Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тәңірберген бірақ бұл ойын бір жанға сездірмеді. Ақбалаға да ішін ашпады. Ақбала оның үндемегеніне бірде ренжіп, бірде ызаланып жүрді де, кеше сырт айналып жатып қалған-ды. Сонысынан қозғалмаған екен. Ұйқы үстінде де түндегі ашуы тарқамай, қасын түйіп ширығып апты.

Тәңірберген түрегелді. Сыртқа шықты. Үй сыртындағы қырға қарай бет қойып келе жатып, күз айының ызғыған қара суық желіне, бұлтты аспанға көз салды. Онан өріске айдайтын мал қамымен ерте тұрып, бүрсеңдеп жүгіріп жүрген сауыншы әйел, жалшы жігіттерге көз қиығын салып келе жатып та қайын атасы ойынан шықпады. Қызыл көз тентек шалмен татуласу жағын ойлады.

Қанша айтқанмен тірі кезінде болыс ағасының бұған мықты пана болғанын осы күні біліп жүр. Болыс ағасы тұрғанда етек - жеңін кең ұстайтын. Ел ішінің дау-шарына араласпай, теңіз жағасын жайлаған жалпақ елге бұл ылғи да жақсы жағынан көрінетін. Әдетте бір жан бұның не істеп, не қойып жүргенін білмейтін: бір істі істердің алдында бұл әдетте су түбіне шым батқан тасша жым - жылас жоқ боп кетіп, сонан бір күні бар шаруаны астыртын бітіргесін жақсы ат, жүйрік тазы, сәнді киіммен бойы жарқырап шығатын; мықтысы әлсізін талап, қырқысып жатқан қиянаты мен күнәсі мол мына дүниеде күнәкар болмай, тал бойын таза сақтап жүрген жалғыз кісі бір өзі сияқты; түн болса, ұйықтаған ауылдың сыртын торып аш бөрідей жортып мал барымталап, қыз алып қашып, сарт - сұрт сойылдасып жататын зорлық - зомбылықтан бейхабар жүрген пәк жан сияқты. Ондай жерде ол адам баласына жазықсыз, ойынын ойнап, күлкісін күліп, өзімен-өзі жүрген күнәсіз жан сияқтанып қара мұрты қиылып тұратын. Оны осы сәтте көрген кісі: «Апыр-ай, мына баланың иман жүздісін - ай!» - деп ойлаушы еді. Болыс ағасы өлгелі бұрынғы мінездің бәрі қалды. Ағасының кегін қуған жігіт бір топ солдатты бастап келіп, тал түсте, толы халықтың көзінше Кәленнің қатын-баласын байлап әкетті. Онан кейін балықшылар аулымен ашық тартысқа түсіп, Кәленді ұстатып, өзіне қарсы келгеннің бәрін құртты. Енді бұрынғыдай біреудің ығын паналамай, жауласқан жерде бойын көрсетіп қап жүр. Соның бәрінде де ол болыс ағасының бір қатесін ұмытқан емес. Қара күшке қаттырақ басқан ағасы ел ішіндегі арқа сүйер адамдардан айырылып, алды-артын жалаңаштап алып еді.

Осыны жүрегіне қатты түйген жігіт кейінгі кездері қол күшін молайтып, төңірегіне қара-құра топтап жүр...

Тәңірберген үйге тез оралды. Тілінің ебі бар бір кісіге адам жұмсап дереу шақырып алды; еркін дәйексіздеу демесең, өздеріне қарағанда Алдаберген софыдан кейінгі үлкені осы еді. Тәңірберген қайын атасымен екеуінің арасын жақындататын делдал дәнекер болуын өтініп еді; анау құлшынып кірісетін пейіл білдіріп жүгініп отыра қалды:

─ Мырза, маған сен. Сүйеу қарт қатты ғой, бірақ қара тасты жібіткен тіл шақар шалдың зәрін қайтара алмаса кесіп - ақ таста.

Тәңірберген тым елпілдеп тұрған, тез пейіл кісіні жақтырмайтын.

─ Жә, жолың болсын! - деп оны шығарып салды. «Ақбала қуанатын болды», - деп ойлады. Әншейінде кісі таң қалғандай талай үлкен істерді қолынан атқарып жүргенде, бұл өзіне дәл осы бүгінгідей ырза боп көрген емес-ті. Әлгі әзірде суға кеткен Ақбаланы асыға күтіп отырған үстіне софы ағасы кірді. Қасында Тәңірбергеннің бәйбішесі. Ол екеуінің арт жағын ала тары бір топ кісі үстіне үнсіз кіріп келе жатты.

Тәңірберген алғашқыда мыналардың келісіне мен бермеп еді. Ет жегісі келгенде софы ағасының дәл осылай қасына кісі - қараны молырақ ертіп, шұбалып жүретін жайын білуші еді; ол тек мына кісілердің арасынан әлгінде Сүйеу қартқа жіберген кісіні көргенде түсі бұзылып кетті.

Софы да бар ызғарын бетіне жиып келген екен. Керек десе, қасына еріп келген кісілердің жайғасып отырғанын күтпей, төрге шыққан бойда тіктеліп Тәңірбергенге қарады.

─ Бетіңнен қағар бір пенде табылмай, тыюсыз кетіп жүрсің. Үлкен-кішінің бәрін басынып алдың. Е, немене, өзіңнен басқа кісі жоқтай әукеңді салып кеткенің.

Тәңірберген софы ағасына ыңғай бермей, қырындап бүйірін беріп отыр.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий