Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ақбала сәл қозғалса құлайтындай сезді. Көз алды теңселіп, табан асты шайқалып, үй, уық, кереге - бәрі, бәрі пышырлап, түндік төбеден сыпырылып баратқандай. Қазір ғана қасында тұрған келіншектер де қапелімде қарасы үзіліп алыстап барады. Басы айналды. Көзін жұмғысы келді. Осы қазір бұның өзі де қарағаннан қарап тұрып дүниенің неге, неліктен теңселіп кеткеніне түсінбеді. Бәйбішенің неге дікектеп, жер тепсініп тұрғаны да санасына бірден жете қоймады.

─ Тарқат мына дырдуды.

Ақбала дәрменсіз бір қимылмен қарсылық білдіргісі келіп еді, бірақ әлденеге жүрегі дауаламай жасқаншақтап қала берді. Ақбаладан ештеңе шығара алмағасын адуын бәйбіше енді қаһарға мініп, әркімге бір айқайлап, қонақ күтіп отырған ауылдың бар әзірлігін быт -шыт қылды. Қонаққа соймақ боп босағаға байлап қойған малдарды шешіп жіберді. Бұл күндері Ақбалаға қолқабыс беріп, қызметін істеген келіншектерді де қуалап, ауыл үстін лаң тигендей етті.

Сосын есін жия алмай тұрған Ақбалаға жайқаңдап келді де:

− Осы желіккенің жетер. Төбемізде тайраңдата беретін бұл балықшының аулы емес. Тыйыл енді, - деді.

Осы кезде бір топ кісі қатты даурығып кеп Алдаберген софының үйінің алдына тоқтады: Ақбала мына әлденеге даурығып келген ашулы топқа еріксіз назар аударып еді, көп кісінің ішінен осыдан үш күн бұрын Сүйеу қартқа жіберген ақи көз жігітті көрді. Бет -аузы қызыл алақан. Басын ақ шүберекпен таңып алған.

─ Қу шұнақ шалдың кімді қорлағаны, әй? Кімді басынғаны, ә? - деді Алдаберген софы ақырып.

Ақбала ішке кіруге ғана шамасы жетті. Сүлдері құрып, төсегіне жете алмай, жолда тұрған адалбақанға бойын сүйеп асыла кетті. Сүйткенше болмады, бұған көңілдес бір келіншек сырттан сүріне - қабына кірді:

− Мырза кеп аттан түсіп жатыр.

− Құдай-ай... Не пиғылымнан таптым...

─ Қайтесің, шыда!..

Ақбала дірілдеп, көз жасын күшпен іркіп тұр.

Жасағанберген сыртқа шықты. Басында құндыз бөрік. Иығында түлкі ішік. Елге келгеннен бергі әдет бойынша ол бүгін де төсектен тұрған бойда үй сыртындағы ақ шоқалақтың басына шығып, біраз сейілдеп, бой көтеріп қайтқанша еді; бірақ ызғырық, суық желден денесі тітіркеп кетті де, үлкен үйдің күншуақ бетін ықтап тұра қалды.

Қасына Тәңірберген келді.

− Жасанжан, бүгін қалайсың? Ұйқыңды қандырып тұрдың ба?

− Жақсымын, аға.

− Іншәлла, енді жаман болмассың. Туған жердің топырағы кісіге майдай жағады ғой. Көре қал, көп ұзамай етке шыға бастайсың.

Сырқат жігіт кіржің етті. Еш нәрсеге зауқы шаппай, өзінен өзі берекеті кетіп, жүдеп кірбиетін де жүретін әлдеқашанғы әдеті. Тәңірберген түк сезбегендей жанарын алысқа тастап маңқиып тұр. Сұлу мұрты жілік майын жаққандай күн астында жылтырайды. Сонау жақта ыңыранып, талып естіліп тұрған теңіз сарынына бір сәт құлағын түріп, тың тыңдап алды да, жүзін інісіне бұрды:

− Байқайсың ба, осы теңіз ашулы - ау! Өкіріп жатқанын көрдің бе? Мынау өксігі.

− Ища - а!

− Мезгілі ғой.

− Иә, әр нәрсенің өз мезгілі бар.

− Шай іштің бе?

− Жоқ... Неге екенін білмеймін, асқа тәбетім шаппайды.

− Жүр, шайды бүгін бізден іш!

− Мақұл, болсын. Жүр, - деп жас жігіт тез пейіл білдіріп, ағасының алдына түсе берді де, кенет тоқтап тұра қалды. - Осы... ауылда отын жағы қалай?

− Отын?

− Иә, отын...

− Оны қайтесің?

− Кеше... софы ағамның бәйбішесі сауыншы әйелге тезек бермей, шаңқылдап ұрысып жатқанын көріп едім.

− Сондай ұсақ - түйекке көңіл бөліп қайтесің?

− Күн суытты... Бейшаралар, тым құрыса, от жағып... үйлерін жылытып отырса...

Тәңірберген інісін ертіп ішке кірді. Төрге шығып бара жатып алдынан тік тұрып күтіп алған Ақбалаға ыңғай бермеді:

─ Шайыңды әзірле!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий