Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мөңке ертеден бері үлкендердің әңгімесіне араласпай, пеш түбінде қос тізесін құшақтап отырған қызға қарады:

− Осы балам болмаса, сірә, басқаларың жұмысқа қырсызсыңдар - ау деймін, - деді де, Мөңке түрегелді.

** *

─ Ау, суға бармайсың ба?

− Е, саған барған ба.

− Есің дұрыс па? Үйде бір ұрттам су жоқ.

− Жоқ болса, қайтер дейсің, сен барарсың.

− Мен өткен жолы әкелгем.

− Бұл жолы да әкелерсің, - деді Балжан. Кішкене баласын алдына алып, құраң көрпе үстінде күйеуімен тақымдаса қапты. Кенжекей бұны осылай күнде - күнде ызаға булықтырып қойып, шімірікпей безеріп алатын күндесінің бедірейген бетін жүгіріп барып осып - осып алғысы кеп кетті. Тым құрыса тілдегісі кеп еді, бірақ оған аузына айыз қанатын сөз түспей, дір - дір етіп тұр еді.

− Өй, селтиіп неғып тұрсың? - деді Төлеу. Кенжекей аузын ашса көзінен жас қосыла шығатындай, үні шықпай, ішінен тынып тұр еді; Төлеу түрегелді. Бір шаруамен сыртқа шығып бара жатқан сияқты еді, есік алдында тұрған Кенжекейге қатарласа бере тоқтай қалды.

− Суға бар!

− Күнде-күнде мен...

− Иә, сен барасың! Күнде - күнде барасың. - Кенжекей қозғалмады. Төлеу әйелдің үстіндегі қақпа шекпеннің жағасынан ұстады да, есікке қарай сүйреп ала жөнелді. Кішкентай қыз бала шырылдап анасының шалғайына жабыса беріп еді, оны Төлеу аяғымен қағып жалп еткізді. Содан кейін әй - шайға қаратпай сыртқа сүйреп алып шықты да:

− Өлтірем... Бар, су әкел! - деді.

Ащы суға үйренген балықшылар тұщы су іздемейтін; тек қырдан көшіп келгендер балықшылар ішкен суға көндікпей, ауыз суды айдамалдап Ақбауырдан алдырып отырған-ды.

Кенжекей түйеге міне сала тайрақтатып желе жөнелді. Ауылдан ұзап, бір қырдың астына түскесін даланы басына көтеріп зарлап қоя берді. Кешегі қара дауыл басылған еді. Бірақ күн бүркеу. Сұрғылт бұлт сіресіп көк жүзін басып алған. Қыламықтап қар түседі. Кешегі дауылда түбін қазып тастаған қара кеңірдек жусан жол бойы желіп келе жатқан түйенің құлбақайын қағып, қайта-қайта сүріне берді. «Мына сорлыға не болды?» - деді Кенжекей. «Үйде Еркем де жоқ еді. Сорлы баланы жұбатса болар еді - ау».

Кенжекей келе сала түйені құдықтың жанына шөгерді де, асығыс-үсігіс ыдыстарын суға толтыра бастады. Су ішкісі келген түйе тынышсызданып, Кенжекейді жүргізбей шелекке ұмтылып, мойын соза берді. Кенжекей бір-екі жасқап еді, оған болмағасын тұмсығына салып қалды, үркек інген атып тұрды. Кенжекей бұйдаға жармасты.

− Ой, жамалдатқыр, шөк! Шөк!

Сары інген бақ етті. Кенжекей онан сайын ызаланып, ұрғалы ұмтыла түсті де, тоқтай қалды. Осы жануардың түйе боп бақырғанын көргені осы. «Мұрнына құрт түсіп жүр еді», − деп аяп, су толтырып жатқан ыдыстарын қоя салды да, жалма-жан түйені суаруға кірісті. Жағаға көшіп келгелі бір үйлі жанның ауыртпалығы сары інген мен бұның мойнына түсіп жүр. Отын тасиды. Су тасиды. Бір үйлі жанның жүрген - тұрғанда мінетін көлігі де осы. Өзінің де, бұның да баяғы күнін ойласа көкірегі қарс айырылады. Несін айтасың, баяғыда басқа түйелерден бұның сөгерлігі артық еді ғой. Бір кезде екі өркеші баладай, шудасы желк - желк еткен сирақты сары інгеннің қазіргі мыжырайған түрі тым аянышты. Оның үстіне Төлеу қыста шұлғауыма салам деп мойын шудасын күзеп алып, ұсқынын қашырып қойған. Кенжекей сары інгеннің басындағы ауыр халді жаңа көргендей. Суға қанған інген мойнын созып, жерге басын салып жатыр. Кенжекей інгеннің жанына барып жүресінен жүгініп отырды. Бұны ойлады, өзін ойлады. Осы күндері күйеуі мен күндесінен көрген зәбірін есіне алып отырып, «жазығың болсын, болмасын, әркім өзінің әлі жеткеніне зәбір береді екен ғой», - деді ішінен. Сары інген адамның ырқына көнбейтін асаулығының арқасында Төлеу мен Қалаудан таяқ жеді, зәбір көрді. Тентек жігіттер бұның басын да жарды. Көзін де шығара жаздады. Бұны ұзатқанда әке-шешесі еншісіне берген сары інгенді бақыртып сабап жатқанда араға түсе алмағасын, білмегенсіп сырт айналып кететін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий