Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Төлеу тіл қатпады. Екі келіншек екі жерде бүрісе қапты. Жақ жүні үрпиген жүдеу балалар ойынға зауықсыз. Жел ызғыған мұздай үйде бұйығып, аналарының бауырына тығылады. Әлгіден кейін кемпір де үнсіз. Ит өмірдің аяғы осылай ырым-жырым боп аяқталарын білді. Басқасы басқа, ана көзінің қарашығындай кішкентай қарақтары қыңқылдап ас сұрағанда қайда кетерін білмеді. Сорлы балалардың аузына ас әкеп салатын әкенің сиқы анау. Қатыгез өмірдің қызығы қалмай бара жатқанын байқаған сайын осы күні күнәкар көңіліне қайдағы бір кісі жаны түршіккендей ой келетін боп жүр. «Байсыз, баласыз өмір сүрмеген екем», - деп ойлайды. Онда екі ұлдың тірі күйігін тартпас еді. Мына келіндері де басқа бір дені дұрыс кісіге әйел боп, кім біледі, сорлылардың бағы ашылып, түндігі бүтін үй астында түтін түтетіп отырар ма еді, қайтер еді?! Онда мына пақыр балалар да жарық дүниеге келмес еді ғой. Жөргегінен жоқшылықтың зарын тартып, жер бауырынан нәр ала алмаған көктей шерлеп өспес еді.

Уһ, қайтейін, баяғы асып-төгіліп жатқан ағыл-тегіл байлық көзден бір- бір ұшты. Оны аңсап отырған бұл жоқ. Өз басы осы күні жоқшылыққа көнді. От басының тыныштығын тілейді. Құдай мыналарға бақ бермесе де, талап бермегеніне қынжылады. Осы шіркіндер бірдеңе десең арс етіп бетіңнен ала кетеді. Ата - ана байғұс ұрысса, ақыл айтып ұрсады да. Сен қайбір өзегіңді жарып шыққан балаңнан өш алайын, есеп айырайын деп ойлайсың?! Теңіз жағасына келгелі Төлеу өнімсіз істің соңына түсіп алды. Етік жамайды. Желіде түйесі толып тұрғандай мұрындық жонады. Әне, енді таспа сыдырып отыр. Қалау күпімен басын бүркеп қорылдап ұйықтап жатыр; осыдан тек ас ішерде оянады; ас үстінде қазан ұстаған әйелмен жағаласып, қасығы қолында жүргенін көргісі келмей, дені сау кезде бұл сыртқа шығып кететін. Ол бүгін тіпті кеш оянды. Жастық батқан беті умаждалған көндей мыж-мыж. Басын көтерген бойда қазанға қарады. Бүгіндікке от жанбай, қазан астындағы қоламта мұздап қалған екен.

─ Мына үй кісіні астан өлтірер.

Қалауда мойын жоқ; бастық құр өзін көпшіктей кеудеге апарып қондыра салғандай; бас пен иық тұтасып, күдіс жауырын күдірейіп тұратын домаланған бадамша жігіт. Бас болса болмаса да домалақ. Мұрын мес түйініндей доп-домалақ. Құлағы екеш құлағы да домаланған томай құлақ.

Кенет Қалау кіші жеңгесі үй ішіндегілерге сыртын беріп, баласы мен екеуі өз алдына оңашалана қалғанын байқады. Бұның тегін емес екенін біліп, қасына жақындап барып еді, шынында да, Балжан баласына жұрттан жасырып күлше беріп жатыр екен. Күлшені көрген Кенжекейдің кішкентай қызы қыңқылдап анасына жетіп барды:

− Апа... нан!.. Нан бер.

− Айналайын, далаға бар, ойнап келе ғой.

− Нан, нан бер!..

− Қарағым - ай, жанымды жеп болдың ғой. Бар болса, анаң сенен аяп отыр дейсің бе?..

− Әне, анада нан бар... - Кенжекей шыдамай Балжанға барып:

− Мына балаға қаныңның шетінен бір үзіп берші! - деп еді, Балжан зілдене мырс етті:

− Е, саған нан ба...

− Әй, залым! Мен өзіме сұрап тұрғам жоқ, мына есін білмейтін нәрестеге бір үзіп берсең нең кетеді?..

Балжан күндесіне атып жіберердей түсі бұзыла қарады; ол, бірақ ауыз ашып үлгірмеді. Шар ете қалған жас бала даусына жалт қарады. Құдды күшігін қорғаған тағыдай Қалаудың қолын күлшеден тайдыра қағып жіберді де, баланы бауырына тартып алды:

− Аулақ жүр! Ойнайтын кісің мен емес.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий