Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Құрысын, той бұзылды. Өмір де бұзылды. Сонан бұл тобығы шығып, төсек тартып бір ай жатты. Кенжекей сары інген жайын кейін білді. Кенжекейді жыққаннан кейін есіріп алған інген тайрақтап тулап, қыз жасауы қирағаны қирап, сынғаны сынып ен далада шашылыпты. Аттылы кісілер жабыла қуып, қолы жеткені сойыл-шоқпармен басқа, көзге сабалап шаққа ұстапты. Төлеу сойып тастамақ болғанда қайын енесі араша түсіпті. Сары інген кісіге көнбейтін бас асаулығынан жазсын. Ал бұл... бұл ше? Кенжекей жаулығының шетімен жасын сүртті. Жерге басын салып жатқан сары інгеннің қасында қолы ештеңеге бармай жаны жабырқап отыр еді. Мына арадағы бай ауылдан бір әйел келді. Бас-аяғы түзу. Киімі таза. Бірақ бұның да жүдеу өңі сынық. Аяғын анадайдан ерекше бір сәнмен ырғаң-ырғаң басып кеп, әуелі шелегін, сосын иығынан иінағашты алып жерге қойды. Сосын бұның алдында ма, әлде бір кездегі өзіне тән ұяңдық па, Кенжекейге тура қарамай, бетін ары салып, бір қырындап тұрып амандасты.

─ Сәлемет бол! - деп, бейтаныс келіншекке білдірмей, көзінің астымен іркіліп, ұзағырақ қарап қалғанын Кенжекейдің өзі де байқамады, - құрбым, айыпқа бұйырма, бұрын көрмегесін танымай жатырмын.

− Мен... мына ауылданмын.

− Осы арада Тәңірберген деген байдың ауылы бар деп естіп едім.

Иә, соның ауылы. Кенжекей бір ысырылып, бейтаныс келіншекке жақындай түсті.

─ Құрбым, атың кім? - Келіншек үндемеді. Әлгінде бетін алып қашып, бір қырындап отырған күйі қыр жақтан соққан қара суық астында дір-дір қаққан жусанды сипап отырып қалды. Кенжекей оған таңдана қарады.

− Біз де бөтен кісі емеспіз. Балықшы ауылданбыз. Қырдан көшіп келген, кірме боламыз, -деді Кенжекей.

Бұлайша өзі тиіп айтпаса да, Ақбала мына келіншектің балықшылар аулынан екенін бір дегеннен білген-ді. Қашаннан бері баласы мен бұрынғы күйеуінен хабар ала алмай жүргенде «тілегенге сұраған», мына келіншектің кездескеніне қуанды. Кенжекей «бала жылап қалатын болды-ау» деп ойлап, әңгімелері ұзап бара жатқанына ішінен қиналса да, бірақ ойламаған жерден сөздері жарасып, әңгіме қызығына түсіп кеткесін бала да, бай да есінен шықты. Бұйдасы бос жатқан қашаған інген де есінен тарс шығып, Ақбалаға тағы да бір ысырылып жақындай түсті.

─ Енем қатыгез. Бірақ, обалына не керек, әділ, - деп Кенжекей тосын бір әңгіме бастады. Ақбаланың мұңды жүзі әсер етті ме, ол әйтеуір өзінің осы дүниеден көрген қиянаты мен шеккен зәбір-жапасын ықылас қойып тыңдайтын дәл өзіндей бір мұңдық табылғанына ырза еді, - қайын енем мендей төмен етекті әйел емес, күнінде болған, толған кісі.

Күйеуі өлгеннен кейін, бір ауылды билеп-төстеп, еркек орнына жүрген.

─ Көргені көп кісі десейші. Қорғаның мықты болды ғой?

− Не қылған... Менің сорыма, о да ауырып, әл үстінде жатыр.

Сары інген тұруға ерінгендей, ертеден бері мойны жетер жердің жусанын ернімен үйіріп жалмап жеп жатқан-ды. Біраздасын маңайында ауызға ілінер шөп қалмады да итініп -соғынып түрегелді. Құдық жанында бір- бірімен басы түйісіп қалған екі ақ жаулыққа сары інген сулы көзін салғырттау тастады да, бұйдасын шұбатып жөнеле берді. Әңгіме қызығына түскен Кенжекей оны байқамады. Ақбаламен сырласқан сайын көңіл шері тарқап, жылы сорпа бүріккен көндей қасаңы жібіп барады.

─ Қайын сіңлім бар. Бойжетіп отыр, өзі бір мың болғыр. Адамы тап келсе, бір үйдің шаруасын дөңгелетіп әкеткелі тұр. Қайдам, сорлы баланың таланына қандай жігіттің тап келетінін...

− Әйелдің әйел болуы еркекке байланысты ғой.

− Сөз бар ма? Ата - ананың аясында отырғанда қай қыз бақты, базарлы емес.

− Е, де! Күйеуге шықты дегенше қыз бақыты қызыл иттің аузында кетті дей бер.

− Құрысын, көктемде бір көрінген қызғалдақтай, қайран, қыз дәурені қысқа ғой. Кей есуас қыз сорлыны үлбіреп тұрған шағында үзіп алып, үйітілген терідей ұйпалап тастайды - ау... Сол зәбірін қайтерсің? Сосын «қыз кезінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады?!», -дейді бұлар. Басында мен де бір үйлі жанның еркесі едім. Енді, міне, сонан не қалды?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий