Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ақбала бұрын әке-шешесін шақырта алмай зар илеп еді; енді дегеніне жетіп әке-шешесіне арнайы кісі кеткеннен бері зәре - құты ұшып, үйден де, түзден де жаны байыз таппай сасқалақтап, әбігерленіп бітті. Кішкене көңіл тоқтатып тынышталайын десе, әлденеге қақ төрде қаққан қазықтай тіп - тік боп тура алдына тесіле қарап алатын аппақ қудай шал көз алдына тұра қалғанда, зәре - иманы ұшады. Жаны дызығып тысқа шығады. Ішке кіреді. Не сырттан, не іштен жаны байыз таппай, бір үміт, бір үрей, екеуі екі жақтан анталағанда не күлерін, не жыларын білмей күпті көңілді жас пен күлкі екі жақтан қинап:

− Неге кешікті екен? - деп жалтақтап қасындағы келіншектерге қарады.

− Келер, келіп қалар, - дейді олар.

− Байғұс ата-анаң да сені бір көруге зар боп келе жатқан шығар,- дейді олар.

− Солай ма екен? - дейді бұл.

− Әрине. Екі көзі төрт боп келе жатқан шығар - ау, - дейді әлгілер.

− Енді шыда! Көбі кетіп, азы қалды ғой, - дейді тағы да солар.

− Иә, иә, аз қалды, - деп қостайды солардың бірі қалайда бұның мазасын алған күдікті сейілтпек болып.

− Аз қалды дейсің бе? Апыр-ай?.. Апыр-ай, неге кешікті? - дейді Ақбала бәрібір күдігі сейілмей.

− Бұл кешіккен бе, баяғыда келіншектер ата - анасын жылдап күтетін, - деп аузының ебі бар әлдебір абысын жоқтан жұбаныш табады.

─ Ата - анаға ұзатқан қыз артынан келу де сын. Ана сорлының қызына арнаған бір жасауы бітсе де, бір жасауы бітпей ел жағалап жүгіргенін көрдік қой, - деп өзін куәлікке тартады тақа болмағасын тағы бір абысын сөзге араласып.

Ақбала бұған иланды. Құрбы - келіншектер арасында бір мезгіл көңілі жадырап, аппақ жүзі әншейіндегі нұрлы ажарын тауып шынымен көңілденіп, құрбыласының әлдебір әзіліне сықылықтап күле түсті де, кенет кілт тыйыла қалды. Ел ішінде қайда бір күші тасып тұрған құдіреттілермен ұстасып, қырғи қабақтанып тайталасып жүретін әке мінезі есіне түсті де, тағы да тап бір қара суықтағы жапырақтай қалтырап кетті: «Жерге қарап қалмасам не қылсын». Ақбала өзін жұбатпақ болған жаңағы сөздердің біріне сенбеді. Баяғы бұрымы селтиген кішкентай кезінен бастап өзі жақсы білетін қатал әкенің ақ кірпігі, қызыл көзі, осқырынған ызалы ащы мысқылы көз алдына келеді де, түсі демде бұзылып, дір-дір етіп қалтырап қоя береді: «Құдай - ай, өзің қолда, қолдай гөр. Жерге қарап қалмасам қайтсін...»

Кенет бір дыбысты құлағы шалып:

− Біреу келді ғой. Солар... Солар болар, - деп асығыс түрегеліп, сыртқа жүгіріп шығып еді.

Үй іргесінен тұяғы сыртылдап өтіп бара жатқан сиыр екен. Ақбала тағы да жабырқап, бет - өңінің бояуы оңып сала берді. «Келмейтін шығар...» - деп ойлап мұңайып тұрған үстіне қара сұр бәйбіше кіріп келді. Дәл бір Ақбаланың көңіліндегі күдігі мен қаупін білгендей жайнаңдап басып, жайраңдап келді де, Ақбалаға бүйірін беріп тоқтады. Екі бүйірін таянып алған.

─ Ау, әлгі ауыл боп күткен құда - құдағиымыз қайда? Не хабар бар?

Ақбала қол - аяғы мұздап, сүлдерін шаң - шаң көтеріп тұр.

─ Мынаның есі дұрыс па? Неге үндемейсің? Артынан әке - шешесі келе жатқан кісіге ұқсамайсың ғой?

Ақбала абдырап сасып тұрып, әлдеқалай күлімсірегенін өзі де аңдамай қалып еді.

− Есі дұрыс па?.. Әке - шеше қуанышы есін алғаннан сау ма? Күйеуің қайда?

− А - а?..

− Күйеуің қайда жүр?

− Күйеу?..

− Иә, күйеуің?

− Қа - қайдам...

− О несі тағы? Тоқал байдың бауыр етінен жаралмаушы ма еді? Жөнін саған айтпағанда кімге айтады...

− Айтқан жоқ. Бірақ... келіп қалар...

─ Ие, жер жұтпас, келер. Ал бірақ сенің әке-шешең келмейтін болды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий