Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Қате емес, бұл қиянат. Бізге істеген қиянатың. - Жас мырза былайғы уақытта қырына алғысы келгенде, ол әдетте жұртқа ұқсап бет жыртысып, қызыл кеңірдек боп керілдесіп айтысып жатпай - ақ ар жағындағы ойын көбіне қасы мен қабағынан аңғартып, сыртын суық ұстап отырып та жылан арбаған торғайдай тұралатып тастаушы еді. Осы жолы мынаған, мына имансызға күні бұрын әзірлеп қойған ауыр сөздің бәрін айтты. Оған неғұрлым опасыздықтарын тізіп, бірінен кейін бірін бетіне басқан сайын, о да соғұрлым бұның өмір бойы өзіне істеген озбырлықтарын бірінен соң бірін есіне алып, беті бүлк етпей сазарып алды. Өзгесін қойғанда өткен жылы осы Тәңірберген сенімді жігіттерден қол ұйымдастырып, ел жата түрікпен жеріне аттандырмады ма?! Сапары сәтті болып, түрікпеннің жылқысын қуып әкелмеді ме?! Және жау қолынан алған сонша көп жылқыны тағы да осы мырзаның ақылымен, өкшелеп соңынан қалмай қойған қуғыншыны ізінен адастыру үшін бұлар тура ауылға тартпай, әуелі сонау Адай, Табын елінің үстін басып, орағытып келмеп пе еді?! Тағы да осының айтуы бойынша, балықшы ауылға таң алдында жұрт шырт ұйқыда жатқанда келмеп пе еді? Онда да, жылқыны аулақтағы бір тасаға иіріп тастап ауылға жалғыз өзі кеп хабар бермеп пе еді?! Сонда бұл сүргінге ұшырап, қан сорпасы шыққан жылқыларды бір күн орнынан қозғамай, солығын басып, тынығып алғанын жөн көрсе де, бірақ бұл біреу-міреудің көзіне түсіп, әйгіленіп қалар деп көнбегені былай тұрсын, керек десе, атының терлігін де құрғатпай, келген ізімен қайта қуып, түрікпеннен әкелген жылқыларды ұры шыңының қалың шатқалына көз асырып жібермеді ме?! Бұны да ел ұйқыда жатқан бейқамда, бір жанға із - тұзын білдірмей істегендіктен де шеттен келген сонша жылқы суға батқан тастай жым-жылас жоқ боп кетті емес пе?! Сүйте тұра, бұған «кісі хақы» деп қожаңдайды. Түрікпен жылқылары кісі хақы емес пе? Сонша тегін олжадан бұған не татырып еді? Ер-азаматы әрқашан ат үстінде әзір тұратын жауынгер елдің жылқысын қуып әкету бұған оңай боп па еді?

Ебейсін үндемеді. Тәңірберген нәсілсіз хайуан деп итін шығарып, жер - жебіріне жетіп тілдеп жатқанда да бұл жұмған аузын ашпай, қабағы салбырап, тобарсыған қалың бет ішкі сезімін сыртына шығармай тұнжырап алған-ды.

− Әй, залым, есітемісің?.. - деді Тәңірберген.

− Нені?!

− Малымды жедің.

Ебейсін түкке түсінбегендей, иығын қиқаң еткізді.

− Малымды қайтар!

− Мақұл, мырза. Ақшалай аласың ба, әлде малдай қайтарайын ба?

Тәңірберген аузына сөз түспей қалды. Ебейсін қойнынан бір буда ақшаны алып базардағы машықпен бір-бірлеп санады да, Тәңірбергенге ұсынып еді, Тәңірберген қолын соза қоймады. Азсынып отыр деп ойлаған Ебейсін:

− Ауылдық жерде мал түк емес. Мен саған базар нарқымен беріп отырмын, - деп ақшаны алдына тастай салды.

− Жоғал!.. Шық үйден!..

− Жарайды, мырза. Екіншілей базарға басқа кісіні жұмсарсың, - деді де, Ебейсін салғыласпай, тұрып жүре берді.

* * *

Биылғы күз жылдағыдан ұзаққа созылды. Жауын - шашынсыз ызғырған қара суықтың зәрі сынбай, осы бір қылшылдаған қалпымен қарлы қысқа қалай ұласқанын аңғармай қалатындай еді, сонан бір күні көк жүзін бұлт торлап, іле - шала қар қыламықтап, жер бетін жеңіл кірбік басты; жыл басынан етек - жеңді кеңге салып жайбарақат отырған шаруа ертеңгісін ояна сала бір түн ішінде бар дүниені аппақ қып басып салған қарды көргенде қорқып кетті. Отын, шөбін тасып, қора - қопсысын қамдап, қыс жабдығына қауырт кіріспесе болмасын білді. Осыған ойы талпынса да, бірақ қолы бармай, кежегесі кейін тартып жүргенде күн райы өзгеріп, теңіз буланды. Жыл бойы мал тұяғы тимеген жағалаудың қау шөбі түнге салым шыққа малынып, күн қанжылымданып былжырап тұрды да, ақырында құйып жаңбыр жауды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий