Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

─ Сен істеріңді істедің. Жас тоқалдың жолына осы отырған бәрімізді қабаттап қойып бауыздадың. Ендеше, сен қылғанға мен қылдым... Өзім тірі тұрғанда ол ақшұнақ шал бұл ауылдың топырағын басса көрейін. Бұл ауылға келер болса, менің өлігімнің үстінен аттап келеді, - деп Алдаберген софы анық жаулыққа бет бұрды. Осыдан артық тілге келмей, нөкерлерін ертіп шығып кетті. Тәңірберген түрегелді. Дәл бір соққыға жығылғандай бойын ала алмай тұрған Ақбаланың қасына келді.

− Жә, жасыңды тый. Онан да ертең әке - шешеңді күтіп алу жағын қарастыр.

* * *

Тәңірберген бір топ аттылы кісінің алдында ақ арғымақты ауыздыққа керіп, сыдырып келе жатты; ол жаңа ауылдан шыға сала қамшы басып еді, былай ұзап шыққасын ат екпінімен іштегі алай-түлей сезім басылып, астындағы Текежәуміт айғырының басын тартып, ақырын аяңға басты.

Еті қызып алған айғырдың екі көзі оттай жайнап, ауыздырын шайнап, кейде Тәңірберген қос тізгінді қаттырақ тартқанда жалт беріп жолдан шығып, біразға дейін бүйірлеп жүріп отырады; қалған уақытта пысқырып, көстектеп керіліп аяңдап кеткенде, соңында келе жатқан аттылар ілесе алмай, амалсыз желіп отыратын.

Ақ арғымақтың алдынан арты биік; әсіресе, оның төңкерген қазандай жалпақ жұп - жұмыр сауырын тегіс жапқан тықыр түгі жылтырап, жылт - жылт етіп тұратын. Тәңірбергенге ақ арғымақтың аяңы ұнайтын. Жолға шыққанда көбіне осы атты мінетіні содан; басқа қасиетінен бұрын оның бауырын керіп аяңдайтын көшелі, кербез жүрісінен біртүрлі жанға жайлы рахат тауып, астындағы ат емес, қайық сияқтанып кетуші еді. Тәңірберген ауылдан шыққалы әлі қыбыр еткен жоқ. Арғымақтың тас төбесінде шаншылған қос құлағынан көзін айырмай қадалып апты. Сыртынан қарағанда сұлу денесі ерге құйып қойғандай; екі иығының басы тіп - тік боп тура алдына қарап отырған нығыз қалпынан енді қайтып қозғалмай, айғырдың аяңына ырғалақтап, басындағы ой да дәл осы қазір тербеліп келе жатқандай.

Денесі суынғасын арғымақ ендігі қалған жолда ұрынбай, басын шұлғып тастап, бір қалыппен баяу жүріп келе жатты. Әлі де болса Тәңірбергеннің қабағында кірбің бар; жаңағы оқиға өзіне жаман әсер қалдырған; қанша ұмытайын десе де көңіл кірі лайланған судай боп софы ағасы мен бәйбішесінің қылығына ренжіп келеді; көзі тірісінде көңілі толмаса да, кешегі болыс ағасының софы ағасынан бір артықшылығы болатын; әрине, о да тайыз, о да тоқмойын еді; оның да өзінен шығатын ар жағында бір түйір ақыл болмаса да, тым құрыса осындайда пайда - залалын біліп, үнемі інісінің аузына қарап отыратын.

Құдайменде өлгелі софы ағасына жел бітті. Тәңірбергенді баласынып, билікке таласқысы кеп, әр кезде әлгідей үлкендігін арқаланып қиғылық салып жатады. Абыралыға қараған ағайын - туғанды азғырып, бұған айдап салып қойған түрі анау. «Ақылсыз сорлы, қолына билік тигенде не бітірем дейді екен...»-, деді Тәңірберген ішінен.

Осы қазір өзінің жалғыздығын қатты сезіп келеді. Бір үміті - оқыған інісі. Оның елге келуі көп кісіге желеу болып алды. Осы өңірдің игі жақсылары оқыған зиялы жігітпен дидарласуға құштар боп, көп күннен бері ауыл үстін басып жатыр. Бөрінің де арғы ойы белгілі: оқыған жігіт соңырағы күні сырқатынан тәуір боп Шалқар мен Ырғыздың бірінде қызметке орналаса қалса, қысылған жерде оны өздерінің бір кәдесіне жаратпақ.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий