Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мал баққан ала көбең шаруаның онан сайын зәресі ұшты. Аузын ашса айтатыны қолдағы аз ғана малдың қамы: «Ай, биыл тағы сорлап қалмасақ қайтсін?.. Осыдан кейін аяз соғып, жер қатып, көк мұздақ болатын шығар. Кәдімгі мал ішін бұзып, қой - ешкінің тұяғын қиятын мұздақ...» - деп қорқып отырғанда, күн райы шұғыл өзгеріп, бұл жолы тағы да шаруа ойынан шықпады. Осының алдындағы қар мен жаңбыр суынан кейін миы шығып кеткен жер реңі қазір өзгеше. Қазір көктем қайта келгендей бет жағы бусанып жатқан. Сонан бір күні түн ортасы ауа бергенде ышқынып қара дауыл соқты. Есік-терезелер әлсін-әлі сарт - сұрт ашылып - жабылып бір мойын қазақы пеш көмейі гүрілдеп ала жөнелді. Қара суық қапелімде сөлін сығып алған сары дала тақтайдай таңқылдап қатып қалды. Ірі қаралар ық іздеп, қой - ешкі бүрсеңдеп қораға тығылды.

Төлеудің үйі жар басындағы балықшылар аулына орналасқан-ды. Кешегі қара суықтан кейін сабалап жауып кеткен алғашқы қармен аралас-құралас қимылдап, балықшылардың көмегімен көптеп-көлемдеп жерқазба салып алды. Есіктің орнына алаша ұстамақ болған Төлеу мен Қалау қайта - қайта қолын демімен үрлеп, ысылдап - пысылдап жүргенде, мына жақта Кенжекей мен Балжан балшық иледі. Ішке кесек тасыды. Қазан орнатты. Айғанша да жеңгелерімен аралас - құралас жүгіріп жүр. Қолы, бет - аузы балшық. Басына тартқан шыт орамал астынан сыртқа әлсін-әлі дудырап шығып кете беретін шашын бір сілкіп кейін қайырып тастап, ара - арасында мұрнын бір тартып қояды. Аға-жеңгесіне жәрдем беріп, жұртпен бірге жұмыс істегенге мәз. Қазір қазан орнатады. От жағады. Ой, сосын несін айтасың, күнұзын тоңып бүрсектеген .үй іші ошақ алдына жиналып, отқа қыздырынып, рахатқа бататынын ойлап, аш кісілердің арасында жалғыз өзі қара көзі жарқылдап, ұшып-қонып жүр. Ағаларына айтқанын істете алмаса да, екі жеңгесіне мәтіби. Бір ананы, бір мынаны істе деп, күні бойы Балжан мен Кенжекейдің тізесін бір бүккізбеді.

Қара кемпір қызына дән ырза. Жымиып күліп қояды. Ал қос ұлына көзі түссе шытынып қалады. Әттең, не керек, осы кішкентай қыздың талабын Құдай ана шіркіндерге бермеді ғой!

− Қазан көтеріңдер, балалардың қарны ашты, - деді кемпір келіндеріне.

− Отын жоқ қой, әже, - деді Төлеу.

− Ой, заман - ай! «Әйел ерге, ер жерге қарайды» деген. Балам - ау, отын болмаса, Құдай айтқан түйе бар, қолыңа кетпен ал, қасыңа келіншектеріңді ерт. Үй сыртындағы қоңырлықтан сүт пісірімде бір түйе отын шауып әкелесің.

− Ой, қойшы. Күн суық... Кісі бетінен басады.

− Жұмыс істесең - жылынасың.

Төлеу бұрқылдап сөйлеп жүріп, күпісін киді. Белін буды. Ағаш төсекте бөксесін көрпемен орап отырған сырқат шешесінің алдынан әрлі - берлі өтіп жүріп, халін сұрамақ түгіл, көз қиығын да тастамады. Апыр - ау, осы шіркін кімге ұқсаған? Әкесі марқұм ақжарқын ашық болатын. Үйір-үйір мал кең далаға сыймай жатса да, қашан көзін жұмғанша қатын -баланың қамын жеп, жарғақ құлағы жастыққа тимеп еді. Өзінің де қол қусырып отырған кезі болмапты. Әттең, не пайда, кәрілік пен сырқат қос қабаттап құртты ғой. Әсіресе, осы жолғы сырқат өзіне қатты батты. Оң жақ бүйірден қанжар ұшындай қадалып тұрып алды. Құйттай қозғалса бар денесі қан қақсап жаны бірге шыға жаздайды. Іштен жабысқан дерт сүйек - сүйегін сырқыратып жатса да, бала-шағаның мазасын алмайын деп, дыбыс шығармай тістеніп алады. Бірақ кәрі дененің қажыры қаншаға жетерін кім білсін?..

Кемпір күрсінді. Таң атқалы тыным көрмей жүрген қызын ойлап, ана жүрегі елжіреп отыр.

− Айғаншажан - ай, шаршадың - ау, балам, азырақ демалшы.

− Жоқ, жоқ, апа...

− Салқын тиер, тым құрыса сыртыңнан киім киші.

− Жоқ, апа, дәнеңе қылмайды.

− Әй, қыз, айтқанды тыңдайсың ба, жоқ па? Қайт кейін...

Айғанша бір шелек үйіндіні сыртқа ала жөнелді. Қап, мына қызды - ай, сорлы балаға салқын тимесе қайтсін?.. Құдай қылса қайтесің?! Осының бәрі Қалаудан ауыспайтын шаруа. Қалау есікке алаша ұстағасын басқа шаруа бастан асып жатса да қайырылмай, жүк үстіне құлай кетті. Қара тонмен басын бүркеп алды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий