Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Еламан қарт жұмысшымен өткізген бүгінгі кешті қайта - қайта еске алып, қараңғы көшемен ширақ басып келеді; онан бұндағы көп жағдайдың мән - жайына қанды. Мәселен, Мюлгаузин бұл ойлағандай теміржолшыларды өргізіп - тұрғызатын жалғыз адам емес екен; әкелі-балалы Ознобиндер Мюлгаузиннен гөрі Селивановты қолдайтын боп шықты. Бұлардың да соңында біраз адам бар сияқты. Вагон цех пен депода да қарт жұмысшының ықпалы күшті; қайсыбір мәселе тұсында депо жұмысшылары көбіне Ознобинді қолдап, Мюлгаузинге қарсы шығып жататынын бұның өзі де көріп жүр. Ознобин бір сөздің келе жағында Мюлгаузинді «Өзінің дегеніне жіберсең, қару - жарақ складын басып алып, бір күнде революция жасап жібермек», - деп күлді.

Еламанның тағы бір таң қалғаны: әкелі - балалы әлгі екеу кеш бойы Селивановты мақтады; Мюлгаузиннің қарындасына келіп жүретін ұзын бойлы, ақ құба жігітті Еламанның өзі де жек көрмейтін. Осы жігітті кейінгі кезде депо жұмысшылары арасынан да жиі көретін боп жүр; осы бір иман жүзді ақ құба жігітте кісіні баурап өзіне тартып тұратын бірдеңе бар сияқтанады. Ол не? Оның жастығы ма? Әлде кісімен сөйлескенде дәл бір қызбен сөйлескендей ар жағынан мөлдіреп көрініп тұратын адалдық па?

Екеуінің танысқаны да қызық болды: бір жолы жұмыстан қайтып келе жатқанда Теміркенің көк дүкені алдында бір-біріне бетпе - бет кездесіп қалды. Бұл үндемей өтіп кетпек болып еді, бірақ Селиванов көрген бойда қасына жетіп кеп, қос қолымен бұның қолын сілкілеп қатты - қатты қысып: «Сені жақсы білем. Маша сыртыңнан таныстырған. Ознобин де сен туралы көп айтады», - деді...

Еламан үйге қалай жеткенін байқамады. Шам жаққан жоқ. Мюлгаузиннің есігінің алдынан өте бергенде тастай қараңғы бөлменің түп жағынан қып-қызыл темекі шоғы жылтырады. Досының ұйықтамай ояу жатқанын білсе де, іркілмей үнсіз өтіп бара жатыр еді:

− Бері кел! - деді ол.

− Әлі ұйқтамағансың ба?

− Отыр. Кәрі қыртта болдың ба?

− Иә.

Мюлгаузин темекі түтінін анда - санда бір бұрқ еткізіп, біраз үнсіз жатты да:

− Жақсы қабылдаған болар? Не жайында сөйлестіңдер? - деді.

− Жай... анау-мынау...

− Немене, әңгімелеріңді менен жасырасың ба? Онда бар, кете бер! - деді де, темір кереуеттің пружинасын күтір еткізіп, іргеге қарай аударылып түсті.

Еламан бұл түні таң атқанша көз ілмеді. Өткен жолы да Мюлгаузин бұнан қарт жұмысшы жөнінде қиялдап отырып біраз нәрсені түрткілеп сұрағаны бар-ды. «Апыр - ай, ә?.. - деді Еламан ішінен, - сонда бұл мені Ознобиннің қасына жұмысқа орналастырғанда оның ар жақ ойын біліп отыру үшін... Апыр - ай, ә? Солай ма екен? » Бұрын басына келмеген осы ой мазасын алып, қараңғы үйде көзі ашық жатыр.

ҮШІНШІ БӨЛІМ

Тәңірберген Шалқардан келгеннен бері сауда досының із - түзін білдірмей үн - түнсіз қарасы батып жоғалып кеткеніне жыны келіп жүр еді. Бүгін ертеңгі шай үстінде сауда досының бұған тағы да жөн-жосығын айтпастан көл - көсір дүниемен қалаға жүргелі жатқанын есітті. «Ә, солай ма?..» - деді мырза. Сауда - саттығына бұны кірістірмек түгіл, керек десе, алдынан да өтпей кеткелі жатқанына ыза болды да, қасына ақи көз жігітті алып атқа қонды.

Қатты жүрген жолаушылар күн бата Көлқораның табанында отырған көп ауылдың шетіне кірді. Мұржадан сары қидың түтіні будақтап, қай үйде де кешкі ауызашарға қауырт әзірлік боп жатқаны байқалады. Шеткі үйдің иті шәуілдеп үре бастап еді, ақи көз жігіт әлденеге аяқ астынан абыржып, жалма - жан атын тебініп Тәңірбергенге қатарласа берді:

− Мырза, бұрылайық... мына шеткі қыстау әлгі қызыл көз пәленікі...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий