Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Асқа тойды. Ұйқысы қанды. Тынығып, әл жинағасын ендігі қалған жолдың қиындығы қаперіне кіріп шыққан жоқ. Қолына ыңғайлы таяқ тауып алды да жолға шықты. Көп ұзамай ілгері жақтан разъездің төбесі көрінді. Бір кезде кейінгі жақтан пойыз қуып жетіп, жалғыз жаяудың тұсынан сыпыртып өте шықты.

Жалғыз адамға ой да үйір. Қыста қалың түскен қар көктем кіргесін кенет шұғыл еріп, миы шыққан жерді шылқылдатып кешіп келе жатқан Еламан бастан кешкен кешегі күндерді есіне алды. Түрік жерінің таулы, тасты, қарлы, боранды қысы бұларды қатты қинап еді. Соған қарамастан орыс әскері қайта - қайта шабуылға шығып, үш жүз шақырымдай ілгерілеп Эрзрум қамалын алды. Онан қыстың көзі қырауда Сарықамыс пен Трапезунд портын басып алмақ болған орыстар қырылғанына қарамай, қақаған суықта қалжырап титықтаған әскерді қайта - қайта айдап ұрысқа салды. Оққа ұшқандар, сүзектен, аштан өлгендер жол бойы қарайып қалып жатты. Түрік жеріне ілгерілеп кірген сайын кейінгі жақпен қатынас қиындап, солдаттар ашығып, оқ - дәрі мезгілімен жетіспеді. Жұмысшы батальоны мың - мыңдаған қазақ, өзбек, қырғыз жігіттер қарлы боранда аш - жалаңаш жүріп шабуылдап бара жатқан орыс әскерінің соңынан темір жол тартпақ болса да, бірақ оған рельс болмады да, бір ай бойы Вологда - Архангельск темір жолының рельсін сөгіп әкелуін күтті

Қыс қатайып, аштық пен суыққа ұшыраған жұмысшы батальоны қырыла бастады; тірілердің де қауқары шамалы. Әсіресе, Рай қатты әлсіреді; жас жігіт аштықтан бұрын суыққа шыдамай, қалшылдап ұшып бара жатқасын Еламан оған үстіндегі жылы киімін шешіп берді. Соған қарамастан титығы құрыған інісі темір жолдың қарын күреп жатқан қара құрттай кісілердің арасында қалш - қалш етіп күрекке сүйеніп тұр еді; сол үстіне кейінгі жақтан бұларға көмекке жіберген бір эскадрон атты әскер келді. Жылы орнын тастаған солдаттар ызалы еді; әсіресе шегір көз бір солдат сүлдерін көтеріп жүрген қырғыз, қазақ, өзбек жігіттеріне қамшы үйіріп, боқтап, қаралай құтырып жүрді де, анадай жерде күрегіне сүйеніп тұрған Райды көргенде жыны қаптап шыға келді.

− Ах, ты Сволочь...

Әй - шәйге қарамай қамшымен қақ бастан тартып жіберді. Онсыз да аяғына шаққа тұрған жігіт қарсыласуға жарамай, қолымен басын қорғап бұға берді. Шегір көз солдат кіжініп қайта ұмтыла бергенде қайдан сап ете қалғаны белгісіз, Еламан солдаттың қолынан ұстай алды. Солдат бірер жұлқып көрді, бірақ ұзын бойлы, иықты ірі қазақ бір қолымен ұстаса да тырп еткізбеді.

− Жібер! - деді солдат. Еламан үндемеді.

− Ә-ә, с-солай ма?

Солдат бір иығын алдына төсеп, тұздай көзі ежірейіп, үлкен ызғармен жақындай берді. Бұның аяғы төбелессіз тынбасын білген Еламан көз қиығын анадай жерде жұмыс істеп жатқан бір топ қазақ, өзбек, қырғыз жігіттерге тастап еді, олардың тұрған жерден қозғала қоятын түрі байқалмады. Сол екі арада жаңағы шегір көз солдаттың қасына үш солдат кеп иықтасып қатар тұра қалды. Еламан қорықса да, бірақ әзір ығыса қоймай, кеуде тірестіріп тұрғанда көз оты жарқ етті. Басын сілкіп, жұдырық тиген көзін ұстай алды. Соның ар жағында шойындай жұдырық ес жиюға келтірмей, сартылдап жауып кетті. Мұрны қанады. Келесі бір жұдырық құлақ шекеден тигенде құлай жаздап, аяғына әзер тұрып қалды. Ет қызуымен елең қылмай, есіл - дерті солдаттың жағасынан ала кеткісі кеп қолын оңды-солды сілтеп, тап-тап беріп жүрген-ді. Бір жуан дауыс дәл қасынан гүж етті:

− Тоқтатыңдар!

Бұлар құлақ аса қоймап еді; желкесі күжірейген біреу екеуінің арасына кимелеп кірді де, көкіректерінен тіреп тұра қалды. Шегір көз солдат оған да жұдырығын ала ұмтылып еді, бірақ анау бұрынырақ қимылдап, шегір көзді иектің астын ала бір нұқып қалпақтай ұшырды:

− Ну - у, қараңды батыр!

Еламан оған енді назар аударып еді, шойыннан құйғандай сом денелі, шүңірек көз, орақ тұмсық солдат бұған қолын созып тұр екен:

− Сірә, жерлес болармыз, - деді ол.

− Қа - лай?

− Қазақ емессің бе?

− Қазақпын...

− Мен де со жақтанмын. Үй - ішім Шалқар қаласында тұрады. Мюлгаузин.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий