Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тәңірберген мырс етті. Әдемі бетіне ащы мысқыл шауып, іште жатқан ыза мен ызғарды танытып сұп - сұр боп сұстия қалды. Құдай - ау, осы заманның кісісі қалай ұсақталып кеткен?! Әлдекім болса бір сәрі. Ат басындай азамат... игі жақсы деп жүрген ығай мен сығайыңның істеп жүргені осы. Түбіне найза бойламайды деген Рамбердінің де қулығы көген басынан аспапты. Мал өрісінен арғы жер, онан арғы дүние өртеніп жатса да оған бәрібір. Жә, жә, жалғыз Рамберді ме? «Өзің не бітірдің?» - деген тосын сұрақ бүйіріне шаншудай қадалды. Өзі де жалаңаш құйрықпен тікен үстіне отырғандай, әрлі - берлі қипаңдап дозғалақтап қалды. Ауылдан шыққалы алғаш рет ол жан - жағына бұрылып, жусанды, бетегелі далаға көз тастады да, толқып кеткен көңіл қайта тынышталып, көк қасқа ерге құйрығын қадап жайғасып отырды.

Ат құлағы кейде алыстап, көгілдір ауада қылтылдап отырады. «Бәсе, өзің не бітірдің?» -деді ол ішінен. Болыс ағаң қаза тапқалы шаруаға шындап қарадың. Ебейсінге есеңді жібермей, базарға қосқан малыңның пұлын өндіріп алдың. Тағы да, міне, мал қуып келе жатырсың. Кешегі приемда Кәлен қуып әкеткен жылқыңның құнын өндіріп алмақ боп қаһарға мініп келесің.

Тәңірбергеннің тізгін ұстаған қолы сұлық түсіп, көк қасқа ердің қасына асылып қалды. Ат басын бұрып ізінше кері қайтып кеткісі кеп кетті. Онан ағасының өлімін тез ұмытқанына ренжіді. Өлім суық па, әлде өзім қаталмын ба деп ойлады. Өзім қатал болармын деген ойға көңілі ауа берді. Бірге туған бауырының бетін жапқан топырақ суымай жатып, көңілінен шығып та кетті. Көзі тірісінде ол сорлыны тайыз көріп, көңілі толмай жүрді. Қазір софы ағасын менсінбейді. Сонда... бәтір - ау, ағаларыңнан асқаның қайсы? Солар жүрген ескі жолдың шиырынан шыға алмай, мал барымталап, жоқ; қуып жүрген жоқсың ба? Былтырғы бүліктен кейін, мына боз дала бұрынғы бойкүйез тірлігін қайта тапты. Тынышталды. Бірақ онан арғы дүние бар түгін бетіне шаншып, түтеп келе жатқанын байқамапты. Жоқ, байқадың! Байқап жүрсің! Үлкен шаһарларды айтпағанда, мына іргеде тұрған кішкентай Шалқарға барған сайын беті қатты бір заманның кейпін танитын. Әне бір жолы темір жол жұмысшыларының ереуілін көрді. Өңшең білегін сыбанып жұдырығын түйіп алған түсі суық жұмысшылар қызыл туды төбесіне көтеріп, лек - лек болып көшеге шыққанда өзгені былай қойғанда бұлар Құдай көретін әлгі татар байы Теміркенің құты қашып, көк дүкеннің есік-терезесін жалма - жан жауып ала қойған-ды. Шын сасқанда көп бөлмелі үйден тығылатын тесік таппап еді-ау! Көшеге шыққан ығы-жығы халық тарағасын да татар байы көпке дейін өзіне-өзі келе алмай, күйген терідей құрысып: «Заман бұзылды бит. Алар сені аями, бас кесер бұзықлар! Жөлік бит, жөлік олар», - деп күбірлеп отырып еді. Шаһарлы жерің солай болғанда, осы өз ауылың тыныш па? Бәсе, тыныш деген түкпірдегі далаңа қарашы. Жыл сайын жұтқа ұшыраған кедей ауылдар теңіз жағасына көшіп кеп, балықшылар аулының қарамын молайтып жатыр...

Aт пысқырып қалды. Тәңірберген шошып оянғандай, босаңсып бара жатқан бойын билеп-ап, енді байқап қараса, тізгін еркі өзіне тиген ат алдындағы бір биік сары төбеге тұмсығын тірей тоқтапты. Қасына ерген қосшылары да Тәңірбергеннің ойын бөлмей, кейініректе иіріліп тұр екен. Жаным - ау, мынау қай жер? Қайда тұр? Неге тұр?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий