Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ебейсін оларға құлақ аспай, мына үйдің сәні мен салтанатына назар аударып, өз үйінің жиһазымен ойша салыстырып отыр. Мырза үйі базар болған күнгі жаймадай байлығын бетке тосып, алаша, текеметті төрге төсеп, тұсқа ұстап жайнатып қойыпты. «Мақтаншақ! -деді Ебейсін ішінен, - малды, дүниені мақтаныш үшін жияды».

Осы жолы бұл Тәңірбергенге қатты ренжіп қайтып еді. Тегін олжаны жақсы көрсе де, пайда түсетін жерде беттің арын белге түйіп, білек сыбанып кірісіп кетудің орнына кір, ласқа үстін былғап алатындай, сырттап шыға келеді. Небір жан алып, жан беретін қарбаласта қала саудагерлерінің қақпа қылына бұны салады да, өзі қырағы көзін сырттан салып бақылап жүреді. Ебейсіннің бұны «өлі сыбаға» деп мысқылдап, боқтап жүретінін сезсе де, бәрі ішінде.

Ебейсін үй ішінің әңгімесіне араласқан жоқ; қала хабарына құмары қанбаған жұрт енді қазір ақи көз жігітті ортаға алып, онан оны - пұныны сұрап, үйді басына көтеріп жатқанда, бұл мына жақта төрге төсеген кілемді алақанымен сипап жатты. Мап-майда түгі жас қыздың денесіндей қолына жылы тиіп барады. Соғыс болғалы қала халқының көп жиһазы осы ауылдан, ала-бөле Тәңірберген мен Ебейсіннің үйінен шығып жатыр. Осы жолы да қаладан көп дүние алып қайтты. Бірақ мырза оның бірін білсе де, бірін білген жоқ-ты. «Соны сезе ме екен?» - деген ойда мырзаға білдірмей, көзінің астымен қарап қояды. Үйге келгелі де мырзаның қабағы ашылмады.

− Үйлеріңе барыңдар, жолаушылар демалсын, - деді бәйбіше.

Қыдырмалар кеткесін бәйбіше күйеуіне бұрылды:

− Мырза, інің төсек тартып жатқалы біраз болды. Кіріп шық.

Тәңірберген бетін сырт салып отыра берді; ол қазір інісіне ренжулі. Болыс ағасының орнын құлатпай, өз алдына дербес үй ғып қойғысы келген Тәңірберген қалаға жүрер алдында екі қатын үстіне жеңгесін алған-ды. Бұған Жасағанберген бұлан-талан боп:

− Не деген масқара? Қазақ байында қатын алудан басқа қасиет қалмаған ба? - деп толы көптің алдында ағасын тілдеп тастаған-ды. Сосын бұл: «Ендеше, өз обалың өзіңе. Саған қор қылғанша, сол қыздың да қызығын өзім көрейін», - деп түйген ішінен.

Әдетте, Тәңірберген ойына алған істі ағайын-туманың ақылына сап, сары уыздай шайқап жатпайтын: ондай жерде ол тек ойлаған ісінің өзіне тиімді, тиімсіз жағын көздейді. Өзіне тиімді екеніне көзі жетсе болғаны, қарақшыны көз ұшына тігіп алады. Сосын құдды көлігі мықты жолаушыдай, қашан мақсатына жеткенше бір әуеннен танбай ілгері тарта беретін. Бұл бірақ осы жолы Айғаншаны үйіне кіргізіп алуға асықпады. Әуелі орын босатып алу керек екенін білді де, Шалқардан келе сала Ақбалаға қысымды күшейтті. Ақбаланың төсегіне жуымады. Ақбаладан туған нәрестенің көптен бері әл үстінде жатқанын естісе де, қаладан келгелі басын сұққан жоқ.

Ақбала күйеуіне кісі салып:

− Жазығым жоқ еді ғой. Сыртқа тебетін не жөні бар?.. - деп наз білдіріп еді. Бұны есіткенде мырза мырс етіп бір күліпті. «Мені қалай кінәлайды?» - депті. «Соған бола мен ағайын, тумалардың қарсы болғанына қарамай, әкесіне кісі жіберіп, аяғына жығылмадым ба? Кісімді қызыл ала қан ғып сабады. Құрметімді тәркі етті. Әкесіне қадірі болмағасын басқаға ренжіп қайтеді?» - деп қатты бетінен қайтпай, безеріп отырып алыпты.

Сонан бері басына қара күн туған Ақбала өз күйігіне өзі өртеніп, жан адамның көзіне көрінбей, үйіне тығылып алды. Баласы ауырғалы тіпті зәре жоқ. Баладан айырылса бай ауылдың бұны бір күн ұстамасын білді де, ендігі тірлігінің жалғыз талшығына жармасып, күйіп-жанып жатқан баланың асты - үстіне түсіп бәйек боп жүр. Ерніне су тамызады. Қайта - қайта емізеді. Бірақ бала ембей, кішкентай қылқанақ тісімен емшегінің ұшын қырқып тастады.

Сәскеде Тәңірберген келді. Ол бірақ балаға жуымай, кекірейіп алыстан көз салып тұр еді. Ақбала оның бар- жоғын сезбегендей баланың астын құрғата берді. Тәңірберген келуін келсе де, енді қалай шығып кетудің есебін таппай тұрды да:

− Әй, балаң қалай? - деді.

− Бұл сенің де балаң... - деді Ақбала.

− Сөздің үлкені сенде болды ғой. Иә, ал?..

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий