Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

─ Ана байғұс... Құдайдан бала тілегенде тап мына сендердей боларын білген бе?.. Басқаны қайтейін... Сен... Сен екеуің әлгі қыздың сорына жаралдыңдар ғой, - деді де, әлі құрып жата кетті. Кезерген ернін қанын шығара қырқып тістеп алған. Үстіне жамылған көрпе астында иығының басы селкілдеп жатқанын үй ішіндегілердің ешқайсысы байқаған жоқ.

Түс ауа Кенжекей келді. Үсті-басы ебіл - себіл. Төлеу тақымының астына басып отырған қамшысын ұстай түрегелді. Кенжекей арқасындағы месті былқ, еткізіп босағаға тастай салды да, Айғаншаның қолында бұл кезде, тіпті үні шықпай, қып - қызыл боп ықылық атып жатқан балаға ұмтылды:

− Сорлы - ай!.. Байғұс балам - ай!..

─ Әй, түйе қайда?

Кенжекей түнеріп төніп келіп қалған күйеуіне көз қиығын салмай, төрде жатқан алашаның шетіне отыра қап, кеудесінен емшегін шығарып баланың аузына тосты.

− Сорлы-ай, соры қайнаған балам - ай, өлуге қалыпсың ғой...

− Әй, түйе қайда?

− Өз балаң емес пе... Жұбатсақ қайтеді?

− Түйе қайда деймін?

− Түйең арам қатсын! Борша болсын! Қара өкпе тисін түйеңе!

Қамшы сартылдап ала жөнелді. Айғанша жылап, сыртқа ата жөнелді. Кенжекей тырп етпеді. Тек бір қолын жоғары көтеріп, аузына апарған емшекті де ала алмай, ықылық атып жатқан бауырындағы баланы қорғап басын бұға берді. Қайратты еркектің қолындағы өткір қамшы енді көбіне - көп әйелдің басына тиіп, жүн арқасын таспадай тіліп шыпылдап жатыр. Кенжекейді бір жан арашаламады; өлімге басын тіккен ол дыбысын шығармай, денесіне қамшы тиген сайын дір-дір етіп тістене берді.

Бір рет қамшы қарақұсқа тиді де, көзі қарауытып кетті. Қанша уақыт өткені белгісіз, көзін ашса... басы қорғасын құйғандай көтертпеді. Көк ала торғайдай дене алаулап, өртеніп барады екен. Тек бала сорған бауыры ғана жып-жылы.

* * *

Тәңірберген артында қалған шаруасын әрқашан тиянақтап тындырып жүретін-ді; осы жолы да жолға шығар алдында ауылда қалған жігіттерге өздері күтіп отырған құда -құдағилар келгенше күні бұрын алдын ала даярлап қоятын жабдық жөнін мұқият тапсырып кеткен еді. Қиқар бәйбіше қарсылық көрсеткенмен, сүйеніші мықты Ақбала бұл жолы тізгін еркін бермеді. Әке - шешесінің келуіне қарсы буулы жатқан тең-тең жүктерді шешкізіп, төр алдына бұрын бір жанның жамбасы тимеген асыл төсеніштер жайды. Үй ішінің дүние - жиһазын қайта жасаулап, ең аяғы ертең әке-шешесінің иығына жабатын түлкі ішік, қасқыр ішік, құндыз ішіктерді алдын ала әзірлеп қойды.

Тек, неге екені белгісіз, Сүйеу қартқа жіберген кісі кешігіп жатыр. Тәңірбергеннің де аяғы алысқа түсіп кетті. Ұзын құлақ хабарға қарағанда, балықшылар аулында болған күннің ертеңіне промсолға соғыпты; бірақ онда айналмапты; теңіз жағасына келіп жатқан Теміркеге тілдескесін, сол күні алдын кештете атқа қонып, Орда қонған болысына қарай тартып бара жатқанын осы ауылдың малшылары көріпті; бірақ мұндағы кісілер мырзаның неге бұлай жаны қыдырып дызығып жүргенін білмей, аң-таң боп отырғанда, қасындағы бір атқосшысын ауылға қайтарып: «Ертеңдері оралам. Күтіп отырған қонақтары келіп қалар, қамсыз болмасын », - деп Ақбалаға арнайы сәлем айтып жіберіп еді; Ақбала басқаға шүбәланса да, бұл жалғанда мырзаға шүбә келтірген емес-ті. Оның өзіне де, сөзіне де еш күмәнсіз сенетін. Әке - шешесінің келетініне енді кәміл сенді. Қалған жұрт тіпті сенді. Ауыл іші әбігерде. Құйқылжыған халық. Абыр-сабыр. Әрлі-берлі жүгірген, біріне - бірі айқайлап әмір берген кісілер. Ошақ қазған, сойыстық мал жетелеген, пышақ қайраған жігіттер.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий