Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сары інген қыста туып еді. Алғашқы көрген жас төл болғасын үй іші қандай қуанған-ды. Кенжекейде тіпті ес қалмады. Тостағандай қап-қара көзі мөлдіреген әп-әдемі ботаны қасына барған кісінің бәрінен қызғанды. Сауыны болғанда ғана сауыншы әйелді бауырына жібергені болмаса, басқа кезде сары інген әлдеқалай біреу - міреу ботаның қасына жақындай қалса да, кісіні шайнап тастайтындай тісі шықырлап жынданып жүрді. Ол тіпті ауыр толғақтан кейін денесін жия алмай, тұла бойы аяз қысқандай қалшылдап тұрғанын сезбеді. Ана жатырының шырыны әлі кеуіп үлгірмей, мап-майда бұйра жүні буланып тұрған көк шулан ботаның үстіне түсіп, ыңырсып иіскелеп өліп бара жатты.

Кенжекей қыста туған ботаны ауыз үйге алғызды. Күнде - күнде анасы екеуі астын құрғатты. Берегірек келгесін қолымен жем берді. Соған үйренген бота алдына қойған жемді алмай, кішкентай Кенжекейдің соңынан қалмай, ыңырсып еріп жүріп мап-майда масаты тұмсығымен қолын иіскелейтін. Кенжекей әлдеқалай жасқаса да, бала мінездес бота көңіліне ауыр алып «фуф!» деп ыстық демін бетіне бүркіп қалатын-ды. Бота өскесін тіпті сұлуланып, жібек жүні желкілдеген тайлақ, онан сирақты сары інген болды. Кенжекейдің ыңғайына қараған үй іші сары інгенді дәл бір киелі малдай қастерлеп еді. Басқа боталарға жұрт сірге кигізіп, ерте суалтып жатқанда, сары бота қашан сүт тайлақ болғанша енесінің бауырында арда еміп жүрді. Бері келгесін де өзге түйелерден бұның күтімін бөлектеп, мұрны кеш тесілді. Жүк артпады. Мінбеді. Кенжекейді ұзатарда ғана үстіне малындырып кілем жапты. Тұлымына үкі тақты. Ұзатылған қыздың жасауын артып, қалауыш ортасына қыздың өзін мінгізді. Асау інген жол бойы кез келгеннен шошып, шөп басы сыбдыр етсе де елеңдеп, үркіп бұйдасын ала қаша бергесін, Кенжекей басқа көлікке ауысып мінгісі келіп еді, ол бірақ соны күйеуіне қалай құлаққағыс қылудың есебін таппады. Әсіресе, құдалардан қысылды. Жақсы көретін жеңгесі қыз көшіне еріп келе жатқан-ды. Кенжекей желек астынан бұрылып көш соңында келе жатқан жеңгесіне жалтақ - жалтақ қарады. Бірақ жеңгесі байқамады. Бір топ қызбен ат үстінде әлдебірдеңеге мәз боп күлісіп келеді екен. «Ұзатпай жатып ұмытқаны ма?» - деп ойлады. Жақын кісілер арасында келе жатып та жалғыздығын сезе бастады. Қайран, қыз дәурені қысқа ғой. Ата-ана мәпелеп өсірген кешегі тірлігінен алдағы өмірдің мүлде... мүлде басқаша болатынын, жүрегі құрғыр ауылдан шықпай жатып сезіп еді-ау. Ата-анасы ұзатып сап тұрып қыз астындағы түйенің тізгінін қабағы түксиген ірі қара жігіттің қолына бергенде, бұл өзінің ендігі тағдыры түгелдей осының қолында болатынын білген-ді. Алдағы күнде өмірінің дәл осылай болатынын қайдан білсін?.. Алдағы күнді білмегесін де алдын ала ойлап, басын қатырғысы келмеп еді. Неге екенін қайдам, оны ойласа дәл бір түбі көрінбей қарауытып жатқан суға түскелі тұрғандай жүрексінді. Ата-ана қолынан сары інгеннің бұйдасын алып жатқан ірі қара жігітке де жүрегі дірілдеп қарап еді. Бірақ сол бойда өзін-өзі жұбатып, «ата - ана аясынан кетсе де, алдында қайын ене, қайын ата, Құдай қосқан қосағым бар», -деп ойлап еді. Ол, міне, екі күннен бері алдына түсіп ап, үн - түнсіз түйе басын жетелеп жортып келеді. Неге үнсіз? Не ойлап келеді? Өз басындағы қиындық оның басында да бар ма екен?

Кенжекей ірі қара жігітті көзінің астымен бақты да отырды. Жігіттің қақпақтай жауырыны мен сұңғақ бойына сүйсінді. Тек оның қамшы сабын сығымдап ұстаған қолының сырт жоны қарауытқан жүн екен. Күжірейген желке бітімінен де бір аңғар кісінің морт сынатын кеждігі мен қыңырлығын байқап, соңырағы күні оның осы мінезінен зәбір шекпесем қайтсін деп ойлады. Онымен алғаш кездескен түнді есіне алды. Үш күнге созылған той таң алдында ғана тараған-ды. Үш күнгі ырду - дырдудан шаршаған қыз жақсы көретін сырлас жеңгесі қолтықтап әкеп ауыл шетіне оңашалап тіккен ақ отауға кіргізе сала зып беріп, жып-жылдам тез шығып кеткесін әуелі жан - жағына қарап, жүрегі дірілдеп тұрды да, сосын шала - пұла шешініп қалжыраған бойымен төсекке құлай кеткен-ді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий