Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жасағанберген күрк-күрк жөтеліп жүріп ішігін киді. Бөркін киді. Түрме белбеумен белін буды да, төр алдында міз бақпай сазарып отырып қалған ағасына көз салмастан сыртқа ата жөнелді. Есік алдында жатқан иттің аяғын басып кетті. Қыңсылап қалған итті қайырыла бере қамшымен тартып жіберді. Әлі де ашуы тарқамай, ызаға булыққан жігіттің ілелі арық жүзіне тарам - тарам қан жүгіре бастады. Дір - дір еткен қолымен жаңа ит ұрған қамшыны тобылғы сабынан қысып ұстады да, төңірегіне көз тастады. Төбеге кеп қалған шағырмақ күннің нұры жарқырап, жаз бойы мал жайылмаған қора маңының қау шөбі - теріскен, изен, жусан - ұзарып солып, күзгі жел астында дір - дір қағады.

Жас жігіт ағасымен екеуінің арасындағы әлгі бір түс шайысқан кикілжіңнен кейін ішке қайтып барғысы келмеді. Малай жігіт ерттеген атқа мініп, тазыларын ертіп жүріп кетті. Әуелі құм ішінен қоян іздеді. Онан ауыл сыртындағы қара адыр қат - қақты ат тұяғымен тасырлатып жортып жүріп, бұйраттан түлкі қақты. Бірақ аң қашпады. Жас жігіт те құлық қойып аң іздеп жүрген жоқ; күні бойы ерсоқты боп қалжыраған кезде Бел - Аранның басына шықты. Бұрын Бел - Аранды мұншалық биік көрмейтін. Осы даладан нелер жылдар жел - құзы мүжіп тастаған кішігірім жапырық шың көретін. Басына шыққанда кісі табаны жерден үзіліп, көкке бір- ақ көтеріліп кеткендей екен. Сол сәтте көз алдында жатқан осынау шетсіз - шексіз дала тіпті далиып, қол-аяғын созып жібергендей болды. Жасағанберген үнсіз сарылған мылқау далаға енжар қарап тұрды да атын тебінді. Әлі де болса ауылға қайтқысы келмей, ақ арғымақты жалғыз аяқ ешкі ізге салып, шық қабағын қиялап, теңіз жағасына құлады. Күн суытқалы теңіз беті бұрынғыдан да қатты түтігіп, зәрлене қарауытып ыңыранып жатыр екен. Қатар алдында су кәдімгідей қоюланып, дөңбектей - дөңбектей ауыр толқындар ақырын лықсып түйлігеді. Мұз айналған жағалау, тіпті толқымай, құр кілкілдеп ақ қаймақтана бастапты.

Жасағанберген бұған да ден қоймай, көз алдындағыларды сырттай салғырт сезініп, бытпылдың шоқалақ арасымен атын ақырын бастырып келеді. Шоқалақтың бірі - үлкен, бірі - кіші. Бәрінің басына жыңғыл өскен.

Сырт жағынан біреудің:

− Уай, бұл қайсысың? - деген даусы шықты. Жас жігіт ат басын іркіп тоқтай қалды. Жол жиегінде өзін тосып тұрған балықшы шалды көріп, жалма - жан аттан домалап түсе қалды. Мөңке осы жігіттің ана жолы урядник тергеуінде шыр - пыр боп Кәленге ара түскенін ұмытқан жоқ еді.

─ Шырағым, жасың кіші болғанмен, жолың үлкен. Құдай айдап ауыл үстіне кеп қалған екенсің, үйден дәм татып кет, - деді Мөңке.

Жас жігіт бұрын - соң балықшылар аулында болған жоқ-ты. Жерқазбалар оған көртышқан илеуіндей көрінді. Сол сезім ішке кіргесін де ойынан шықпады да, қол-аяғын көсіле алмай, етек-жеңін жинап бір уыс боп отыр еді.

− Балам, осы күні патшаның өз басы да әңгімелі болып жатыр деген не? - деді Мөңке.

− Рас, ақсақал.

− Апыр - ай, ә! Біз... мына қара халық жер басқан пенде де патшадан асқан мықты бар деп ойламаймыз ғой, жүдә. Көкте Құдай, жерде патша деуші едік. Балам - ау, сонда патшамен жауласып жүрген қай мықты?

− Патшамен бе?

− Иә.

− Қалай десем екен? Бір сөзбен айтқанда, ақсақал, төңкеріс болды.

− Төңкеріс?.. Патшаны төңкермек боп жүр ме?

− Иә, солай.

− Не қылса да олар да осал болмады ғой. Текті жерден шыққан шығар?

− Жоқ, олар осы өзіңіздей кедейден шыққан кісілер.

─ Солай ма? Е, онда патшаның бағы қайта бастаған екен. Иә, «Мың асқанға бір тосқан»...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий