Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Қайдам, оның реті қалай болатынын. Оқыған адамның бабы қатты болады деуші еді. Келтіруін келтіріп алып, ертең пәле қылғанда оқыған тыраш немелердің ойынан шықпай, Тәңірге жазып жүрмесек, - деп күдік айтып еді.

Оған мына жақтан Жылқыбай үн қосып:

− Арнап шақырғасын, әрине, салмақ сені мен бізге түседі. Шығыны да шаш етектен болатын шығар, - деді.

Ендігі қалғандары тымырайып Рамбердінің аузын бағып отыр. Тәңірберген үнсіз. Келімге келгіштердің өзі кері сиіп, икемге келмей қиғаш тартып жатқанда, бұлардың ішіндегі ең бір қырысы қалың қыңыр Рамбердінің келістірмесін біліп, бұл ойынан да ештеңе шықпасын байқап еді.

Рамберді сирек сары мұртының астынан бір мырс етті:

− Оқыған азаматты сырттан іздеп қайтеміз? Шын керек болса, сенің үйіңде де бір оқыған жігіт бар емес пе?!

Әншейіндегі үндемей жатып аяқтан шалатын әдет. Сөздері жараспаған қонақтар «ау, бостан - босқа отыра береміз бе?» - дегендей, бір- біріне қарады да, сосын ырғалып орындарынан тұрды. Ырғалып-жырғалып киініп, түсін бермей томсарған қалпы үн-түнсіз тарап бара жатты. Тәңірберген сыр бермей, салқын қоштасып шығарып салды. Кешегі патша ағзамның қазақ даласында арқа сүйеген адамдарының сиқы әлгі... Олардың қай -қайсысы да күншіл, күндес қатындай, өмір бойы ауыл арасының бәсеке - партиясынан бойы асып көрген емес.

Тәңірберген оларды, әлде өзін мысқылдағандай мырс-мырс күлді. Тым құрыса, тап қазіргідей тағдыр таразыға түскен аумалы - төкпелі алмағайып заманда, жөн таппай тұрғанда ақылдасар адам болмағанына қиналды. Ағаның сиқы - Алдаберген. Ақбаланы ауылдан қуып, Сүйеудің сағын сындырғанға мәз. Сонан бері софы ағасы мен бәйбіше бұған ырза. Отбасымен табысса да оқыған інісімен екеуінің арасы бұрынғыдан бетер суысып, келімге келмей кереғарланып барады. Інісі бұған түсінбейді. Бұл інісіне түсінбейді. Бір түндік астында бірге өссе де, бүгінде өрістері басқа. Кейде кедейлерге жаны ашып, ет - бауыры елжіреп тұратындай болса, келесі бірде тістеуік аттай кіржіңдеп, олардың өзін жақтырмайды. Сондай кезде інісінің қай жақтың сойыл соғары екенін білмей, дал болады. Бұл не?

Ілелі, сырқат жанның бабын таптырмайтын әдеттегі кінәмшіл, күйгелек, шамшылдығы ма? Әлде мінезсіздік пе?

* * *

Темірке қазір көңілсіз еді. Көптен арман етіп жүрген көкейдегі промсолды қолына түсіріп, жаңа-жаңа шаршысына келе бастағанда патша тақтан құлады да, үстінен үзігін ұшырып әкеткен үйдей, көңілі құлазып сала берді. Оның үстіне түрік майданынан Мюлгаузин келгелі кішкентай қаланың тыныштығы бұзылды. Күн қалай батты, солай езілуші тапты ереуілге шақырған ұрандар осы шаһардағы өтібірлі үйлердің маңдайшасына ілініп қалатын боп жүр. Сондай сөздер бұның да дүкеніне үйір боп алғасын күнде-күнде елең -алаңда жұрттан бұрын тұрып, есікті, қақпаны бір қарап шығады.

Әйтеуір, сауда талабы жақсы. Бұған ала - бөле теңіз түпсіз байлық болды. Қыс болса кірешілер тышқандай тасып жатқан тоң балық қалаға келген бетте қып-қызыл алтынға айналып, қалтасын қалыңдатып жатқан-ды. Бүгін де ел жата бергенде тоң балық артқан жиырма - отыз түйелі кіреші кеп, терезе қақты. Дыбысшыл Темірке төсектен атып тұрып, иығына асығыста қолына іліккен бірдеңені іле сала шәркей киген аяғын сырп - сырп басып, апалақ - қапалақ сыртқа шығып еді. Ол жеткенше мына жақтан күзетші шал қақпаны ашып, алыс жолдан ауыр жүк тартқан түйелер асықпай ақырын қозғалып, кең аулаға кіріп жатыр екен.

− И, шушы қазақтар-ай... Неге кешіктіңдер? Осынша айналғандарың не?

− Кір - қоңымызды жудырып...

− Қой, қой инді! Сендер кір-қоңдарыңды жуып жатқанда, шоқыншық Ебейсін қаланы балық сасытып, тағы да алдымды орап кетті, вит.

Кіреші қазақтар сөз таластырмады. Татар байының әр кездегі үйреншікті байбаламын үнсіз тыңдап, қорада жатқан сары табан қарды сықыр-сықыр басып жүріп, тон балықты кең қораның түп жағындағы қуысқа сатырлатып үйді. Белінен жүгі түскен түйелер пысқырып, бей - жай күйіс қайырып жатыр.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий