Ақбала екеуі тұрған жерқазбаның «жылауық» жаман есігі сияқты, ашқан - жапқан сайын сықырлап қоя береді екен. Мюлгаузин бұған әуелі өзі тұратын бөлмені көрсетті. Сосын өзіне жалғас кішкентай бөлмені көрсетіп: «Бұнда сен тұрасың», - деді; Еламан бұ жолы да үндемеді. О баста іші қабылдамағасын ба, ар жағында суқаны сүймей, сезімін ауырлатқан әлдебірдеңе тұрды да қойды.

− Үй осы. Әскерге кетер алдында өзім салып едім.

− Жаның көп не?

− Қарындасым бар. Сосын шешем... Е, міне... - Еламан төр жақтағы бөлмеден шығып келе жатқан ұзын бойлы кемпірге амандасқалы оқталып еді, бірақ тұла бойы бірыңғай қараға малынған, түсі суық кемпір ыңғай бермей, баласына «мынауың кім?» дегендей түйіле қарады.

− Саған айтып едім ғой. Менің майдандас досым.

Кемпір Еламанға осыдан кейін ғана назарын аударды. Жанары салқын тұздай көк көз бұған қарағанда кірпігін қақпай, басы - аяғын сүзіп шықты. Сонан кейін ләм - мим деместен бұрылды да жүре берді.

− Шешем осы...

Еламан өзіне тиген бөлмеге кірін, дорбасын бұрышқа лақтырып тастай салды. Кір - кір шинельді қайда қоярын білмей, іркіліп біраз тұрды. Келісім бергеніне өкінді.

* * *

Мюлгаузин бұған берген уәдесінің бәрін орындады: баспана тауып берді. Жұмысқа орналастырды. Кеше өзі депода көретін көзілдірікті шалмен әзірге бірге істей тұрасың деп ескертті. Шал бұған онша ұнамады: дәл осындай сүдінсіз кісіні бұрын - соң кездестірмеген сияқты. Өзі ат жақты екен. Сопақ және мейлінше ұзын беттегі бөлек -салақтың бәрі ұзын. Құлақ та ұзын; мұрын да салбыраған ұзын; ең аяғы бір нәрсені жақтырмай, тыжырына қалғанда кере қарыс маңдайға көлденеңдеп кесе - көлденең тұра қалатын қыртыс - қыртыс әжімдер де ұзын. Екі баласы орыс - герман соғысында қаза тауыпты. Үшінші баласы - кенжесі кешегі орыс - түрік соғысында бір қолынан айырылып қайтып, қазір вагон цехта жұмыс істеп жүрген көрінеді. Тікбақай шал Еламанмен жөндеп сөйлескенді. Бұны таныстырмақ боп әкелгенде шал депоның дәл кіреберіс аузында көзілдірігін сүртіп тұр екен. Қасына келген қазақ жігітіне қыртысы қалың қыжым -қыжым мойнын кідіріп барып бұрды да, көзілдірігін киіп жатып әйнек астынан осылай ентелей қарады.

− Қазақсың ба?

− Иә, қазақпын.

− Түйең қайда? Түйеңді неге бақпайсың?

− Бұрын баққам.

− Түйені Құдайға тапсырып, енді депоға жұмысқа келдің де? Жарайды. Жақсы. Ендеше, кел, мына жатқан темірдің бір басын көтер.

Ознобин алда, Еламан артта келе жатады; сондықтан қарт жұмысшы ауыр нәрсе көтерерде Еламанның қып-қызыл боп құлағының ұшына дейін дуылдап кететінін көріп жүрген жоқ; ал Еламан қарт жұмысшыдан көз айырмайды; қарт жұмысшының ауыр салмақ астында күдірейген қу сүйек жауырынын көреді. Қылқиған мойнын көреді. Сол үзіліп кететіндей қылдырықтай мойынның дәл желкесіндегі шұқыршағына дейін көріп «қара жұмыс кәрі кісіге қандай қиын», - деп ойлайды.

Түске қарай Еламан қара терге түсті. Майданнан жілік майы шағылып, жүдеп келгесін бе, темір көтергенде тілерсегі дірілдеп қоя береді. Бір таң қалғаны: кейінгі жақта келе жатып қанша бақыласа да қарт жұмысшыдан қиналған белгі байқалмады; қарт жұмысшы тек жұмыс аяғында аздап сыр білдіреді: онда да кісі беліндей күпшек темірді көтерер жерде Еламан «шалға қиын болмас па екен» деп Ознобинге қарап еді. Ознобин сыр бермеуге тырысса да, күпшек темірді көтеріп иыққа салып әкетер жерде тарамыс дене дірілдеп, салмақ түскен жаққа иығы қиқаң етіп қисайып кетті. Осыдан кейін Еламан темір көтерер жерде ауырлау жағын өзі ұстайтын болды; соны байқаған Ознобин бір жолы Еламан тағы да онан бұрынырақ ұмтылып темірдің ауыр басынан ұстай беріп еді:

− Тоқтай тұр, - деді. Еламан үнсіз бұрылды.

− Кәрі кісіні сыйлағаның дұрыс. Бірақ, бала, өзіңді де ойла.

− Өзімді ұмытқан жерім жоқ... Ознобин күлді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий