Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Қой, әрі! Не істерімізді өзіміз білеміз. Жоғымыз жалғыз құла байтал ма? Сендерден Кәлен айдап әкеткен жылқының құнын тұтас өндіріп алғалы келдік, - деп әлгі жігіт ауыр үкімді де өзі айтып салды; қарсы дау айтуға, деректесуге келтірмей, Досты қысып, жан алқымға таяп бара жатты. Соны байқаған Тәңірберген:

─ Жә, менің малымды түгендеуші сен болсаң да қой енді, - деп әлгі жігітті тыйып тастады да, - адаспайтын адам жоқ, ол кезде Еламан мен Кәленнің бүлігіне біраз адамның ергені рас. Біраз жаманға жел бітіп, найзасы төбемізде шошаңдады. Талай малымыз жаудың тақымында кетті. Онан бірақ Тәңірбергеннің өрістегі малы ортайған жоқ. Құдай құрағанды адам шашып тауыса алмады. Қайтер дейсің, қарны ашқан күні құла байталды сойып жесе, ол аға - жеңгемнің маған істеген бір қазынасы шығар, - деп әлгі пысықай жігіт тарылтып жіберген дүниені Тәңірберген бір ауыз сөзбен кеңітті де тастады.

Қарақатын қуанғанынан жылап жіберді. Жаңа ғана жерге кіре жаздап отырған Дос та басын көтерді. Тәңірберген енді есік алдында иін тіресіп тұрған балықшыларға қарап, айрықша Мөңкеге қадалып:

− Ағайын, жылқыма жау боп тидің. Күшің барда аямадың, қолыңнан келгеніңді істедің. Бірақ, - деп, осы арада сәл іркіліп, айтар сөзін сабырмен салмақтай түсіп, - мен оларыңды білместік болар деп кешірдім, кештім, ағайын, - деп бұлар күтпеген кесім айтқанда, Дос үп-үлкен басымен ұшып түрегеліп, Тәңірбергеннің қолын сілкілеп, қос қолымен қысып:

─ Рахмет, қарағым, көп жаса. Күшке иілмейтін ағаңды бір ауыз жылы сөзіңмен жығып кеттің, жеңдің бізді, - деді көңілі босап, жыламсырай бастады.

Әңгіменің артын бағып тұрған Мөңке осы арада шыдамай, бір аттап алға шығып:

− Әй, Дос! Ат құнын кешкенге осынша жылағаның не, уа, азамат құнын арқалағандар да отыр ғой төріңде, - деп еді, жұрт тына қап, тегіс Тәңірбергенге қарады. Тәңірберген бұған дерек қайтара алмасын білді де, өзінің дәл осындай қысылған кезде істейтін машықты төсіліне басып, естімегендей елеусіз қалдырды.

Дос қай жағын ұстарын білмей, қиналған кескінде көзін төмен салып отыр еді.

─ Ой, жетесіз ынжық, - деп Қарақатын ұшып түрегелді, - сен ынжық болғасын бізді ит те, құс та басынады. Әйтпесе, сен мына жаман Мөңкені төбеңде тайраңдатып, үйіңе келген Құдайы қонағыңды тілдетіп қояр ма едің?! Ойбай-ау, жан адам жуымайтын үйіңе мырза жігіт үлкен басын кішірейтіп келіп отырған жоқ па? Достың көңілмен күнәңді... қандай ауыр күнәңді кешіріп кеп отыр. Жаман ит - ау, соны неге ұқпайсың?

Дос басын көтерген жоқ. Бірақ көрер көзге түсі бұзылып, қап - қара боп тұнжырап барады. Қарақатын одан сайын долданып, тұқырайып отырған байын түтіп жейтіндей қасында тепсініп тұрып алды. Таңа болмағасын ол енді Досты жағасынан жұлқылап зорлап тұрғызды.

─ Намыс бар ма өзіңде? Мына қақбасты қу, айдап шық үйіңнен!

Дос Мөңкеге тура қарамаса да, сүзетін бұқадай басын бауырына алып, бетпе-бет кеп түйіліп тұрып алды. Қарақатынның «қақбас» дегені Мөңкеге қатты батты; осы жасқа келгенше досы түгіл дұшпанынан есітпеген сөзі еді; әншейінде төбесінен таяқ айырмайтын жаман қатынын Достың осы тұста бетінен қақпай, өзіне қарсы шабалаңдатып үргізіп қойғанына тіпті ыза боп:

− Әй, Дос, мынауыңа қой дейсің бе, әлде маған кет дейсің бе? - деп еді, Дос морт сынып:

− Шық үйден! - деді ақырын, бірақ бет бақтырмайтын зілді үнмен. Мөңке оның қатты бұзылған түрін таныды; тілін алмаса, осы тұрғанда оның төбелесуден де тайынбасын біліп:

─ Ой, Құдай - ай, жігіт деп жүрсем, сенің де құның бір байталдық екен ғой, - деп Мөңке оған біртүрлі жиіркенішпен қарап тұрды да, бұрылып жүре берді.

* * *

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий