Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тәңірберген балықшылар аулынан көңілсіз аттанды. Еламан мен Кәленнің көзін құртса да, бұл ауыл басшысыз қалмапты. Қара борбай шал қарсыласқандай қауқары барын танытты. Осы жай жанына батқан жас мырза сұрақты жүзін Досқа бұрып еді. Дос тоқ мойын, дөкір... Өз дегені болмаса өзгенің жетегіне жүре қоймайтын бірезу қыңыр. Шындап кетсе, төңірегіне қара- құра топтап, Мөңкемен белдесуге жарайтын бұл өңірде бұнан басқа адам жоқ. Осы жағдайды ішіне түйген жас мырза ендігі жерге есебін тауып, Досты бауырына тартып көргісі келіп еді, бірақ оңайлықпен ішін аша қоймайтын Дос:

− Уақыт бар ғой, ойланып көрейік, - деді.

− Иә, ойлан, - деді мырза. Сыртқа шығып, енді атқа мінер жерде оның көзі бір қызға түсті. Көзі түскен бойда: «Тәңірім - ay, мынау көңге шыққан қызыл гүл ғой», - деп ойлады да, ат үстінен Досқа еңкейді:

− Дос аға, мынау кім?

− Төлеу деген жігіттің қарындасы.

− Тө - ле - у?

− Иә, Төлеу. Сен біле қоймассың, қырдан көшіп келген кірме.

─ Coлай де!

Мырза көзін қыздан алмай, тізгіні қолынан түсіп, аңырап қапты. Қызға мырзаның көңілі құлағанын байқаған Дос:

− Тамаша бала, - деп, онсыз да тұтанғалы тұрған отқа май тамызғандай болды. - Өзіңдей қыздар дұрыстап от жаға алмайды. Ал бұл пақыр промсолда жұмыс істеп, бір үйлі жанды асырап отыр.

− Солай ма? - Тұрмыстары нашар болды ғой?

− Обалы жоқ. Үйі толған ер - азамат. Бірі талап қылмайды. Бәрі осы баланың мойнына мініп отыр.

− Аты қалай?

− Айғанша.

Тәңірберген қыз атын ішінен қайталады. Қыз үйінің күйсіз, ағаларының кемталап, жалқау болғаны да бұның өз есебінің үстінен түсіп, жақсы нышанға жорыды да, ішінен жымиып қойды. Екі көзі әлі де қызда.

Айғанша өзіне сұқтана қадалған көзді байқаған жоқ-ты. Әлгінде балық сойып жүріп, басына әншейін немқұрайды тарта салған бір шаршы қызыл орамал сыпырылып желкесіне түсіп кеткен екен. Былайғы кезде де ие бермей, орамал астынан әлсін - әлі бұрқырап шығып кете беретін қалың шаш қазір, тіпті желкілдеп, қаннен-қаперсіз, үйге жеткенше асығып жүгіріп келе жатқан-ды. Ауыл үстіндегі түсі басқа кісілерді көрді де, жақындап келгесін аяғын именшектеп ақырын басты. Аттарына мінсе де әлденеге іркіліп тұрған кісілердің ішінде тізгіні қолынан түсіп, ақтарылып қалған қара мұртты сұлу жігітке көзі түсті. Оның да бұған қарап, ішіп-жеп бара жатқанын байқаса да, түк жасқанбастан қара көзі жалт етіп бір қарап өтті. Амандасқысы кеп емексіп қалған жас мырзаның тұсынан аяғын әлгіден көрі шапшаңырақ алып, білектей бұрым арқасында бұлғақтап ұзап бара жатты. Үйге жақындай бергенде іштен ішегі үзілердей қақылдап жылаған жас баланың даусын естіп, кеше кеште суға кеткен Кенжекейдің содан әлі оралмағанын біле қойды: «Бейшара аман болса жарар еді», - деп ойлап, үйге үрейленіп асығыс кірді. Шынында да, жылай - жылай сілесі қатқан бала бұл кезде әбден көгеріп, ықылық атып жатыр екен. Айғанша баланы жерден көтеріп алды. Өткен түні де осы баламен арпалысып шыққан Айғанша таң атқанша ұйқы көрмеп еді; бұл ертеңгісін жұмысқа кеткеннен бері әлі бір жан баланы жұбатпаған. Ауру кемпір іргеге қарап жатыр. Өлер алдында үй ішіндегі жандардың жүзін көргісі келмей, қатты түңілген. Екі ағасы екі жерде сазарып отыр. Күндесінің баласына қашанда бауыры жібімейтін Балжан өзінің әдеттегі безбүйрек қаталдығына бағып анадай жерде өз баласын өбектеп, оңашаланып алыпты.

− Құдайдан үміттерің бар ма? Мына баланы неге жұбатпайсыңдар? - деді Айғанша. Оған үй ішіндегілердің бірде - бірі тіл қатпады. - Бұның шешесін неге іздемейсіңдер? - Бұл жолы да бұған бір жан тіл қатпады.

─ Мынау үй емес, мола ғой... мола, қу мола, - деп Айғанша еңіреп жылап жіберді де, баланы бауырына қысып сыртқа жүгіріп шықты.

Ол кеткесін де бір жан қыбыр етпеді. Тек ауру кемпір қол таянып басын көтерді. Екі иінінен ентігіп, ырсылдап ауыр дем алып отырып:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий