Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

─ Көйлегің кірлеп кетіпті, шешіп бере ғой, жуып тастайын, - деп күндес әйелдің әдеттегі тіл тапқыш сиқырлығына бақты.

Кенжекейдің өңі сынық. Қазір оның балалары да бұйығы. Бұрынғыдай анасынан жоқты сұрап, жөнсіз қыңқылдамайды. Осы үй анасын шеттетіп жүргенін сезген бала күн санап реніш пен ызаны ішіне жиып, дықтанып өсіп келе жатқан-ды.

Кенжекейдің қазір күйеуіне әбден көңілі қалған. Күндіз үй ішінің күйбең-күйбең шаруасымен күн өткізсе де, түнемелікке қарай осы күнгі өзінің басындағы қорлық халге азарланып, ызаға булығып, жүрегі жарыла жаздап жатса да, бірақ; дыбысын шығармай, жас сәбиін бауырына қысып алады. Ол, әсіресе, өткен түні таң атқанша ұйықтай алмай, күйеуі мен күндесі жатқан жаққа құлағын тігіп, қасіретке уланып жатыр еді. Бір ыстық қол басынан сипап, үнсіз жақындай берді. Кенжекей дір етті. Бауырындағы баланы тастай салды да, түн жамылып келген әлгі ыстық қолды шап беріп ұстай алды:

− Сен бе?

─ Тсс. Ме - меее...

Қараңғыда жүзін көре алмады. Даусы да сыбырлап шығады: тек ыстық демі, тыныс алғаны бір түрлі. Ауа жетпей бара жатқандай танауы шуылдап келіншектің қойнына кірді. Ыстық демі әйел денесін өртеп барады. Төсек тарлық еткендей өз бойымен Кенжекейді іргеге ысырып, салған жерден қызылға түскен бүркіттей, ай - шайға қаратпай тықсырып ала жөнелді. Басқа кезде, бәлкім, Кенжекей мына қимылдың сөлекеттігін білер еді. Осы жолы қу нәпсі бұның өзінің де құлқынын құртып баратты ма, сөніп қалған жалынды қайта тұтатып, қойнына кіріп келе жатқан еркекті құшақтай алды:

− Сенсің бе?

− Ииее... мее...

− Көз жасым саған да жеткен екен ғой...

─ Иәәә... сеетт... Ке - кееллдім... сееңешее...

Кенжекей шапшаң серпіліп іргеге тығыла қалды. Дір-дір етеді. Қалау енді ай - шайға қарамады. Әлгіден кейін іле - шала ұмтылып Кенжекейді қайта құшақтамақ болып еді; Кенжекей қорғаныш іздегендей, ірге жағында жатқан кішкентай балаға жабысты. Қалау оған да тоқтамағасын күйік көтерген әйел ұятты қойып:

─ Құдай-ау, - деп үйді басына көтере айқай салды. - Ендігі көрсетпегенің осы ма еді?! Бұл қай қорлығың?

Қалау тоқтар емес, арсыз өлермендікпен үнсіз ұмтылып әйелдің аузын басып, қолын қайырмақ болып еді, Кенжекей оны дәл кеудеден түйіп жіберді.

─ О, қара бет!.. Кет! Жо - ғал!

Қалау кереуеттен жерге дүрс етіп құлап түсті. Үй іші тастай қараңғы. Бір жан үндемеді. Төлеу де үнсіз. Кенжекейдің төсегінен не бары қол созымдай ғана жерде, кіші әйелдің қасында жатыр. Інісінің қылығын құптағандай тырп етпей жатқанына әйелдің жаны, әсіресе, қатты қорланып еді. Тар төсектегі жаңағы алыста оянып кеткен жас балаға да бұрылмай, жастықты бауырына басып құшақтап алды да, өкіріп жылады.

Ертеңіне Айғанша жеңгесінің қасына кеп жатты. Осы күннен бастап Айғанша үйде отырғанда Кенжекейге бұлардың ешқайсысы көз алартпады. Бұл үйде Айғаншадан ықпайтын жалғыз Қалау. Ол бүгін тағы да тосын ермек тапты. Тер алдында шалқасынан түсіп шалжайып жатып алды да, мұздай ошақтың алдында өзімен-өзі ойнап отырған Кенжекейдің үлкен баласына:

─ Әй, Өтес, пері кел! - деді.

Ағасының қолы батып қалған жеті жасар сары бала орнынан қозғала қоймап еді, Қалау жастықтан басын көтерді. Бірақ тұрған жоқ; тек төсегінен құйрығымен сырғып түсті де, баланы бір жұлқып, жалп еткізді.

− Менімен пірге туғаның рас па?

− Р - рас.

─ Онда сылама.

Өтеш жасын жұтып, дір - дір етіп тұр. Қалау енді оған:

─ Күл! - деді ақырып.

Өтеш жас мөлтілдеген көзімен ағасына жалына қарады.

− Ой, күсік, күл дедім ғой саған.

Өтеш ыржиды. Қалау осы балаға не айтса соның бәрін істете алатынына ырза болғаны сонша, таңырайған қос танау шуылдап, ыржалақтап күле түсті де, тағы да түсін тез суытып ала қойды:

─ Сен осы кімнен тудың?

Қарт әжесі Өтешті «сүт кенжем» деп емшегінен ерте айырып, өзінің бауырына басып еді. Өтеш Кенжекейден туғанын білсе де, бірақ өзінің бойындағы анаға деген ыстық сезімін сыртқа шығара алмай, үнемі ішінен булығып жүретін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий