Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жұрт ду күлді. Ұялшақ қыздар бетін бір-бірінің тасасына жасырып, төмен қарап кетті. Тек есік алдында бетін мұздай босағаға сүйеп тұрған осы ауылдың келіншектері жаңағы қараторы жігіттің не дегенін, мына жұрттың оған неге күлгенін аңдамай қап, бір- біріне қарады. Мына ән келіншектердің қайда бір сырқырап тұрған жерін тауып, жүйкесін жанды жерінен бір- бір басып өткен-ді. Баяғы ата-ана үйінде өткен өздерінің қыз кезін, елін, жерін, суын, аға-жеңгесін еске салып, жаны жабырқап мұңайып тұр. Кенжекей көзінде құйыла жаздап тұрған жасты жалма - жан кірпігімен көлегейлеп, ұйқысы кеп қыңқылдап отырған кішкентай қызын бауырына қыса түсті. Әншейінде өңін алдырмайтын Балжан да тап қазір көңілін құйын соғып өткендей құп - қу. Ал балықшылар әлгі бір ала қалжың, ақтай күлкіден тыйылып, жаңағы тоя жеген астан кейін денесін ауырлағандай төр алдында теңкиіп - теңкиіп жатыр. Күні бойы ашық теңіз үстінде тұла бойын суық алып келген кісілер енді қазір бұл жалғанда қандай қиындықты бастарынан кеше жүрсе де, өздерінің өмірінде де аз ба, көп пе осындай қуанышты шақтар да болғанын ойлап тірлікке тәубе қып жатқандай. Кісі - қара лық толы үйде су сепкендей тынып қалған жұрт кенет селк етті. Еңсесін шұғыл көтеріп, бәрі бірдей дыбыс шыққан жаққа қарап еді; осының алдында ғана Қалау қара көлеңке бұрышта жарға жауырынын сүйеп қалғып отырған-ды. Осынша жұртты баурап әкеткен ән кенет кілт тоқтағанда томақ құлақ жігіт қасақана дәл осы сәтті тосып отырғандай қор етті де, өз даусынан өзі селк етіп басын көтеріп алды. Бірақ беті бүлк еткен жоқ. Өзіне жан-жақтан оқтай қадалған көзді көріп қабағын қайта жұмып ала қойды.

Қара кемпір кісілерден қысылса да, бірақ іле - шала басқа бір уытты, әсерлі жайға бой алдырып, қызын жаңа көргендей таңырқап отыр. Бұрын да қызының ақжарқын, ашық мінезін ұнатып, балаларымның ішіндегі әкесіне тартқан жалғыз осы қарағым деп жүретін. Бүгін соған көзі әбден жетті. Айғанша бір дегеннен - ақ балықшы ауылдың қыздарын билеп - төстеп, ұршықтай үйіріп алды. Қызының әнші екенін бүгін білді. Бұдан бұрын да талай топқа түсіп, ысылып алған сияқты. Әнді бастағанда тұс - тұстан өзіне сұқтана қадалған көздерден құйттай да қымсынбай, әдемі қара қасын керіп тастап, бетінің ұшына қызғылт қан тепсінген нұрлы жүзін жоғары көтеріп, бар жанымен беріле айтады екен. «Қызым үйде - қылығы түзде» деген...

Көп боп бәрі қосылып айтқан әнді қара кемпір өз өмірінде осы ауылдан көріп отыр. Бұл өздерінде үрдіс емес. Халық бас қосқан небір айт, той, бастаңғы, шілдеханаларда бұлар мықтағанда бір-екі кісі, әрілегенде кейде үш кісі айтқаны болмаса, дәл мыналардай үй толы кісінің бәрі қосылмайтын. Және мыналар жазбастан Батақтың Сарысының әнін айтты. Сарының әнін бұ да жақсы көретін. Әнебір жылы Сарының сүйген жары - Қыз Қосанды көргені бар. Ол кезде өзінің келіншек кезі. Ерте көктем болатын. Шіркін, несін айтасың, қазақ үшін көктем айының орны бөлек қой! Қыс бойы әр шұқырда бір- бір үй көрбасыр боп отырған жандар көктем айына әрқашан аңсап жететің еді-ау! Сонан, ой, дариға - ай, қыс кетіп, жер өңі кіріп, қыр ала - қанаттана бастағанда теңіз жағасын қыстаған ауылдар жапа - тармағай, ұбап - шұбап қырға көшер еді ғой! Жастар бойын сәндеп киінер еді. Жүйрік атқа мінер еді. Кеш болса жас қыз, сұлу келіншектің аулын сыртынан торуылдап, сақ құлақ ит пен қора күзеткен қойшының таң алдында талықсып қалғып кет - кенін аңдып жүргендері. Есебін тапқан епті жігіт әлгі бір таң алдындағы тәтті ұйқының бір тұсында қырағы, сақ ата - аналардың аузын аңқайтып кететін еді - ау! Сол күннің ертеңіне әлгі қу шұнақ жігіт түк көрмегендей, жымсиып кешке соғып, түнде өзі ыстық құшағынан шыққан сылқым қыздың жанынан атын әдейі ойқастатып, күміс ер-тұрман күнге шағылысып жарқ - жұрқ етіп өтер еді. Тіл қатуға жер тар. Көштегі кісі -қарадан қысылып, көңілдегі мен көкейдегіні көзбен жолдап, қыз жүрегіне шоқ тастап кетер еді! Айт - айтпа, өткен күнде белгі жоқ. Өз қызығы өзімен. Қыз Қосанмен кездескен сол көктемнен бері қанша уақыт өтті. Енді міне, үлбіреген уыз бетке жексұрын әжім түсті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий