Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сыр мінез Бибіжамал бүгін олжалы қайтқандарын біліп, қазанға су құяды. От тамызады. Күні бойы терезесі қырауытып тұрған мұздай үйдің ошағында от маздап, аш кісілердің жүдеу жүзіне қан жүгіреді. Олжалы қайтқан күні Судыр Ахмет өзін тежемей, оңды-солды лепіріп, ара-арасында шықылықтап күліп, шалқып отырғаны.

− Қатын, тарықпа! Құдай қаласа, оразаның тұсында өзіңе қыстық азықты жиып берем. Тек ерте бастан күтініп, қаптарыңды әзірлей бер.

* * *

Ертеңгі шайдың дастарханы жиналғалы әлдеқашан. Енді түс те таяу. Сырттағы сықырлаған сары аязға қарамай, төбеге келіп қалған күн терезеге төніп, жайдақ бір бөлмені жадыратып жібергісі - ақ келіп тұр. Бірақ Сүйеу қарт зәрлі. Көз алабы қызыл. Ар жағында қандай да тұтай алмай, түтігіп тұрған ашу бар. Ертеңгі шайды ішкесін де орнынан қозғалмай, тіп - тік боп тура алдына қарап отыр. Ақ кірпікті анда - санда бір қағады.

Кемпір аз ғана малдың астын жайлап, енді түскі астың жабдығына кіріскелі жатыр еді; әлі күнге өздігінен отыра алмайтын болғасын айналасын көрпемен мүйеттеп қойған кішкентай Әшім әжесін көре сала талпынып, қолын созып жылай бастады.

─ Ой, заржақ!.. Даусын қарашы... Тұп - тура шекеңнен шығады. Аузына құм құйып қатыра қояр ма еді өзінің, - деді Сүйеу кірпідей жиырылып.

Кісі баласы түгіл, өз балаларына еміреніп көрмеген-ді. Балалардың ішіндегі кенжесі болғасын Ақбаланы кішкентай кезінде жақсы көрді. Онда да оңаша - оңашада қасына шақырып, бауырына қысатын да құшағын тез жазып: «Бар! Бара ғой!» - деп қоя беретін. Тек кейде сірә бір жаны елжіреп жақсы көргенде де бетінен сүймей, құр иіскелеп, көйлегінің омырауын құшырланып шайнап-шайнап тастаушы еді.

− Жұбат!.. Жұбат, ана жағына жылан жұмыртқалағырды!

Кемпір баланы қолына алды. Шалына көзінің қиығын да салмады. Кәрі көңіл қатты қалған. Анада Тәңірбергеннің арнап жіберген кісісіне қамшы ала жүгіріп, сабап жатқанда бұл арашаламақ; боп шыр - шыр қағып еді, шал бұның өзін қоса сабады. Кемпір таяқ жесе де сол арада тілін тартпап еді. Ертеңгі күні Тәңірберген өшін Ақбаладан аларын ойлағанда қарт ана тіпті не болғанын білмей, ойбайлап шашын жұлған - ды. Қазір бұларға көршілер де қатынамайды. Бұрынғы әдетпен жазатайым келе қалған кісілер шалдың түрінен жасқанып, темір істік ұшында отырғандай қипақтап - сипақтап ізінше тез шығып кететін.

Кейінгі кезде салық көбейді. Халық бір салықтан құтылып «уһ» деп дем ала бергенде, ояздан жаңа жарлық келеді де, старшындар, болыстар жаны қалмай, екі етегі далпылдап шаба жөнеледі. Жауыр аттай ығыр болған халық қыр басынан қара қылт етсе де, иманы таяқтай болып: «Ойбай, салық келеді», - деп зар қағып қоя береді. Салық көбейіп, алудың аты көбейгелі халық бірін-біріне шатыстыра бастады. Ел іші кейін оның да әдісін тауып, салықтың әрқайсысына ат қойып, түстеп - таңбалап, алатын болды. Биыл, мәселен, қыс түскелі «ақ қой» салығы шықты. Үй басына он-он бестен жиған қойды қыс ішінде қалаға айдап апара алмайтын болғасын қан-жоса ғып сойды. Терісін сыпырып алған қойларды ақшұнақ аязда аппақ қып қатырып шанамен қалаға жөнелтіп жатқан-ды.

Түс кезінде Ебейсін кірді:

− Салаумалекум...

Қақ төрде отырған Сүйеу қарт оған сыртын беріп, иығындағы шапанның етегімен тізесін қымтап астына басып алды.

Ақсақал, үй басы екі қойдан..

− Салық па? Ол қандай салық?

− «Ақ кой» салығы.

− «Ақ қойды» алып болған жоқ па едіңдер?

− Еселеп түсті.

− Сендерге бір жеген аз болды ма? Енді еселеп жейсіңдер ме? Жерсің!.. Жерсің!..

Ащы даусы қақпанға түскен күзендей шақылдап, әр сөзін ашумен, ызамен үзіп - үзіп айтты.

− Ал!.. Ал!.. Ақ қой аз болса қара қойды ал... Қоса ал!.. Қосақтап ал!.. - деді де, тыйылды. Енді қайтып үндемеді. Осы ашу келесі күні де тарқамай, қан-сөлсіз аппақ беті қатты жыбырлап отыр еді. Кенет ол сыртқа күл төгуге бара жатқан кемпіріне тоқта дегендей белгі берді. Қайырылып тұрған кемпірге көзін салмай, қырын қарап отырып:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий