Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Төлеу бөгемек болғандай ілесіп ұмтыла түсті де, тоқтады. Саудагер жігіттің сол ана зегірен бешпенттің жағасын кәріп жырта жаздап бара жатқан қызыл қоңыр мойнына, сосын күдірейген шошқа жон бітеу жауырынына көзі түсіп еді. Осынша жалынып-жалбарынғанда оның бір сөзге иманы бүлк етпеген керең түрінен қатты түңіліп, мұздай тер маңдайынан бұрқ етті. «Ойпырым - ай, бұндай да адам болады екен ғой». Төлеу есін жия алмай, сасқалақтап жан - жағына алақ - жұлақ қарады. Күн қызарып батуға таяп қапты. Ауа бұлыңғыр. Кешкі жел шұғыл қатайып, бар әлем шаңытып тұр екен. Төлеу күзгі күннің қатқыл суығын жаңа сезгендей, иығы құнысып, бүгежектеп ықтап кете берді. Сыртта иіріліп тұрған қатын-баласы есіне түскенде есі шығып, сасқалақтағаны сонша жаңа ғана беті қайтып қалған кісінің соңынан қайта жүгірді. Бара сала « ағалап » шалғайына оралып еді, Ебейсін қолын қағып жіберді. Төлеу қайта жармасты.

- Аға - еке - ай, үй ішім, бала - шағам... Қараңғыда қайда барам...

- Онда менің шаруам қанша?!

- Мұсылмансың ғой.

− Мұсылмандықты саған бердім.

− Астафиралла... Дәм-тұзымды талай татып едің ғой. Ақысын алсаңда...

Ебейсін тоқтай қалды. Етігінің тұмсығына қарап, ойланып тұр:

− Бәлкім... сататын бірдеңең бар шығар?

− Бар... бар...

− Нең бар?

− Бір құнаншам бар.

− Құнанша дейсің бе? Сосын?

− Сосын, бір жалпылдақ тайлағым бар. Алдына мұрын тесер бұйда - сайма.

− Бұйда - сайма... бұйда - сайма дейсің, ә?

− Иә, иә, бұйда - сайма!

− Жүр, көрелік!

− Қолдағы мал қайда қашар дейсің... әуелі бала-шағаны жылы жерге орналастырсақ... Шешемнің де үзірі бар еді...

Ебейсін қайырылмады... Түйе үстінде жардай боп отырған ірі сүйек кемпірге көзі түсті. Өзінің әне бір кезде Құдайменде болыстың оқудан қайтқан інісін алып келе жатып осы кемпірдің үйіне тоқтағаны есіне түсті. Кемпір де оны бірден таныды. Амандасқалы қалың киімді бойымен қалауыштан еңкейе беріп еді, бірақ Ебейсін рай бермей тұсынан тезірек өтіп кетті. Ал, екі келіншекті кісі екен деп елеген де жоқ.

Ебейсін құнаншаны көре сала қолын сілтеді:

− Қой, мынауың нашар. Біздің ауылдың сүт тайлағынан да төмен...

− Аға-еке-ау...

− Өй-й, аға - мағанды қой!..

Ебейсін нар қоспақтан туған қос өркеш тайлақтың алды - артына шығып жалақтап жүр. Тайлақтың әуелі омырауына үңілді. Қолтығына қолын сұқты. Жүнін ұстады. Құйрығын көтеріп, олай - бұлай қарады да, сосын бұ да дәл ана Теміркеше қолын сілкіп кейін шегіне берді.

Шаһарлы жердің базарына салсаң өтпейді. Мал ғып тұтынуға тағы кеміс. Мынауың сұлама өркеш, салқы төс, бақырауық жайсаң болғалы тұр екен. Мұндай мал жүріске де нашар. Көш жер жүрмей қолтығы ойылып қалады. Тегін берсең де алмаймын.

− Аға - еке - ау, не деп тұрсың?.. Сен айтқандай керіс қоспақ емес, түс нардың тұқымы, ата мал! Мұсылмансың ғой...

− Әй, пақыр, саудаға мұсылманшылық жүрмейді. Мына түйеңді сатпайсың ба?

Саудагер жігіттің қырағы көзі жас балалар мен сырқат кемпірдің астындағы сары інгенді шалыпты; өзі көріп жүрген түйелерден сөгерлігі артық, сирақты сары інгенге көзі түскен бойда ындыны кетіп, алды - артына шығып жалақтап жүр еді. Кемпір оған түйе үстінен түйіле қарады. «Мұндай екеніңді бұрын білсемші», - деп ойлады да:

- Әй, балам... - деді Төлеуге, - түйенің басын жетеле. Басқа ауылға барайық. Енді кідірсең мына қара бет түйені қойып, мені саудалар.

Төлеу түйенің басын кейін бұрды. Кебежеде мойны қылқиған жүдеу балалар қыңқылдап ас сұрай бастап еді, қара кемпір зекіп қалды:

− Түйеден лақтырып жіберейін бе?.. Тыныш отырыңдар! Күшіктей қыңсылап, бір жағынан сендер де жан алып біттіңдер ғой. Барды бермей отыр дейсіңдер ме?

Бала ғой, ес білсе сөйте ме?..

− Сен қыз, тыныш отыр!

Қыз тоңғанын сездірмей тістеніп отырған-ды. Кемпір ұрысқаннан кейін жым бола қалған бөпелерін бауырына қысып:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий