Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дәл осы кезде есік ашылып, мойнына ат дорба салған сегіз - тоғыздағы бала басын ішке сұға түсті де, дереу кейін тартып алды; осы қазір баланы итермелеп ішке кіргізіп жіберіп, өзі жалт беріп сыртта үюлі жатқан отынның ар жағында тығылып тұра қалған Судыр Ахмет тасадан дедектеп жүгіріп шықты:

− Не болды? Не боп қалды?

− Жылап жатыр.

− Кім?

− Бәрі... Бәрі жылап жатыр.

Судыр Ахмет үй жақтан шыққан тарғыл дауыстарға құлақ салып селтиіп тұрды да:

− Ә - ә - ә! - деп басын изеді, - кемпір әл үстінде жатыр еді. Дұрыс... дұрыс! Иманы жолдас болсын... Жүр... Жүр, кеттік! Мына арадағы Әліби аулына барайық!

− Иттері қаппай ма?

− Қаппайды. Қасыңда мен жүргенде неден қорқасың?

− Қайыр - садақа бермесе қайтем?

− Тек, тек әрі! Басқа кезде бермегенмен, ауызашарда жұрттың қолы ашылып кетеді.

Биыл қораға кірерде Судыр Ахметтің жалғыз атын қасқыр жеген еді. Оның үстіне қарап жүрмей балықшылармен түс шайысып, әсіресе, апыр-ай... Апыр-ай... жазған басым - ай, көтті жуан белден қысып, жөніме қарап жүрмей, қазіргідей абыржының тұсында үй іші қазан қайнататын үнем таппай, тарығып отырғанда ауыс - күйісі мол Мөңкені ренжітіп алғаны... Қап, қап, не қыласың?.. Бәрінен бұрын осы жағдай бұның жанына қатты батты. Дос үйірсектеп бауырына тартқанмен, бірақ ана қара пәледен не шықсын? Енді, міне... күнбе - күн қазан қайнатып отырған асымдық балықтан қағылып, бала-шағалы үй үйітіліп отыр. Кей күндері мұздай үйде бұратылып аш жататын боп жүрген-ді.

Басқа амал қалмағасын осы ел ораза ұстағалы Судыр Ахмет үлкен баласына жарапазан айтқызып жүр. Жоғалып кеткен торы аттың жем дорбасын баланың мойнына салады. Сосын баланы қолынан жетелеп жүріп, аяқ жетер жердегі үйлерді аралатып шығады. Қабаған иті бар үйлерге қараңғы түскесін өзі ертіп апарады. Иттерді қақпа шекпеннің шалғайымен жасқап, тартыншақтап аяғын баспай тұрып алған баласы бар болғырға:

─ Бар, бар! - деп ішке итермелейді. - Ұялма! Жарапазан айтқан сауап. Сауабы шаш етектен. Мойныңдағы бір парызыңнан құтыласың. Ойбай - ау, оразада айтқан жарапазанға қай мұсылман қуанбаушы еді?!

Бала беттемей, шегіншектей түседі. Жас болса да түйсігі бар бала ораза ұстағалы күні бойы нәр татпай, ауызашарға өзегі талып жеткен жұрт алдына келген асқа жаңа отыра бергенде сыртта ит үріп, іле-шала сықыр етіп есік ашылып, ар жағынан қылқиған мойнына ат дорба ілген қайдағы бір заржақтың келгенін қайдан ұнатсын?! Асқа жаңа ғана аузы тиген кісілер түсіне бермей тыжырына қалатынын бала байқап жүрген-ді.

− Әке - ау, бір жан қуанбайды. Мына сор маңдай қаңқылдап болды ғой... дорбасына қос уыс қара тары сал да шығарып жіберші дейді.

− Ә-ә, сүйдей ме?

− Сүйдейді.

− Десе дей берсін. Ал, сен олардың... дінсіз кәпірлердің сөзін тыңдама. Жарапазаныңды айт, садақасын ал... Сосын шық та жүре бер.

− Иә, қойшы...

─ Қойы несі? Қаршадай болып алып өзің не қылған тілазарсың? Бет моншағың үзіліп кете ме? Қыз емессің ғой сен. Бар дегесін бар! Қалай бастау керек екенін ұмытқан жоқсың ба? «Бір келген он екі айда жарапазан...»

Судыр Ахмет сыртта, отын тасасына тығылып тұр. Әкесіне жалтақ - жалтақ қараған бала кешкі от сәулесі терезе әйнегінен жылт еткен үйге қарай ықылассыз аяқ басады. Ақ пен қызыл арасында ауыз ашып жатқан кісілердің үстіне именшектей кіреді. Алдындағы асқа басы түсіп кеткен кісілерге назарын көтермей, есік алдында тілерсегі дірілдеп тұрып суыққа қарлыққан жіңішке дауыспен әлгінде әкесі үйреткендей: «Бір келген он екі айда жарапазан...» - деп көзінде жас мөлтілдеп тұрып алғасын, қайсыбір рахымы түскен үй жүдеу баланы аяп, қос уыс қара тары береді. Кей үй Қарақалпақтан қалашылар әкелген бір көзгелдек жүгеріні баланың мойнындағы дорбаға сап, бұлар Құдай қалаған күні ат дорбаны толтырып қайтады. Ат дорбадан ауысқан бірдеңе болса Судыр Ахмет шекпеннің шалғайына салып, әйеліне сырттан дауыстап, сүріне - қабына ішке кіреді:

─ Уа, қатын... қайдасың? Ыдысыңды даярла!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий