Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қалау еркек басымен әйелден беті қайтып қалғанына ыңғайсызданып, оған енді қалай тиісудің ретін таппай біраз тұрды. Сосын ыржалақтап күліп, жеңгесінің қасына тақымдасып қатар отырды да, санынан шымшылай бастап еді, бірақ Балжан былқ етпеді. Қанын ішіне тартқан сұп - сұр жүзін сырт салып, шімірікпей отыра берді. Қалау түк шықпасын білгесін тұрып кеткісі келіп еді, бірақ «енді қайтер екен» деп бұларды бағып отырған үй ішіндегілердің назарын байқады. Жеңгесіне қатты өшігіп, қаны қайнап, кеждікке біткен кішкентай томай құлақтың ұшы дуылдап қызара бастады. Кеше тайлақ сойғанда тас қайраққа жанып ұстарадай қылпылдап тұрған сары мойнақпышақ қолында отыр еді. Ызасы қайнағаны сонша: «Ой, әкеңнің көрі... Сен қатынды қайтсем екен...» - деп кіжініп отырды да, қолындағы өткір пышақтың ұшын Балжанның балтырына пісіп алды. Қан шыт көйлектің сыртынан бұрқ етті. Үй іші абыржып қалды. Кенжекей шыңғырып жібере жаздап, қолымен аузын баса қалды. Балжан міз бақпады. Пісте мұрынның жұқа танауы сәл қусырылып, дір еткені болмаса, бұл жолы да бәз баяғы безерген сұп - сұр қалпы сазарып отыра берді.

− Туһ, залым! Мына имансызда жан жоқ шығар. - Ішке Айғанша кірді. Қолында кендір жіпке сағалынан тізген он шақты қылыш балық. Үйге жеткенше асығып, омыраулап желге қарсы жүгіргесін бе, аптығын баса алмай тұр. Соған қарамастан екі бетіне қан ойнап, күлімдеп кіріп келгенде, ертеден бері бүрісіп отырған жандар бастарын көтеріп алды.

− Балық...

− Балық...

− Алақай, Айғанша апам балық әкелді, - деп әсіресе, аш балалардың ажары кіріп, шулап жатыр. Түсі өзгермеген тек қара кемпір.

− Сен неғып жүрсің? Қолыңдағы не?

Айғанша балықты есік жақта жатқан бір құшақтай қамысқа тастай салды да, екі жеңгесіне иек қақты:

─ Сойыңдар!

Кенжекей мен Балжан түрегелді. Айғанша бет - аузының құмын сүртіп, көзіне түскен шашты қолының сыртымен кейін қарай қайырып тастады. Анасының жаңағы сұрағына бұнан әлі де жауап күтіп, көзін айырмай отырған қатал кескінін байқады.

─ Әй, қыз, қайдан келдің?

− Ұрыспайсың ба?

− Бірдеңені бүлдіріп келген шығарсың?

− Ештеңе де бүлдіргем жоқ... апеке, тек ұрыспашы.

− Жарайды, айта ғой, қайдан келдің?

Айғанша анасының жібімей қойған қатал кескініне күле қарап, екі бетін алақанымен қысып өзіне қарай бұрды:

─ Өзің - ақ айтшы! Ана жақта жалғыз үй төбең шошайып отырушы едің ғой. Ал, бұл жақ... Апа, бұл жақ сондай көңілді!..

− Жә, болды!

− Бұл жақ; керемет. Ана жағың ауыл, мына жағың ауыл... Сосын ақ үйлі промсол.

Төлеудің де діңкесі құрып отыр екен.

− Бәсе, Айғаншажан, анаңа өзің айтып ұғындыршы...

− Апам түсінеді ғой. Солай ғой, апа, бұл жақ көңілді ғой, ә?

− Мына шіркін қайтеді? Кісіге тығылмай, ары отыршы. Қарық болсаң келдің ғой, Жиделібайсыныңа. Өзің қайдан келдің?

− Мен бе? Мен бағана промсолға барып едім... Қатындар балық сойып жатыр екен.

− Сойса қайтеміз?

− Жоқ, жай айтам... Ақысына балық береді екен.

− Ал?

− Сосын бір орысқа бардым да, мен де балық сойысайын дедім...

− Кет әрмен!

Сонда да болса Айғанша анасына тығылып, оның жаңа ұрыспауға уәде еткенін есіне салып еді; ашулы кемпір ауырып отырғанына қарамай орнынан тұрып, келіндерінің қолынан сойып жатқан балықты жұлып алды да, сыртқа апарып итке тастады. Ізінше қайтып келіп, қызына қадала қарап:

─ Ой, әдепсіз! Қыз арын аяққа таптап... Орысқа жалданып, жұмыс істегеніңнің алды-арты осы болсын! - деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий