Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Үй сыртына апарып ыққа қарата кілем қаққан, текемет, алаша қаққан қатындар. Үй мен үй арасында етегіне сүрініп, емпелеңдеген келіншектер. Сызыла басқан сәнді қыздар. Ақбала отырған ақ отауда әлдебір жақтан ғайыптан тайып келген хор қыздар, құрбылас келіншектер, абысын - ажындар. Дәл қазір, дәл осы бір қуаныш, қызық, шат - шадыманда бәрі бір аяға бас қосқандай; сықылықтаған күлкі. Сылдыраған шашпау, шолпы, сырға. Артынан артынып - тартынып әке - шешесі келе жатқан жас келіншекті әлгілердің бәрі қошеметтеп, бәрі құрметтеп, онымен бірге өздері де қосыла қуанып, әлден құттықтап, әлден шүйінші сұрап апақ - шапақ, мәре - сәре. Ақбаланы қуантпақ боп жүріп, онан бұрын олардың өздері қуанып күткен қонақтар шыныменен келіп қалғандай, көп зарықтырмай әне - міне келіп қалатындай, тап қазір қырға шықса ар жағында қарасы көрінетіндей, бәрі бірдей дүрлігіп сыртқа жүгіріп шықты.

Ақбала үлкен әзірлікті әке-шешесі келгесін істегенді жөн көріп, кейінге ірке тұрғысы кеп еді. Бірақ оған желігіп алған желөкпелер, жас келіншектер бой бермеді. Оны сыртынан билеп, соңыра қонақтар келгесін де үлгіретін шаруаға алдын ала ыссылай кірісе бастады. Олар Ақбалаға ақылдаспай, соңыра қонақтармен бірге болатын осы төңіректегі көңілдес, әтібірлі кісілерге әлден хабарлап, жан - жақтан алғыза бастады. Ең аяғы қонаққа соятын малдарды да өріске жібермей, оң босағаға байлап қойды. Пышақ қайраулы. Қазан асулы. Бұл ауылдың қазіргі даярлығы дәл бір қыз ұзатып, келін түсіретін ауылдың әбігерінен бір де кем емес еді.

Кешеден бері Ақбала ауыл - аймақтың алақанында. Бұрын бәйбішенің шашбауын көтеріп жүрген әйелдер енді онан сыпырылып шығып, балға үймелеген шыбындай бәрі Ақбаланың төңірегіне үйіріле қапты.

− Сал келіншек қандай сұлу?! Беу, бұрын көзіміз байлаулы жүрген бе? - деп кекселеу бір қатын Ақбаланың ажарына сұқтанып еді.

− Е, ол кезде сен нені көруші едің, - деп басқалары оған дүрсе қоя берді, - бәйбішенің шашбауын көтерем деп көзіңе шел бітпеді ме?

− Төбемізде тайраңдамадың ба?

− Иә, тілімді қышытпа, сен қатын.

− Ойбай-ау, ол күндестігінен істесін, бәрінен бұрын сенің, сен мұндардың зәбірің өтті ғой. Көрінбеші көзіме!

− Көрінбе!

− Ие, ие, кет! Көрінбе!

− Жоғал!

− Жоғал!

− Тұтақ!

─ Тұтақ!

Үй іші шаң - шұң болды да кетті. Ақбаланың ара түскеніне қарамай, көп қатын бір қатынды аластап қуып шықты. Өздері жек көретін қатынды қуу оларға дәл бір жау қашырғаннан кем болмай, у-шу, азан - қазан боп жатыр еді; кенет бір әйел Ақбаланың анадай жерде әңгімеге араласпай, қоңырайып отырып қалғанын көріп, қасындағы әйелді түртіп қалды. Ол арғы жағындағы бір әйелді түртіп, қайсысы қайсысын кінәларын білмей бір-біріне қарап беттерін бір-бір үзіп алды; басқа кезде болса бір сәрі; бетім - ау, масқара -ау, артынан артынып-тартынып, ырғап - жырғап әке-шешесі келе жатқан келіншектің қабағын кірбің шалған күпірлік қой! Сұмдық қой! Сұмдық! Сұмдық! Есі шыққан келіншектер құдды әлденеден үріккен құстардай орындарынан дүркірей ұшып тұрды. Сонан кейін де бір дәнге үймелеген әлдебір өңшең сарала қанат сайрауық құстардай, бәрі бірдей Ақбаланың асты-үстіне түсіп, үпір - шүпір бола қалды.

− Не арманың бар?!

− Иә, иә, арманы жоқ.

− Жер бетінде әке - шешесін сендей ғып күтіп алған әйел бар дейсің бе?!

− Осының бәрі мырзаның арқасы ғой.

− Соның арқасы!

− Піш - піш.

− Шу-шу...

− Несін айтасың, сал жігіт сен дегенде шығарда жаны басқа...

─ Иә! Иә, жаны басқа...!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий