Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тәңірберген бұған да үндемеді. Шалқардан шыққалы әлденеге іштей қиналып келеді. Себебін ойлап таба алмаған жігіт «Ебейсінмен тағы да түс шайысып қалмады ма екен? » -деп ойлады. Әнебір тұста да бұлар түс шайысып, бірақ кейін, әсіресе, кешегі «ақ қой салығы» тұсында қайта табысқан-ды. Енді не болуы мүмкін? Апыр-ай, ә?.. Әрине, тегін емес. Қалай да бұларға жолға шығарда бір пәле көрінді. Қалада ұзағырақ жүріп қалған мырза ауылды сағынып, қаладан қашып шыққандай боп еді; жолға шығатын күні бұны таң қараңғысынан оятты. Бұл атып тұрып аттарды даярлап, мырза да асығыс-үсігіс оны -мұныларын жинап жатқан үстіне сүріне - қабына татар байы келді. Иә, иә, бар пәле содан болды. Есіктен кірер жерде сүрініп кетті. Мырзаның құлағына бірдеңені сыбырлады да, сосын басын қысып ұстай алды: «И- и, айтпа!... айтпа! Енді бәрі құрыды! Құрыды!» - деп зарлап, өзі тұрған жерге отыра кетті. «Не дейді? Өңім бе, түсім бе?...» - деді мырза. «Өңің... Өңің! Қазір жамандықтың бәрін өңіңде көресің... И - и, айтпа! Айтпа!» - деп татар байы опасыз дүниеден торыққандай, қолын сілкілеп шығып кетті. Мырза сілейіп тұрып қалды. Теміркенің шығып кеткенін де сезбеген сияқты. Жолға кигелі тұрған иініндегі қасқыр ішік сыпырылып түсіп кеткен. Ақи көз жігіт оған назарын тіктеп қарауға бата алмады.

− Ммыр - за...

− А?

− Жолға...

− Жолға? Ааа?.. Иә, иә, жолға. Кеттік!

Мырза есін жия алмай, өң мен түстей халде шанаға отырды. Жолға шығарда татар байдың не дегені белгісіз. Не де болса, жан түршігетін сұмдық. Ақи көз жігіт сол сұмдықтың ішіне қалай сыйып келе жатқанына таңданып, жол бойы білдірмей, артына бұрылып мырзаға қарап қояды. Мырза үнсіз. Жоғары көтеріп алған қасқыр ішіктің жағасына басы кіріп кеткен. Жол бойы қонған, түстенген ауылдардың қолға қарап қалған малдары қысқа дайындаған аз ғана шөпті әлден жеп қойғанын көрсе де, оның бәрі осы келе жатқанда оның ойын бөліп, қаперіне кіріп те шықпаған сияқты еді, тек ауылдың төбесі көрінгенде басын көтерді.

− Апыр-ай, жағдай қиындап кетті - ау, - деді Мырза. Бұны да өзіне, әлде қасындағыларға айтқаны белгісіз, Шалқардан шыққалы алғаш рет еңсесін көтеріп төңірегіне көз тастағаны осы, - түбі қалай болар екен? Тақырға отырып қалмасақ не қылсын?

− Тақырға отырған шығармыз, - деді Ебейсін. Тәңірберген «не дейсің?» дегендей оған тіксіне қарады.

− Патшаң құласа - тақырға отырмағанда қайтеді?! - деді Ебейсін.

Тәңірберген қасында қатар отырған жігітке бұрылып, таңданып ұзақ қарады. «Сен оны қайдан есіттің?» - деп сұрағысы келді де, ол ойдан тез айныды. Жолға шығарда Теміркеден есіткенде өзінің иманын ұшырған сұмдық хабарды мынаның темір - терсек жөніндегі әлдебір алыс-беріс бірдеңені айтқандай бетінің бір жері бүлк етпегенінен шошып еді.

Бұлар ақ пен қызыл арасында ауылға жетті. Иттер алдарынан үріп шықса да, ауыл адамын көргесін құйрығын бұлғап жөніне кетті. Ақи көз жігіт мырзадан қай үйге түсеміз деп сұрамады. Анадағы Сүйеу қарттың жанжалынан кейін мырзаның көңілі Ақбалаға қатты суыған-ды.

− Бәйбіше, шүйінші. Мырза келді, - деді ақи көз жігіт. Тәңірберген жақтырмады. Алдынан күлімдеп шыққан бәйбішеге назарын салмай, бойын салқын ұстап сызданып ала қойды.

− Төсек сал! Қасымда кісі бар...

− Мынау ма? Ой, Құдай шебер - ай, кісі деп қомпитқанға қаладан біреу еріп келген екен десем... Ебейсін бе еді?

Ебейсін бойын жеңілдеп төрге шығам дегенше, қалашы келген үй қапелімде кісіге толып кетті.

− Ебейсін қарағым, әңгімеңді айта отыр. Қалаңда қандай жаңалық бар?

− Тыныштық.

− Базарда не арзан, не қымбат?

− Патша... қалай?

− Патша аман. Мені сұраған жанға сәлем айт деп жатыр...

Жұрт ду күлді, тек Ебейсін міз баққан жоқ.

− Ебейсін қарағым, соғыс бітетін бе?

− Е, бітіріп қайтесің?

− Шырағым - ау, соғыстың салмағы бізге түсіп тұрған жоқ па? Азаматымызды қозыдай көгендеп әкетті. Алым-салығы да үстінен жонып жеп отырған мал - тегенемізден ада ғып барады. Осының бәрі соғыстың лаңы емес пе?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий