Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жасағанберген көп отырмай, қоштасып жүріп кетті. Жас жігіт балықшылар аулынан көңілсіз аттанды. Осыларды теңізден басқа түк білмейтін керең кісідей көретін. Күйкі тірлік қажап, ығыр болған жандардың басында күн сайын теңізден қазандық балық ұстап, қатын - бала асыраудан басқа ой да, арман да жоқ қой дейтін. Енді байқаса бұлардың да ұғымы өзгеріпті. Жер тәңірісі деп жүрген ақ патшаны ана жақта жарадан алып жатқан бір құдірет күштің барын бұлар екеш, бұлар да сезіп, елеңдесіп отыр. Бір ғажабы, соған қынжылған бір адамды көрген жоқ. Ең аяғы жаңағы жаман шал да патшаны табалағандай ма, қалай? Иә, табалады?! «Мың асқанға бір тосқан»... Апыр - ау, бұл заман не боп барады! Жас жігіттің ат соққан денесі енді, тіпті, қатты титықтап, тас тиген жапалақтай ерге шөгіп қалды. Жаңа оның балықшы ауылдан жабырқау аттанғанын көрген кісілер әр саққа жүгіртті. Мәселен, Мөңке: «Бай мырзасы үйімізді қомсынды», - деп ойлады. Судыр Ахмет: «Іші-сыртын бірдей ғып тойдырып жөнелтпегесін қонақтың қабағы қайдан ашылсын», - деп ойлады. Ал, Жасағанберген келерінде төңірегіне сұқтана қарап көз салып келіп, кетерінде сүлеленіп, иығы түсіп бара жатқанын Қарақатын, тіпті, басқаша түйді. Ол балықтан үсті-басы малмандай су боп келген күйеуін де күтіп алмай, үй жағалап жүгіріп жүр:

− Не білгенің бар? Бай ауылдың мырзасы келіп кетті ғой. Балықшы ауыл атансақ та, Құдайға шүкір, жұрттың азы мен тозы емеспіз. Бай ауылдың маңдай алды жігіттерін өзіміз аяқтандыруға қарадық. Ана жолы Тәңірберген Ақбаланы тоқалдыққа алса... енді оқыған мырзасын тағы біз аяқтандырғалы тұрмыз. Көрерсің де білерсің, әлгі жігіт біздің Айғаншамызды... ие, ие, аспандағы айымызды әкеткелі жүр.

− Оны қайдан білдің?

− Ай, ойбай-ай! Мен білмейтін жердің астында ғой. Жігіттің бетіне осылай бір қарадым да, бәрін біле қойдым. Қызды көрем деп көзі жылтыңдап келіп еді. Көре алмағасын, әне, әнекей... ұнжырғасы түсіп сүмірейіп кетіп барады. Ой, не қыласың?! Жас мырзаның сыртынан қарап тұрып, қыбым қанғаны сонша... өз санымды өзім үзіп - үзіп алдым!

Қарақатын келесі жолы әңгімені жаңағыдан да гөрі үдетті:

− Несін жасырайын?! Қазір Тәңірбергенмен арамыз жақын ғой. Аулына барғанда ол бізге Айғаншаны інісіне алып бергісі келетін ыңғайын танытып еді. Жастардың арасына жеңгелік ет деп еді. Оқыған жігіттің мына келісі тегін емес екенін білдім, бірақ жігіттің біздің үйге түспей, ана жаман Мөңкені сағалап келгеніне күйіп кеттім. Сосын, қызға жетіп бардым да, «ал, сорлы, үйден шықпа, - дедім. - Сені көрейін деп жігіт келіп отыр, бай ауылдың бағлан мырзасы, - дедім.- Бірақ сен де осал емессің, шошаңдамай отыр былай», -деп, қызды қозғалтпай қойған мен... мен ғой.

* * *

Мөңке мен Төлеу ау қарап қайтты. Екеуі де үнсіз. Екі-үш күндікте қатқан көкше мұзды тайғанақтап сықыр - сықыр басып келеді. Төлеу тіл қатқалы оқталса да бата алмады. Қарт балықшының қабағы қатыңқы. Еламан, Кәлен, Райдан айырылып сағы сынып жүргенде бұған тағы бір тосып пәле тап болды. Қай заманнан ыдыс-аяқтары араласып отырған Доспен қазір дүрдараз. Қатар отырған екі үй бір- біріне қатынамай қалды.

Қарақатынның жайы белгілі. Бұл тұста Мөңке Досқа өкпелі. Басқаны қойғанда, ол шіркін ауыр өмірдің азабын бірге көтерген қашаннан бергі кәрі дос емес пе?! Жер түбінен бірге жасасып келе жатқан тату-тәтті шағын бір ғана түс шайысудың тұсында қалай ұмытты?

Мөңке бұны тірі жанға тісінен шығармаса да, ішінен қатты қиналады. Қысқа қарай жалғыз кісіге мұз астынан балық аулау қиын болғасын Төлеуді серік қып қасына қосып алған-ды.

─ Асымдықтан ауысқан балықты көршіңе берерсің, - деді Мөңке айырылысар жерде.

Төлеу үйіне бұрылды. Кенжекей есік алдында отыр еді, күйеуін күндесінен бұрын көрді. Күндесінен гөрі бұрынырақ түрегелсе де, бірақ сонан артыққа батылы жетпей, ысырылып кейін шегініп кетті.

Балжан жайшылықтағы суық қалпын бұзбай, орнынан ақырын түрегелді. Төлеудің су киімдерін шешіндіріп жатып:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий