Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Әй, жарқыным, тұр. Ана қызға жәрдемдес. - Қалау тон астында қимылдап қозғала түсті де, қайтадан тым - тырыс бола қалды.

− Әй, тыңдайсың ба, саған айтам...

Қалау бұл жолы да басын көтермей, тон астынан күңкілдеп бірдеңе деді де үні өшті. Сыртта ит үрді. Түйе бақырды. Әлдекімнің ата - бабадан боқтаған бейпіл даусы шықты. Қара кемпір балықшылар естіп қала ма деп жерге кіріп барады. Балжан мен Кенжекей үйге бір- бір құшақ отын кіргізді. Әкелгендері от тисе ие бермей лаулап ала жөнелетін томар жусан. Кешегі жаңбырдан кейін екі-үш күнгі жадыра шуақта басы шашақтанып, бүрлене бастапты. Қатарынан екі құшақ жусан ішке кіргенде, әлгінде ғана елі кесек пен су топырақтың сыз иісі кісі тынысын ауырлатып тұрған үйде кенет дала шөбінің иісі бұрқырап қоя берді.

Кенжекей от жақты. Жалпылдақ отын лаулай жөнелді. Қара қазан асты қапелімде қызыл шоққа толып, от сәулесі жарқылдап, түнеріп тұрған үйдің түкпір - түкпірі қапелімде көңілденіп шыға келді. Қазандық алдына төсек жайылды. Сырқат кемпір, қатын - бала отқа жақындады. Қалау да тон астынан басын көтерді.

− Тамақ істедіңдер ме, әй? - Айғанша сықылықтап күлді.

− Жұмысы ауыр ғой, тамақ беріңдер.

− Әй, қыз... тиіспе маған, шашыңды жұлам. - Күлкісін тыя алмай, сықылықтап жатқан қарындасына тағы бірдеңе дегелі оқтала түсті де, үйге қарай беттеп келе жатқан әлдебіреудің аяқ тықырын есітіп, сыртқа құлағын тікті. Үсті - басы сықырлап екі балықшы кірді.

− Кеш жарық!

Олар қолына ұстай келген балықты қазандық жанында жатқан отын үстіне тастай салды. Тірі сазандар сап-сары бауыры ошақтан түскен от сәулесіне шағылысып бір- екі шоршып аударылып түсіп еді, бұрын балық көрмеген Төлеудің кішкентай балаларының көзі атыздай боп, аналарының бауырына тығылды.

Мөңке мен Дос бел шешіп отырмады. Өздерінің үстіне көшіп кеп ірге тұрғызып жатқан кісілермен әлі үйренісе қоймаған. Әңгіме де туа қоймады. Әрі-бері үнсіз отырғаннан кейін екі балықшы мыналардың жаңа қоныстарына құтты болсын айтты да, үйді-үйлеріне кетті.

Кенжекей мен Балжан балық союға кірісті. Кішкентай балалар аузын ашып қызықтап қапты. Қалау мен Төлеу балық сойып жатқан екі келіншекке ентелеп кеп, үстіне төніп тұр. Көп ұзамай балыққа тоятынын білген ағайынды жігіттер көңілденіп, жымыраңдап күле бастады.

− Апыр-ай, берекет теңізде екен ғой.

− Асылы, қара жерге қолдан егіп астық шығарғандай емес, рахат өмір мыналарда екен. Қорадағы малың сияқты ғой, бұлар үй іргесіндегі теңізден балықты ұстап әкеп соя береді -ау, шамасы.

− Төлеу аға, сен... сен уылдырығына қара. Майға бөктірген тары сияқты. Ойбай, әне бір аппақ қуығы не?

− Әй, балаларым, - деді қара кемпір.

Қалау мен Төлеу соққы астында бұққандай, мойнын ішіне тартып ала қойды.

− Жаңа тілектің үстінде тұрсыңдар. Реті келді. Тайлақты сойыңдар! - деді кемпір.

Қатар отырған екі жігіт бір- біріне көзінің астымен қарап, күліп жіберді. Төлеу атып тұрып апалақ - құпалақ пышақ іздей бастады. Ең аяғы үй шаруасына арам өліп бара жатса да араласпайтын Қалау да алақанына түкіріп құлшынып шыға келді. Асыққанда шолақ танау әншейіндегіден қаттырақ шуылдап, ыржалақтап әркімге бір қарады. Онан есік алдында күйіс қайырып жатқан тайлаққа жетіп барып алды - артына шығып «осының бәрі ет - ау», - деп ойлады. Тайлақтың қарамына көңілі толған жігіт жабу сыртынан қомын, өркешін ұстап көрді; әсіресе, тіп-тік өркеш жас қыз емшегіндей тері астында тырсылдап, тып - тығыз май саусағын батырмай қайта теуіп жібергенде, Қалау «о - оһо» деп күліп жіберді. «Әлгілер қайда? Істері бітпейді. Неге кешігіп жатыр?» Қалау енді аға-жеңгесіне ызаланды.

Әйелдер арқан іздеді. Өреше жақта табақ, шелек даңғырады. Көп ұзамай пышағын, арқан -жібін, ыдыс - аяғын алып, сырқат кемпірден басқалары дабырлап сыртқа шықты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий