Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Менің кедейлеу қазақ досым бар. Қалаға келгенде біздің үйге түседі. Мал дегеннен байғұста жалғыз түйе. Сауатын сауыны да, мінетін көлігі де сол. Оған отын да артады. Шөп те тасиды. Қыста кіреге салып, сонан не керек, көктемде жалғыз түйесін құлағынан тартып тұрғызып жатқаны. Қазір көктем кезі ғой, бала, абайла, сені де құлағыңнан тартып жатпайық, - деді шал екеуі бірге жұмыс істегеннен бері бірінші рет нағыз қазақша нақыштап таза қазақша сөйлеп.

− Білем. Өз басымызда да болған, - деді Еламан. Иә, ол қаңтардың қақаған қарлы суығы еді: бұлар Сарықамыс қаласына темір жол тартып бара жатты. Өңшең Орта Азиядан жиналған жігіттер. Қазақ. Өзбек. Тәжік. Түрікпен. аш. Көбіне суыққа шыдамай, үсіп өліп бара жатқан жігіттер құласа, жығылған жерден тұра алмай, ақ қар үстінде ыңырсып қалып жатады. Қайсыбіреулер қырылдап ілгері ұзап бара жатқандарға қол созады.

− Жә, болды, - деді Ознобин.

Сонан олар жұмыс аяғына дейін жұмған аузын ашпады. Тек кешке, жұмыс аяқталғасын қарт жұмысшы оны үйіне ертіп апарды; вагон өңдейтін жерде жұмыс істейтін шолақ қол баласымен таныстырды. Үшеуі қора ортасында қарағай құдықтың жанында тұрып, бірінің қолына бірі су құйып жуынды. Кешкі асқа Ознобиннің бала-шағалы үлкен семьясы жиналды. Ac үстінде де үндемеді. Астан кейін әкелі - балалы екеуі қонақты ортаға алып отырып, түннің бір уағына дейін сөйлесті. Қарт жұмысшы күндізгі шаршағанын ұмытып кетті. Үлкен баласынан қалған кішкентай қыз баланы алдына алып шашын сипап отырып, Еламанға қаладағы көп жайды аңғартты; Еламан оның кейбірін есіткен; ол, мәселен, бұндағы халық екіге жарылып - темір жол жұмысшылары Мюлгаузиннің төңірегіне топтасса, ал қала жастары түгелге жуық Селивановтың ықпалында екенін бұ да білетін-ді. Селивановты осыдан үш жыл бұрын Қазан университетін бітірердің аз - ақ алдында саяси айып тағып, осында жер аударған екен. Бұнда келе - сала ол қала жастарын өзінің төңірегіне жиыпты. Жатпай - тұрмай кітап жинап, көл жақ шетте бос тұрған ескі үйдің іші, сыртын жастарға ақтатып, өздері жиған кітаптарды осында көшіріпті. Бұл үйді кейін халық «Селивановтың кітапханасы» атап кеткен көрінеді. Алғашқыда жастардан басқа келушілер болмаса да, кейін бұлар ойын-сауық қойып, көңілді кештер өткізгесін қала тұрғындарының бірте-бірте бойы үйреніп, ақырын - ақырындап келе бастаған көрінеді. Сонан бері осы араның халқы жер бетінде болып жатқан оқиғаға осы үйдің көзімен қарайтын бопты.

Уақытша үкімет патша құлағаннан кейінгі сәтсіздіктің бәрін балшевектердің салған бүлігі деп халық санасына сіңіріп, жер - жердің бәрінде де оларды ашықтан - ашық қудалап, әсіресе жұмысшылар жасағы мен балшевектердің қол астындағы полктардың қару-жарағын сыпырып алып, сүйтіп іри - тіри қып таратып жіберуге тырысып, басқасы басқа, көсемнің өзі қазір басын қаттап, жасырынып жүргенін де халық Селиванов кітапханасынан біледі екен.

− Қазір жағдай қиын. Уақытша үкімет балшевектерге қарсы ашық күреске шықты, - деді Ознобин.

Үй іші әлдеқашан жатып қалған-ды. Кішкентай қыз да атасының алдында отырып ұйықтап кетіпті.

− Мен енді қайтайын, - деді Еламан.

− Үйің қашық па? Қайда тұрушы едің? - деді Ознобин. Мюлгаузин мен бұл екеуінің арасындағы кикілжіңді білетін Еламан қайда тұратынын айтарын да, айтпасын да білмей, сәл іркіліп қалды.

− Сені Мюлгаузинмен бірге тұрады деп есіткен сияқты едім. Сол рас па?

− Рас, бірге тұрамыз.

Ознобин кішкентай немере қызын көтеріп апарып төсегіне жатқызды да, қонағына қайтып келді. Жаңа ғана: «Кеш қой, қонып кет», - дегелі тұрған ойдан айнып, үнсіз қоштасты.

* * *

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий