Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тәңірберген тізгінін жиып ап, ер үстіне дұрысталып отырып төңірегіне қайта көз салып еді. Сол жақ қапталында шымылдықтай созылып жатқан Бел - Аранды көрді. Сонан кейін ғана жер шамасын болжады. Өзінің осы жолға не мақсатпен шыққаны да есіне түсті. Сол сол - ақ екен, ат тұмсығын тірей тоқтаған мына биік сары төбе де бұның көзіне оттай басылды. Осы сары төбенің арғы астында балықшылар аулы отыр. Өткен жолы Ақбаланы алып қашқан боп, бір топ аттылы түн қатып ұрланып кеп, осы төбенің астында, дәл осы арада иіріліп тұрған. Ат пысқырмасын деген сақтықпен бәрі де күні бұрын аттарының тұмсығын тұмылдырықтап алып еді: сол бойда Ақбалаға астыртын хабар салса да, өздері ауыл торыған ұрыдай ат жалын құшып, ілгері жақтарына көз тігіп тұрғанда, кенет біреу қараң етті. Тәңірберген шыдамай, ақ арғымақты тебініп, тобынан үзіліп ілгері шыға бергенде, ар жағынан ес - түс жоқ Ақбала жан ұшырып кеп, ақ арғымақтың мойнына құлап асыла кетіп еді - ау! Әлі құрып, алқынып жеткен келіншекке бұ да ат үстінен шұғыл ұмтылып, аш белінен құшақтай алып еді.

Ой бітсе де Тәңірберген осы бір ыстық елесті қия алмай, көңіліне іркіп тұр. Туған-туысқанын ренжітті, бірақ ол бүгінгі ісіне, бәрінен бұрын Ақбаланы риза қып әкесіне кісі жібергеніне көңілі бітіп кетті де, арғымақты қамшымен тартып қап, сары төбенің басына шауып шықты. Кешегі қара дауылдан кейін жел басылып, шырадай тынып тұр еді: бұлттан арылған көк аспан жарқырап ашылыпты: тек сонау шалғай шетте, көкжиек пен көк теңіздің дәл бір жымы білінбей жалғасып кеткен жерінде теңгедей ақ бұлт көрінеді: о да аспаннан жылжып түсіп, көк теңіздің бетінде адасқан сеңдей боп ығып бара жатқандай; теңіз беті тып - тыныш; әншейінде ашу-ызасы бойына сыймай өкіріп уылдап-шуылдап жататын сонау аңғар бет, ашық айдын тап қазір толастап тыным тапқан. Бүкіл ұлы теңіз күн сәулесінің астында керіліп аппақ боп жалтырап жатыр екен. Сары төбенің басына шауып шыға келгенде теңізге бергі жағынан мінбелеп төніп тұрған қара жардың қақ ұшар басына салған жерқазбалар да құжынап қоя берді. Өткен жылы аң аулап жүріп, Ақбаланы көргісі кеп Еламанның үйіне түскенде, балықшылар аулы мұншама көп емес еді; қазір қарамы онан анағұрлым молайып, қанаты жайылып кеткенін ұнатпай, ауыл мөлшерін көзімен шолып келеді. Ішінде шөгіп жатқан көптен бергі реніш қайта оянып, көңілі лайланып, әркездегідей осы жолы да өзінің балықшылар аулынан мал даулап келе жатқанын мысқылдап, ренішпен есіне алды.

Қасындағы бар кісімен Достың үйіне түсті. Қарақатын сасып қалды. Бәрінен бұрын от басында жатқан тулақты қайда тығарын білмей, көйлегінің етегімен жауып жалп етіп үстіне отыра кетті.

Тәңірбергеннің қасындағы дембелше жігіт Қарақатынға жетіп барып, аяғымен теуіп жіберді.

─ Ой, бүйіріңді тесіп шыққыр. Мынау біздің мырзаның құла байталының терісі ғой.

Ақкемпір ақырын жылысып сыртқа шығып кетті; әншейінде басынан сөз асырмайтын Қарақатын бұл жолы жұмған аузын аша алмай, бір уыс боп бүрісе қапты. «Атаңа нәлет, ақылсыз қатынның ұстап бергенін қарашы», - деді Дос ішінен. «Осы тулақтың көзін құрт», - деп қанша қақсаса да, атаңа нәлеттің қатынына тілін алдыра алмай қойып еді.

Осы кезде Мөңке бастаған бір топ балықшы ішке кіріп, есік алдына иық, тіресіп тұра -тұра қалды. Басы бауырына кеткен Дос оларды байқаған жоқ.

─ Неғылса да бізден бір білместік болды, - деді ол міңгірлеп.

─ Жоқ, бұл білместік емес. Бұл біздің мырзаға біліп тұрып істеген жаулығың. Жау кісінің ісі.

─ Жазықсызбын демеймін. Тәңірберген шырағым, не істесең де қолыңдамын.

Тәңірберген түк деместен суық томсарып отыр. Осы түріне қарап, әлгі дембелше жігіт мырзаның әлдеқандай бір іш есеппен бұған осы арада бар ерікті беріп қойғанын шамалады. Сосын ол мыналарды неғұрлым қырына алса, соғұрлым мырзаның ойынан шығарын біліп:

− Иә, қолымызға түстің. Ұрлығыңмен ұсталып отырсың, тырп етіп көрші сен, кәне, - деп зілдене түсті.

− Шырағым, не істесең де...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий