Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кенжекейдің басындағы қасірет Ақбаланың жүрегі мен жанын улап, көзін жерден көтермей, басындағы ақ жібек орамалдың шетін тістеп отырып қалды.

─ Мені қойшы... менің боларым болды. Осы күні Құдайдан қайын сіңлімнің, сол қарағымның ғана бақытын тілеудемін, - деді Кенжекей.

Ақбаланың ойынан өз баласы кетпей отыр; алты айлығында емшегінен айырып, төркін жұртына тастап кеткелі әлі бір хабарын есіте алмай қойды.

Кенжекей тағы өз мұңын ортаға салып, күйеуінің кіші әйелін жақсы көретінін жаны күйіп, қатты зәбірленіп айтты:

─ Уһ, қайтейін!.. Қатын сорлының қолында не тұр? «Қатын ашуланса қазан қайнатар», -деген рас қой. Біз ашулансақ ыдыс - аяқты лақтырамыз. Есік алдында жатқан итті тебеміз. Түйе сауғанда желінін қаттырақ сығып... а - а - а, айтпақшы...

Кенжекей жалт қарап, сары інгеннің бұйдасын шұбатып ұзап бара жатқанын көрді. Ақбаламен қоштасуға да шамасы келмей, ұзын көйлектің етегі аяғына оралып, түйе соңынан сүріне - қабына жүгіре жөнелді.

Сары інген Бел - Аранның кезіне қарай жүре жайылып бара жатқан-ды; кейінгі жақтан алау-далау боп етегі далпылдап келіп қалған әйелге бұрылып қарады да, май бүлкілге салып желе жөнелді. Бұлар теңіз жағасына көшіп келгелі сары інген қырдың қара оты мен тұщы суын аңсап, өзінің бұрынғы жайылған өрісіне аңсары ауатын да тұратын. Басы босаса қашып кететін болғасын аяғын тар қып тұсап жіберетін-ді.

Сары інгеннің арқасында екі жағына теңдестіріп артқан су толы бөшке мен мес бар еді; түйе желе жөнелгенде ауыр мес бүйіріне былқ-былқ соғып, салмағымен басып аударылып бара жатты. Кенжекей жылы сөзбен түйенің жанын жібіткісі келгендей, сары інгеннің соңынан қалмай, жүгіріп келе жатып: «қарағым, шырағым» деп жалынып көріп еді; бірақ әйгілі қашаған Кенжекейдің ойын білгендей, әрі - берідесін желге бет қойып, тура Бел -Аранның кезіне қарай тартты; бұл бет елсіз жапан түз, ұры-қары жүретін жер; бәрінен бұрын биыл қырда қасқыр көбейіп, осы өңірдегі ауылдың күнде бір малын жеп, тынышын алып тұрған-ды. Жаны ышқынған әйел түйеден қалмай сүрініп - жығылып келеді. Көзіне тер құйылды.

Бел - Аранның кезінен әрі асып, енді елсіз бұйратқа бет қойғасын түйе қара үзіп алыстап ұзай берді.

− Арам қатқыр сары інген... Жамандатқыр сары інген! - Кенжекей бір жығылып, бір тұрып жүгіріп келеді. Өкпесі алқынып аузына тығылды. Даусы шықпай, тамағы кеуіп қарлығып қалды. Мес аударылып түсті. Сілесі қатқан Кенжекей еңіреп отыра кетті.

* * *

Тәңірберген оянғанда күн әлі шыға қоймаған-ды. Түндігін жауып, есігін түсіріп, кілем -текемет ұстап тастаған жиһазды бай үйдің іші елең-алаң шақтағы бозғыл сәулемен көлеңкеленіп тұр екен.

Киіз үйдің әрқашан кісі бойын құп-қунақ қып сергітіп тұратын дағдылы салқын ауасын жас мырза оянған бойда бірден сезді.

Түнде кеш жатса да, ұйқысы қанып қапты. Тек азырақ денесі тоңазиын деген. Сыртта қара суық жел ызылдайды. Бір- екі рет ауыл шетінен ит үрді. Мал қайырған кісі болу керек, ық жақ беттен, алыстан еміс-еміс дауыс естілді. Ауыл үстінің дағдылы дыбысына жас мырза жөндеп құлақ аспай, өзімен бір көрпе астында бір бүйірін қыж - қыж қайнатып жатқан келіншегіне қарай аударылып түсті. Ақбаланың сұлу денесін атлас көрпе астынан да анық көріп, қалың шашын, түлкі сағақ аппақ мойнын, жұп - жұмыр иығының басын шолып өтті. Елең - алаңдағы бозғыл сәуле жас келіншек өңін көлеңкелеп жұмсарта түскен.

Тәңірберген келіншегін құшақтағысы кеп оқтала түсті де, өзін тежеп қалды. Өткен түні келіншегі ренжіп:

─ Саған қолым жеткеніне мәз болып, ата-анамның алдынан өтпей, аруақтан аттап кетіп едім. Сенен сұраған өтінішім болсын: әке - шешемді шақырып ырза қып жібер, - деп бұған тосын бір тілек айтып еді.

Ақбаланың жайын ұғады. Артынан ата - анасы келмей, іздеусіз кетіп бара жатқанына зәбірленеді. Ақбала өтініш айтпаса да, Сүйеу қартты шақырып, жүзін жылытып алу өзінің де ойында бар- ды. Ел ішінде сөзі сыйлы қарттың бетін бері қаратса, түбі бір рудың тізгіні қолына тиері анық.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий