Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кейінгі жақтан бұларды іздеген дауыс шықты; қонақ түскен үйге төсекті әлдеқашан салып тосып отыр екен; осыдан кейін бойын ауырлаған қонақтар төсекке жатып, басы жастыққа тиер - тиместе ұйықтап кетті. Сол күннің ертеңіне Тәңірберген қонақтарына тағы да мал сойғызып, ас - су беріп жайлап отырып, ұзақ - сонар әңгіме бастады. Ол осы отырған игі жақсыларға араларында көптен бері үзілмей келе жатқан кикілжің, реніш, ашу -араздықты тастап, ендігі жерге халықтың басын қосып, елдің іргесін біріктіретін бүтіндікті айтып еді. Бұны рубасы ақсақалдардың бәрі мақұлдады. Бұндайда ылғида ішін алдырмайтын қиын Рамберді ауызбірлік сөз болғанда аналар құсап елп етіп қостай қоймаса да, ашықтан - ашық қарсы болмай, үн - түнсіз кезін төмен салып ыңылдап отыр.

Тәңірберген оның былқылдақтығын жақтырмай:

− Кәне, осыған бата қыламыз ба? - деп, көп ішінен пәле басы Рамбердіге қарап еді, ол сонда да шешіле қоймай, тек Тәңірберген қадалып отырып алғасын ғана:

− Дегенің білсін. Бірақ, әй, бала, сен өзің баяғының жол - жорасын білесің бе? Баяғының үлкендері осындай бас қосқан жерде «Құр аяқ - қ - қа бата жүр - мей - й- ді» - де - у - ші м - ме еді, қаалла - ай?..- деп міңгірлеп, сөзінің аяғын күмілжілеу шұбатып, екі ұшты ой тастады да, Жылқыбайдың сырт жағын ала бере көлбеп қисая кетті.

Тәңірберген бұларды жиғандағы ең басты шаруасын кейінге қалдырып отырған-ды. Әуелі ауызбірлікті мықтап алса, екінші шаруасының қиындықсыз оп-оңай шешілетінін біліп еді. Ауызбірліктің түрі әлгі болды. Рубасы ақсақалдар татуласу үшін де кешеден бергі бұл үйден ішкен, жегенінің үстіне тағы бірдеңе дәмететін сыңай байқатты. Бұған жас мырза ренжігендей боп үндемей отырды да, бір кезде кейінге сақтап отырған ойын да ортаға салды: естуі бойынша ұзақ соғыстан жілігі шағылған орыс әскері қару - жарақтарын тастап, майданнан қашып жатқан көрінеді. Он алтыншы жылы қара жұмысқа алынған қазақ жігіттері де еліне қайта бастапты. Орыс қалалары аш - жалаңаш. Ресей халқы қазір уақытша үкіметке қарсы көтеріліс ашып, жер-жерде ереуілдеп жатыр. Ертең уақытша үкімет құласа заман не болады? Онан кейінгі тірлік тұл боп, аяқ басқа шығып кетпесіне кім кепіл?

− Ойпырым - ай, Тәңірбергенжан - ай, бар пәлені үстімізге үйіп тастадың - ау.

− Апыр - ай де! Мынадан кейін дүниесі құрғыр тарылып, аспан алақандай, жер тебінгідей боп кетті ғой.

− Қайда барсаң - Қорқыттың көрі десеңші.

− Енді не істеуіміз керек?

− Менің де айтайын дегенім осы еді, - деді Тәңірберген. - Қазіргідей ала қиғаш дүниеде алды-артын болжап отырған кісі ғана адаспайды. Ол үшін арамызда көзі ашық оқыған азамат болғаны жөн.

− Е, оны қайдан табамыз?

− Табылады. Ел арқа сүйейтін оқыған азамат мына Арқа жақтан шығып жатыр. Арыға бармай-ақ, өзімізбен іргелес отырған мына Ырғыз бен Торғайда да оқыған азамат аз емес. Олар партия құрып, газет шығарып, алаш азаматын Абылайдың ақ туының астына жиып, үш жүздің баласының басын қосып жатқан көрінеді.

− Апыр-ай, ә?.. Солай ма?!

− Мынау біз есітпеген жаңалық қой!

− Жақсылық десеңші. Иә, Тәңірбергенжан, тағы қандай хабар бар?

Тәңірберген мыналардың құштарлығына қарап, жаңағы сөзі бұлардың да тас бауырын жібіткендей көріп, өзі де көңілдене бастады:

− Арқа жақтағы азаматтар әзір бізге назар аудара қойған жоқ. Бізді бауырына тарта қоятын сыңай байқалмайды.

− Апыр-ай, ә?.. Солай ма?

− Ақ патша құлап, ақ діңгегіміз үзіліп тұрғанда, біз де еңсе көтеріп, елдігімізді танытсақ, сүйтіп Арқа азаматтарына үн қоссақ деймін. Олар бізге өз аяғынан келмесе, біз кісі жіберіп шақырсақ, қалай? Кәне, бұған қалай қарайсыңдар? - деді Тәңірберген.

Жаңа ғана лаулап отырған жұрт кенет су сепкендей сөне қалды. Бәрі бір кісідей көзін көтермей, басын бауырына тартып, тұқырайып ала қойды. Тәңірберген оларға барлай қарап, шыдаммен тосып отырғанда, Мыңбай міңгірлеп:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий