Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сүйеу жиен немересін жылағанына қарамай, тас қып бауырына қысты. Қатты көңіл күрт сынып, құлап түсті. Ол енді өзін де, жасын да тежемей өкіріп жылады.

− Сорлы бала... Жетімек... Жетімегім...

* * *

Соның ертеңіне Есбол қария келді. Есбол бұл өңірге қарағанның үлкені. Және сирек көретін сыйлы кісі болғандықтан Сүйеу қарт оған ерекше ықылас білдіріп, сыртқа шығып күтіп алды.

− Кемпір, от жақ. Қазан көтер!

− Сүйеу қарағым, үй ішін әбігерлеп қайтесің? Кісі қартайған сайын барған үйінің қазанынан бұрын әуелі қабағына қарайды. Көңіліңді білем ғой.

− Көңіл қонақасы болмайды.

− Қой, қайтесің...

− Жоқ! Жоқ, тіліңді алмаймын. Және жаман інің қонаққа қазанын билетпейді.

− Ой, сөзің бар болсын, - деді Ербол қарсыласқанның қажетсіз екенін біліп, шиқ - шиқ күліп.

Қолы ашық Сүйеу табан аузында бір тоқтысын сойғызып, жарты етін қазанға салды. От жағып, қазан көтергенсін - ақ қонақ күткен үй көңілденіп сала берді.

− Есаға, ауыл - ел аман ба?

− Шүкір...

− Қыста қыдырмаушы едің. Қандай шаруа қозғады екен деп отырмын.

− Рас, кейінгі жылдары көршілеріме де қатынаудан қалып ем. Не сұрайсың, жапырағы түсіп, бұтағы сынып сида болған кәрі еменнен қуат қайтқан. Көз көрмейді... Сырқаттана беретін болдым.

− Е- е! Күлге шөккен кәрі бура болдық қой.

− Мендей емес, сен әлі шымырсың. Әрі жассың ғой. - Екі қария осыдан кейін біразға дейін әрқайсысы өз ойымен оңашаланып, алдарына келген шайды үнсіз ішті. Есбол қария Сүйеуге көз қиығын бірер тастады. Бұл осы жолы бастасына бір оқшау шаруамен келіп отыр еді. Бір ай бұрын Ақбала: «Әкемнің бетін жұмсартып берсін», - деп бұған әдейі сөз салған-ды. Есбол Еламанға ең жақын туыс болса да, түптің түбін ойлаған жағдайда осы елдің сөзін ұстаған сыйлы қария және қаһары қатты қатыгез әкеге сөзі өтетін жалғыз адам осы болғасын, бұл Ақбаланың қиналғанда ойлап тапқан ақылы еді.

Есбол қария Сүйеудің көңілді отырғанын байқап: «Іншалла, жолым болар», - деп ойлады. Шай ішілді. Дастархан жиналды. Бастас кісілер екеуден екеу оңаша қалған бір кезде Есбол қария әдейі келген шаруасын тура айтпай, алыстан, арыдан орағытып келе жатыр еді, қызының атын есіткенде Сүйеу шаңқ етіп:

− Атама!.. Атама кәпірді!.. - деп ақ кірпігін қағып - қағын қалды.

− Ау, жарқыным, әлі де айтар сөзім бар, әуелі тыңдап алсаңшы.

− Жоқ!.. Жоқ!.. Тыңдамаймын.

− Қой, Сүйеу, сені де жөн демеймін. Олардың қолында қызың отырғасын жауың шақырса да баратын ретің ғой.

Ендігі әңгімеге Сүйеу тіпті құлақ аспай, қонағына сыртын беріп бұрылып отырды.

− Қартайсаң да қаттылығың бәз баяғысымен қарап тұр екен. Апыр - ай, жан тозса да, ит мінездің мұқамайтынын қайтерсің?.. Илігетін түрің жоқ екен. Соны білсем де Ақбаланың мүшкіл халін есіткесін шыдай алмай келіп едім... Жә, амал қайсы, қойдым... Қойдым.

Майы таусылған жалпылдақ шамның жарығы әлсіреп, сәулесі түбіне түсіп тұр. Төрде отырған қонақтың сырт жағындағы жалғыз терезенің әйнегіне сабалап жауған қар қалыңдап түсе бастады. Үй іші жым-жырт. Сүйеу бармағына толтыра салған көк бұйра насыбайды екі танауына кезек тосып, күсілдетіп қатты-қатты тартады. Олар алдына келген асты да үнсіз жеді. Жаңағы әңгімеге екі жағы да енді қайтып оралмады.

Тек Сүйеудің кемпірі екі шалдың ұрысқан кісідей үнсіз отырғандарын ұнатпай:

− Інілеріңнен хабар бар ма? - деп қонағына тіл қатты.

− Шүкір, хат келді.

− Түрік жерінде соғысып жүр дей ме? Сол рас па?

− Рас.

− Алда пақырлар - ай! «Кебенек кигеннен түңілме», - деген. Бір күнгідей болмас, келіп қалар.

− Иә, тірі болғасын күдер үзбейсің ғой. «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі...»

− Біз де баласын өсіріп жатырмыз.

Екі інісін еске алса Есбол қарияның көңілі бұзылып қоя беретін-ді. Еламаннан қалған жалғыз нәресте сөз болғанда қария тіпті солқылдап кетті.

Сүйеу кемпіріне жалт қарады:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий