Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Иә, бай, ертең қайтамыз.

− Бәйбіше ше?

− Ақбала... Ақбалажан... - деді қарт кіреші күрмеліп.

− Мен... Менің жөнім басқа...

− Иә, иә, бәйбіше, асылы, син асықпа. Керек - жарағынды ал. Өзім көмектесем. Бәйбіше, шайың суып кетті. Шай ал! - деді Темірке.

Ақбала тап осы қазір не істеп, не қойып отырғанын біліп отырған жоқ; татар бай не айтса да аузынан шыққан әр сөзден шошып қап отыр еді. Темірке: «Шайың суып кетіпті» -дегенде, Ақбала алдында тұрған кесені аузына қалай апарғанын байқамады. Ыссы шайды аңдамай ұрттап алғанда, көзінен жас ыршып кетті. Абырой болғанда Темірке оны байқамады.

− Күні кеше Орынбордан көп зат әкелдім. Бәрі әйбат. Матур, асыл инді. Дәл үстіне келдің.

− Бай... білмейтін шығарсыз... Мен - н... Мее... - Ақбала сөзінің ар жағын айта алмай, түсі бұзылып, ерні дірілдеп тоқтады. Мына үйдің өзіне көрсеткен құрметі мен ағыл - тегіл асын арсыздықпен алдап-сулап ішіп-жеп отырғандай сезінді де, тамағынан өтпей қойды.

Кірешілер Ақбала ши шығарып алатындай қорқып, сәт сайын бір- біріне сасқалақтай қарап қыпылдап отыр. Ақбала аузын ашып келе жатса жалма-жан алдын орап, оған:

− Айналайын, тоңып келдің, ас ал, іш, же! - деп жалпылдап, сөзін бөле берді.

− Иә, иә, бәйбіше, шай іш! Мынау жент. Женттен же!

− Бай... Сіз менің жайымды білмей отырсыз. Мен... мен мұнда жел айдаған қаңбақтай...

− Шырағым - ай, ертең де күн бар ғой. Кейін айтсаң, да болады ғой, - деді керуенбасы. Сосын ол Теміркеге бұрылып, - жолға шыққасын кісі, шынында да, жел айдаған қаңбақтай ғой. Және қыс айындағы жол қандай қиын. Ақбалажан қатты тоңып келді, - деді.

− Иә, шулай! И- и, балақайым, тоңғансың... тоңғансың инді, - деп Темірке жүгіріп барып, көп бөлменің бірінен түлкі ішік әкелді. Ақбаланың қысылғанына қарамай, ішікті арқасына жауып жатып та, - тоңғансың... тоңғансың инді, - дей берді.

− Айтары жоқ, жол алыс, күн де керемет суық... - деді кіреші шал.

− Иә, иә, суық! Суық, вит.

− Тоңып, шаққа жеттік.

− Тоңғансың! Тоңғансың! Мырзаның шаруасы қалай? - Ақбала бай ауылдан қазір өзінің жәні басқа екенін айтқысы кеп оқталып еді, оған бірақ лүпілдеп қатты соғып кеткен жүрегі аузына тығылып, тоқтап қала берді.

− Мырзаның несін айтасың? Шөбі көп, қорасы жылы. Қыстан жақсы шығатын, - деп қарт кіреші бұл жолы тағы да Ақбаланың алдын орап кетті.

− Е, бәрекелде, жақсы, жақсы екен.

− Құдай берген адам ғой. Мырзаның жағдайы жақсы. Бай, қазір... базарда балықтың нарқы қалай?

− И, Алла... Сұрама, сұрама. Шоқыншық Ебейсін балықты көп әкеліп, тіпті арзандатып жіберді. Мына балықты жарты бағасына өткізе алсаң жақсы.

− Қап, осы сұмырай алдымызды орай берді-ау!

− Ол әлі де орайды. Қазақта « Ұйықтаған - ұйқ алады, ұйықтамаған - жылқы алады», -деген мақал бар. Міне, бұл жақсы... бик жақсы мақал.

Осыдан кейін кірешілер жайбарақат, бей - жай отырып сораптап шайларын ішті. Темірке олардың қаперіне түк кірмей, меңіреу, керең кісідей иманы селт етпеген түріне ызалана қарады. «Бұларға сөз өтпейді. Түйе... түйе, вит...»

− Алдаберген софы қуатты ма? - деді Темірке.

− Қуат - ты.

− Ораза ұстаушы еді ғой. Аузын әлі ашпаған болар? Әй, ул бик ғажап кісі... Құдай жолын қатты тұтады... Софыға лайық заттар бар минде. Бұлардың ала жібек шапаны бар. Жайнамаздық...

− Айтқандай, бай... сізге мырза сәлем айтып жатқан. Жаз шыға теңіз жағасынан төбесін темірлетіп үй салмақшы. Темкеңе сәлем айта барыңдар, ағаш, тасты әзірлете берсін. Шебер ұста тауып қойсын. Ақша аямаймын. Ырза қылам деп жатқан...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий