Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

─ Әй, бала, - деп Алдаберген софы енді асасының ұшын інісіне ызғарлана безеді, - уа, бетіңді бұр. Бермен қара! Бірге туған бауырластығымды сыйламасаң да, алдыңа сақалымды салып, үлкендік ете келіп отырмын. Рас, сен Сүйеудің қызына үйлендің. Құда түсіп қолынан алған жоқсың, оның аруағын аттап зорлықпен алып отырсың. Жә, оныңды, тіпті, құп дедік. Ежелгі бір жауымыздан есе алып бергендей көріп едік...

Тәңірберген бұл жолы да бастапқы міз бақпаған қалпынан қозғалмай, сұлу жүзі сыздап, шалқалап отыр. Алдаберген оның үндемегенін өзінше түсінді. Інім ұятын мойындаған екен деп кәрі софы енді тіпті өктемсіп, кең танауын көтере сөйледі:

− Сен немене, бүгінгі күні есіңнен танған сияқтысың. Қызын алдым деп, қу кедейді аулыңа шақырып жатқан көрінесің. Бізді сыйлайтын болсаң, ол қақпас шалды шақырмайсың. Ол- жауың. Жаудан жақындық іздеме. Осы отырған бар кісінің, мына қыздай алған жалғыз жарың бәйбішеңнің де өтініші бұл, - деп Алдаберген софы Ақбаланың өз аяғынан келгенін әдейі қағытып өтті.

Сыр бермей отырған Тәңірберген осы арада жаны ауыратын бір жеріне аңдаусызда біз сұғып алғандай, танауы әнтек дір етті. Қарасұр бәйбіше ертеден бері қыбыр етпей, қарсы беттен күйеуін бағып отырған-ды. Тәңірбергеннің жаңа жаны дір еткендей болғанын байқағанда оның өз жанын да біреу бұрап үзіп алғандай болып еді.

Алдабергенге еріп келген кісілер бастарын бауырына алып, мүлгіп отыр еді; сүйтсе олардың баққаны бар екен. Софы пәтуасын айтқанда олар да шұғыл құптап, бастарын шұлғып құнжыңдады да қалды:

─ Иә, біз саған салмақ салғалы келдік.

─ Бір тілегімізді берер деп келдік.

─ Сүйеу қартты аулыңа шақырып, кешегі болыс ағаңның аруағын аяққа баспа. Дұшпанға таба қылма!

Осы тұста Сүйеу қартқа жұмсаған кісі сөзге араласып:

─ Тәңірбергенжан, софы ағаңның сөзіне құлақ сал... - деп мәймөңкелеп келе жатыр еді, Тәңірберген күйіп кетті.

− Ой, жексұрын... көрінбе көзіме, жоғал! - деп, оның жасы үлкендігіне қарамай, жекіріп тастады да, есік жақта отырған өзінің атқосшысы - ақи көз жігітке иек қақты.

− Жинал. Сүйекеңе бар. Қызын қолынан ала алмадым. Кешірсін. Бауырынан шыққан баласын тастай ма, қызына келсін. Қол қусырып күтіп аламыз. Соңыра еліне ырза қып, ырғап - жырған жөнелтем. Сүйекеңе осы сөзімді жеткіз де, өзің бастап ертіп әкел!

− Құп, мырза. Өз сөзіңдей қып жеткізейін!

Ақи көз жігіт тұра жөнелді. Үй іші жым - жырт. Мынадан кейін бір жан қозғалуға қорыққандай, қыбыр етпей, отырған - отырған жерінде сілейіп қалған-ды. Дәл соның үстіне Ақбала келді. Иінағашын сыртқа қалдырып, екі шелек суды алды да, шолпысы сылдырап, сызыла басып ішке кірді. Үй толы кісіні ішке кіргесін көріп, бұл ауылға жақында түскен жас келіншек именшектеп қысылып қалды. Күндесі жаққа қарамауға тырысты. Төр алдында дөңбектей боп отырған көк сақалды, ірі денелі софыға бұрылып, көп ішінен оның бір өзіне ілтипат етіп, оң тізесін сәл бүгіп сәлем беріп еді.

─ О, бетпақ, көрінбе көзіме!.. Жоғал! Жоғал! - деді Алдаберген софы қолымен бетін көлегейлеп, сырт айналып.

Долылық буып, жарыла жаздап отырған бәйбіше өзін қостайтын адам шыққасын көтеріліп кетті:

─ Ойбай, ойбай!.. Мына тоқал... Қуарған қу тоқал жетті ғой менің түбіме, - деп дауыс салып далаға жүгіре шықты.

Ақбала құп-қу; кінәсін анық сезбесе де, мына кісілердің алдында бір айыбы болғанын білгендей қолынан шелегі түсіп кетті; кісі бетіне қарай алмай, көзін төмен салып қор болған қалпы, жаңа софыға сәлем еткен жерде тапжылмай сілейіп тұр.

Тәңірбергеннің де тап қазіргі түрі адам аяғандай; әншейінде сыртқа істейтін мінезін үйге істеп, қандай ойында қатын - балаға қасы мен қабағынан аңғартып бойын суық ұстап отыратын жігіт тап қазір біртүрлі. Далаға шыққасын да долылығы басылмай, ауыл айналып ойбай салып жүрген бәйбішесіне түк істей алмай отыр.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий