Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Бар!.. Бар! Сүйреңдей бермей сорпаңды әкел! Осыдан кейін әңгіме тыйылып, үй іші тағы да тым - тырыс бола қалды. Ас - су ішілгесін Есбол қария күн кешкіріп қалғанына қарамастан жолға шыққалы жинала бастады. Жүрер алдында әлі де ашуы тарқамай, қырыстанып отырған Сүйеуге бұрылды:

− Айта кетейін, Тәңірберген де ерегіске басыпты. Сен иілмесең о да шарт сынатын сияқты.

− Сынсын!.. Күл - талқаны шықсын!

− Ақбаланы қоя беретін түрі бар.

Сүйеу осқырына мырс етті. Бірақ шіміріккен жоқ. Безеріп алған.

* * *

− Мырза, ауылға да келіп қалдың. Ана көрінген, жарықтық, Ақбауыр! - деп аттың делбесін ұстап отырған ақи көз жігіт кенет айқайлап жіберді.

Жеңіл көк шанаға жеккен қос құла көшір жігіттің даусына елең етіп, құлағын тіге - тіге қалды. Қос құла мырзаның қыс айында, дәл осындай ұзақ жолға шыққанда мінетін мықты аттар. Теңіз жағасы мен Шалқар қаласының арасында қыс бойы сарнап жататын кіреші жолын кеше қар басып сапты. Ала - бөле кеше Аяққұмды кесіп өтіп, теңізге жақындаған сайын қысқы жол қиындай түсті. Аттар ара - тұра сүрлеуден шығып, күресін қарға ұрынып омбылап қала берді. Үш күндік жол адамға да, аттарға да ауыр соқты. Әсіресе, тері алынбаған тоң аттар өз денесін езі ауырлап барлығып қалған-ды.

Ілгері жақтан үрген иттің даусы шықты. Ауылдың қарасы көріне қоймаса да, ит даусын есіткен аттар енді, тіпті ықыластанып, аяғын ширақ алып сыдырта жөнелді. Бұл шақта тықыр түгі тегіс терлеп, буланып алған. Козлода отырған жігіт көбіне қос құланың тас төбесінде шаншылған құлағын, дір-дір еткен жалын, буланған қазан бетіндей тер бұрқыраған жалпақ сауырын жоғарыдан көріп келеді. «Басқамалдай емес, жануар, жылқы ауылды адамдай сезеді - ау! Ана қарашы, қамшы салғызбай желіп кеткенін», - деп ойлап, ақи көз жігіт ат мінезіне сүйсініп қояды.

Сеңдей тұтасқан сіреу қарды мықты аттар күтірлетіп бұзып келеді. Енді аз қалды. Ілгергі жақта көрінген, әнебір қыранға шықса, арғы жағында бай ауылдың қыстауы тиіп тұр. Күні ұзын мал жайымен жүрген малай қатындар, Құдай біледі, қазір қолы босап, қазанға ас салып, маздатып от жағып, үй ішін көңірсітіп қойған болар. Ауылға келген бойда бұл қос құланды қораға кіргізіп, жылы жабулап қақтарып тастайды. Сосын қолы босайды. Сосын... Сонан соң... Сонан соң, ой, несін айтасың, үш күнгі жол азабын ұмытып, мырзамен бірге жылы, жарық үйде сұр еттің иісімен демалып отыратынын ойлап, ақи көз жігіт әлден көңілдене бастады. Ән салғысы кеп кетті. Ән салуға тек қасындағы екеуден қаймықты. Әсіресе, Тәңірбергеннен көбірек қаймығады. Тәңірберген қасына ерген қарашаларын бойына онша жақын тартпай, үйде де, түзде де белгілі бір мөлшерде ұстап отыратын. Өзге кісілермен өзінің арасына әрқашан шекара қойып, ар жақ - бер жақ қып ұстайтын тәртібі қатты жігіт еді. Ол тек осындай жолға шыққанда шұғыл өзгеріп, тап жаңа... жаңа ғана қыз қойнынан шыққандай, көңілі жадырап, әзілшіл, әңгімешіл боп, салт жүрсе жол бойы жарысып - жарысып алатын - ды. Осы жолы... Иә, осы жолы не болғанын қайдам, шанасына өлік салып әкеле жатқандай. Жол бойы жұмған аузын ашпады. Кейде шанадан түсіп қалған жоқ па деп ойлап, ақи көз жігіт артына бұрылып қарайды. Бұл қанша қараса да Тәңірберген де, Ебейсін де басы бауырына түсіп келе жатады. Жеңіл шана сіреу қарды төс темірмен сыр-сыр тіліп, ағызып келеді. Ауық - ауық шана қар астында көміліп жатқан әлде бірдеңеге бауырын соғып, шайқалып кеткенде қатар отырған екеу қосыла шайқалып иықтарының басы қағысып қалады. Екеуі де сүлесоқ. «Ауылға келіп қалдың », - деген бұның жаңағы қуанышты даусына да селт етпеді. Әсіресе, темір-терсек жиятын жігіттің түкпен ісі жоқ. Қабағы салбырап, қалың беті қабарып меңіреуленіп алыпты. «Енеңді с... , - деді ақи көз жігіт ішінен, - шен тимеске шен тиюін! Алды-артыңнан жел ызғып, күні бойы қоқырайып козлода отырсаң, сонда көрер едім сенің әуселеңді».

Аттар кеме қарды әлі де күтірлетіп, омбылап келеді. - Ойпырым - ай, қыстың репеті қандай жаман?! - деді ақи көз жігіт.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий