Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ақбаланың аяғы ауырлап қапты. Күйеуінің соңын ала кірген кісі басқа емес, қайнысы болса да кең көйлек астынан біліне бастаған қарнынан қымсынды ма, шай қамдап жүріп бойын жаза алмай қымсынып болды. Қара дақ секпіл шала бастаған аппақ жүзі мұңданып, кісі алдында көзін төмен сап жүретін бопты. Күйеуі мен қайны алдына дастархан жайып, шай жасап, бәйбішеге бәрін әзірлеп берді де, өзі ас үйге шығып кетті.

Жас мырза жұрт алдында өзін ұстай білетін келіншектің осы жолы да аяғын әдеттегідей асықпай, ырғап басып жөнеліп бара жатқан сұлу бойына қызыға қарап, көзінің астымен жөнелтіп салды. Шынында, осы бейшараның жазығы не? Бар кінәсі - әкесі мен осы ауылдың арасына делдал дәнекер боп, қырғи қабақ кісілерді татуластырып жіберу еді. Онысы аяғында өзіне соққы боп тиді. Ақбаланы аяды. Кейде кешкісін бұрынғы әдетпен ақ тоқалдың ыстық төсегіне аңсары ауып, көрпе астына сын беріп кіріп барғысы кеп ауаланып тұрады. Ыстық құшаққа бір кірсе, е, оның аржағындағы еркектің жайын біледі де, босаңсып бара жатқан бойын кілт тежеп, дереу қатайып ала қояды.

Ақбала шығып кеткесін, кесеге жұққандай қызыл күрең шайды асықпай, баптап ішіп отырып:

− Жасанжан, осы сен кедейдің сойыл соғарысың. Бірге тусақ та, бізден гөрі ішің соларға бұрып тұрады, - деп мырза ойының ар жағын ашпай, інісіне күлімсірей қарады.

− Иә... айта бер!

− Кедейдің қызына үйленуге қалайсың? - деді, көзінің қиығындағы әлгі жымысқы күлкі жылтыңдап інісін бағып отыр.

Жасағанберген бұны әлгі бір сөздің орайына қарай айтылған әзіл болар деп ойлады.

− Әйел алуға да қабілет керек. Ауылға аң келсе қорада жатып үретін софы ағамның ала мойнақтары секілді, нансаң, өз басым қызға қырсызбын.

«Қуын көрдің бе? Қайда бұрып бара жатқанын қара!» - деді Тәңірберген ішінен.

− Мына балықшылар аулында бір Ләйлі бар, тек Мәжнүні болмай құрып жүр.

− Тағы не пәле шығардыңыз, аға?

− Шырағым - ау, қатын алу, бала сүю Құдай бұйрығы емес пе?! Қалай туласаң да, соңыра сен де бір ноқтаны басыңа киерсің.

− Ну, к черту. Қойыңызшы!..

Тәңірберген ендігі әңгімені оңаша отырып сөйлескісі кеп, әйеліне:

− Дастарханды жина, - деп әмір етті. Өзің де шыға тұр!

Бәйбіше күйеуімен тақымдасып қатар отырып шай құйып бергені болмаса, ол қазір үй ішінің шаруасына араласпайтын. Ол ауыз үй жаққа дауыстады. Ешкім үндемеген соң қара сұр бәйбіше қаһарға мінді:

− Әй, керең болдың ба? Самауырды әкет.

Ішке Ақбала кірді. Самауырды көтергелі еңкейе беріп бәйбішенің құлағына аузын апарып:

− Басқа сөз таппадың ба? - деп еді.

─ Адыра қал! Төркіні жоқ, тұл тоқал! Сені ме... Сені енді төбеге ұрып отырып жұмсаймын, - деді бәйбіше.

Ақбала самауырды сыртқа ала жөнелді. Жасағанберген аяқастынан ширығып, орнынан атып тұрды.

─ Жас адамсыз, оқымасаңыз да қалаға барып татар байларымен араласып жүресіз. Екі әйел... екі әйел алғаның ұят қой! Масқара ғой! - деп бозғыл беті ду етіп, саусақтарының ұшы дірілдеп, өңіріндегі түймелерін жұлқылап, тартқылай бастады.

─ Ну!.. Ну, настоящий феодал!

Қатты ашу кеудесін қысып, қып - қызыл боп булығып тоқтады. Осыдан кейін біразға дейін өзіне-өзі келе алмай, ақ торғын орамалмен маңдайын, бетін сүртіп, үйді ерсі-қарсы кезіп кетті.

─ Ей, шырағым, - деді Тәңірберген, - сөктің екен, бізге түсіндіріп сөк. Жасы үлкен кісіні сөгетін боқтық сөзге біздің тіліміз де кенде болмас.

─ Үлкен... Үлкен... Ауыз ашса тек үлкендігін сәдеттеп шыға келеді. Кіші болғанша күшік бол дейтіні тағы бар. Мен бірақ... кхе, кхе... күшік бола алмаспын!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий