Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бірақ ешкім үндемеді. Сөзге шорқақ Дос басын бауырына алып, томаға - тұйық отыр. Анда - санда қазан жаққа көзінің астымен қарап, бұл кезде бір қайнап, қанды көбігін сапырып жатқан жас тайлақ етінің иісімен дем алады. Ал Мөңке кемпір күткен жаққа тіпті аяқ баспады. Кеш бойы ол кемпірден қайда бір келіспеген нәрселерді сұрап, жер шалғай, жол алыс, жеткенше қиындық көрген шығарсыңдар деді. Бұл жақ; қонысқа қалай екен деді. Онан ырызық - несібесі бірыңғай суға қарап отырған кісілердің қыр қазағынан біраз айырмасы барын айтып, қайда бір келіспеген өнімсіз әңгімелерді ежіктеп кетті. Атақонысын тастап, көріпшілік хал бастарына түсіп отырған кісілердің көңілін делбегісі келді ме, келесіде қарт балықшы теңіз жағасының тірлігін тіпті тасырта мақтап, күнделікті қазандық балығы мен шабындығын, отын, суын көйітті. Соның бәрінде де қара кемпір қарт балықшының сөзіне жөндеп құлақ аспай, салғырт тыңдап, шала ұғып отыр. Қарт балықшының әңгімесіне тек әйтеуір көңілге бола бас изегені болмаса, қалған уақытта құлықсыз, енжар, тек ернінің ұшымен жай ғана жауап қатады.

Жастар жағы жұмған аузын ашқан жоқ. Үлкендер алдындағы өздерінің дағдылы ибалылығын сақтап, шәкірт балаша монтия - монтия қапты. Қонақасыдан кейін ғана тілдері шыға бастады. Бір топ жас араларындағы әнші, домбырашыларды ортаға алып, өз алдарына оңашалана бастады. Бетінен оты шыққан қараторы жігіт домбыра тартты. Онан осындағы әдет бойынша ауылдың алты аузын айтты да, домбыраны қасындағыға ұсынды. Ол қысылып қап, арғы жағындағы біреуге асырып жіберді. Домбыра осылай қолдан -қолға өтіп, жүздерін жел қаққан жылтыр қара балықшы жігіттерді аралап шықты. Жаңағы қараторы жігіттен кейін жеке ән салуға ешқайсысының жүрегі дауаламады. Үй толы халық тұйыққа тірелгендей, аңтарылып қалып еді, сол кезде әлгі жігіттердің арасында үркердей боп бірыңғай отырған он шақты қыздың ішінен біреу шырқай жөнелді. Қара кемпір көзін уқалап жіберіп, қайта қарады. Бәтір - ау, мынау... мынау Айғанша ма, өй? .Бәсе, ертеден бері қасындағы біреу бірдеңе десе де бетінен оты шығып, ернін тістей алатын осы ауылдың ұялшақ қыздарын қайрап отырған-ды. Ән бастар алдында да Айғанша қасындағы қыздардың құлағына бірдеңе деп сыбырлап, бастарын шұлғытып құптатып алды да, салмақты жүзін жоғары көтеріп, сезімге шабатын сыршыл дауыспен шырқай жөнелді. Балықшы жігіттер қыз әніне іле қосылып, өздерінің суыққа қарлыққан әлем-тапырық дауыстарымен дүрілдетіп әкетті.

Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін,

Кел десең, неге аяйын аттың терін?!

Сары ағаш сазға біткен секілденіп,

Қай жерде отыр екен бұраң белім?!

Ән үзілгенде қараторы жігіт ұшып түрегелді:

− Осындай жігітті де күйікке салған қыз шіркіндер қандай қатал еді?!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий