Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Келінге жолық... Қазір жолық... Жылы толды. Көңілінде қандай ойы бар екен?.. Біл! -деді.

Үсіп өлген Итжеместің әйелі артын күтіп әлі жесір отыр еді. Келінін абызынан шығарғысы келмеген Сүйеу өздеріне қараған жігіттердің ішінен ноқтаға толық біреудің етегінен ұстағағанын тәуір көретін. Шалымен жанжалдаса бергісі келмеген кемпір Әшімді көтеріп келіншекке барды. Келіншек істеп жатқан шаруасын қоя салып, Әшімді қолына алды.

− Шырағым, мені атаң жіберді, - деді кемпір, - не ойы бар екен деп сөз салып отыр.

Келіншек бұны күтпеген еді. Бүйректей бұлтиған беті ду етіп, іш толқыны өртеген жүзін Әшімге тасалады. Біраз үнсіз отырып, көз жасын сүртіп, көңілін басқасын:

− Ерте ме, кеш пе, осы сөздің алдымды тосарын біліп едім. Мен не дейін? Ене - ай, мен мұңдықтың қойным құтсыз болды ғой. Қайныңмен алты ай отасқанда бойыма бір шала сүйектің бітпегенін айтсайшы. Мына құсаған бір шаранам болса, - деп құшағындағы баланы бауырына қысып,- байсырап бара жатқан мен жоқ. Қайныңның қара орнын құлатпай, ақ некемді осы оттың басында ақтап өтер едім ғой, - деп еді.

Қарт ана қосыла жылады. Жалғыз қыздың басындағы қасіретке жаны қиналған ана осы күні әбден көңілшек болып алған-ды. Басындағы жаулықтың шетімен аузын басып, дыбысын шығармай ішінен тынып біраз отырды. Мына уыздай жап-жас келіншекті аяды. Оның кешегі жаман Итжеместі ұмыта алмай, арманы үздігіп жүргеніне таң қалды: «Еркектей емес, әйел байғұс жар қазасын ұзақ жоқтайды ғой. Еркек шіркіндер ғой опасыз. Көзі тіріде бақа бас еркектің алтын басты әйелді аяққа басып, үстінен жүріп, өлгесін де төсектегі орны суымай жатып, сұқақтап әйел іздейтінін қайтерсің бұлардың?..»

Шерін тарқатып жылап алған екі әйел етті үнсіз жеді. Үнсіз отырып шай ішті. Сонан бір кезде қарт ана Әшімді көтеріп кеткелі жатқанда келіншек:

− Сөз сала келген екенсіз... Сізден бүгін қалғанның реті болмас, - деп қысылып, көзін төмен салып тоқтады, - бір қайныңа көңілім ауады... Бірақ басы бос емес, әйелі, бес баласы бар.

Кемпір жақтырмады. Әйел үстіне барған Ақбаланың көрген күні есіне түсіп:

− Ай, қарағым - ай, жастықпен айтасың ғой. Әйтпесе, көңілің қалаған кісі қолыма тиді екен деп, басыңа сор жамап қайтесің?! Бір еркекке телінген екі қатын бір аяқтан ас ішкен екі қаншық емес пе? Етегіңе оратылып жатқан балаң жоқ, өзіңдей соқа бас біреу табылар. Бұл ауылға айналма. Өзіңнің қор болмас жағыңды ойла! - деді де, шығып кетті.

Сүйеу қарт үйде екен. Ол үстіне кірген кемпіріне кірпік қақпай шаншыла қалды.

− Келіннің сыңайын байқадым, - деді кемпір.

− Иә, не деді?

− Бізге қарағаннан ешкімді қалап отырған жоқ.

Сүйеу осқырына мырс етті. Кемпір жесір келіншектің ендігі тағдыры осы кесір шалдың қолында екенін білді. Сүйеу үнсіз. Бір бүлікті бастардағы әдет. Соны білген кемпір:

− Сүйінші... Қызың ұл тауыпты! - деп осыған дейін оны аяп, жасырып келген хабарды ашу үстінде айтып салды.

Сүйеу жалт қарады.

− Неге тесірейесің? Сенбесең бар, көршілерден сұра! Бұл жиен баланың аты -Құдайберген көрінеді, - деп, ақырындап отырып ащы тілін ызақор шалдың жанды жеріне сұғып-сұғып алды.

− Не дейді?.. Не деп отыр мына найсап? - деп Сүйеу кемпірінен көзін тайдыра берді. Осыдан кейін сүт пісірімдей үнсіз отырды да, бір кезде тағы да осқырына мырс етті: -Құдайберген дейді? Бұл күшігі - Құдайберген... Әкесі - Тәңірберген. Ал!.. Ал, әнебіреулері - Алдаберген... Жасағанберген... Әй! Әй, Абыралы әулетін Құдай береді... Алла береді... Тәңір береді... Жасаған береді... Әй, сонда біздің балаларымызды кім берді екен? О несі әй? А? А?

Кемпір тысқа шықты. Сүйеу қарт әлгіден кейін тағы да ұзақ үндемей, ішінен булығып қалғандай еді. Кемпір кеткен бойда тез түрегелді. Қарды сықыр - сықыр басып ұзап бара жатқан кемпірдің аяғының дыбысына құлақ сап отырды да, бала жатқан кереуетке жетіп барды. Қызыл көз, теке сақал шалды көргенде бала дәл бір жылан шаққандай шар етті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий