Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− О, сорлы!.. Бала ма саған?! Әй, қатындар, неғып тұрсыңдар, баланы алыңдар!

− Жақындамаңдар! Бермеймін баламды.

Бәйбіше сып беріп сыртқа шығып кетіп еді, кідірмей қайта кірді. Қасында еңгезердей екі жігіт.

− Әуселеңді енді көрейін. Баланы тартып алыңдар! - Бәйбішеге еріп келген әлгі екеу Ақбаланы екі жағынан тырп еткізбей ұстап тұра қалды. Бәйбіше насатты жүзбен қайқаңдап келді де, Ақбаланың қолынан сырқат баланы шырылдатып тартып алды.

− Жауыз - да - р - р!..

Екі жігіт Ақбаланың қолын артына қайырып ұстады да дедектетіп сыртқа алып шықты. Екеуі де үнсіз. Сол үн-түнсіз күйі ауыл сыртына әудем жерге апарды да, ақырын, бірақ бет бақтырмайтын қатал нығыз үнмен:

− Жеңеше, енді тыныштықпен ың-шыңсыз жөніңді тап! - деді.

Күн бүркеу. Көктен қадау - қадау қар түсіп тұр. Кешке қарай жауатын түрі бар. Бірақ Ақбала қазір оны сезіп те, байқап та келе жатқан жоқ; жаңағылардың қалай кеткенін де білген жоқ-ты. Ауылдан ұзай бергенде түйе мінген бір бала артынан қуып жетті:

− Жеңеше, апарып тастайын.

Ақбала ләм-мим демей, жөніне тарта берді. Бала түйесін тайрақтатып кеп Ақбаланың о жағына бір, бұ жағына бір шығып, түк бітіре алмағасын алдына өңгерген бір бума нәрсені жерге топ еткізіп тастай салды.

− Киімдерің.

Ақбала оған да мойын бұрмай, қалың қарды омбылап, бет алған жаққа қарасы ұзап кетіп бара жатты.

* * *

Патша тақтан құлаған хабар қазақ даласына тез тарады; қыс айында кісі аяғы жете қоймайтын алыс ауылдарға да осы хабар дүңкілдеп естіліп жатты. Сонан бері талай уақыт өтсе де, ел іші дауыл соғып өткен теңіздей дабырасы басылмады. Күн санап жаңалық хабар үйден үйге, елден елге тарап, жұрт «енді не болар екен» деп елеңдесіп отыр еді. Қаладан келген кірешілер: «ел билігін уақытша үкімет қолына алыпты», - деп, тағы бір тосын хабар жеткізді. Бір үкімет дұрыстап билей алмайтын болғасын ендігі жерде елді қос үкімет билейтін бопты деген қауесет те гу-гу. Ел іші тыныштығынан айырылып, елеңдеп отырғанда бір күні кешегі жылы приемға алынған қазақ жігіттері елге қайта бастады деген сыбыс шықты. Сол күні ақ пен қызыл арасында қаладан Тәңірбергеннің кірешілері келді. Ауыл адамдары жиналып қалды: кірешілердің ішке кіріп бой жылытып алайық дегеніне қарамастан тұс - тұстан сұрақты жаудырып жатыр:

− Уақытша үкімет қалай?

− Іншалла, патшадан жаман болмас.

− Әй, патша жұмысына алынған жігіттерден не хабар бар? Елдеріне қайтара бастапты деген не?

− Сондай сөз бар...

− Келген адамдар жоқ па?

− Бірлі-жарым келіп жатыр деп те есіттік.

− Апыр - ай, мынау бір жақсылық екен! Қуанышты халық кірешілерге ілесіп үйді-үйге кіріп, түннің бір уақытына дейін жатпай гу-гулесіп, әркім әр түрлі топшылаулар айтып жатты.

ЕКІНШІ БӨЛІМ

Еламан кір-кір шинельдің жағасын көтеріп алған. Еш жерге тоқтамай құйғытып келе жатқан пойыздың орта тұсындағы қызыл вагоннан мойнын созып, ілгергі жаққа қарап қояды; көп ұзамай Ұлпан стансасының үйлері көрінді. Ар жағында Шалқар тиіп тұр. Пойыз Ұлпанға тоқтамайтын сияқты еді; Еламан да тоқтамағанын тілеп тұрған; стансаға қатарласып келе бергенде, қатты келе жатқан пойыз кенет табанын тірегендей салдыр -күлдір тоқтай қалды. Қашан жүретінін ешкім білмеді. Кейінгі жақтан тағы екі пойыз келіп, екеуі де тоқтамай тұра Шалқарға тартты. Киімі жұқа Еламан кешке салым тоқып бүрсеңдеп жүр еді, жол бойында істейтін бір қазақ кездесіп, үйіне ертіп аларды. Еламан жуық арада жылына алмады. Ыссы астан кейін үй иесімен әңгімелесіп отырып қалай ұйықтап кеткенін өзі де сезбеді. Ертеңіне кештеу оянды. Үй иесі пойызға отырғызып жібергісі келсе де, Еламан көп күтіп қалармын деген оймен тез кеткісі келді.

− Жаяу кетпексің бе? Қиындық көресің ғой.

− Қайтер дейсің? - деді Еламан.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий