Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Түн ортасы ауғанда көзі ілініп кеткен екен, іле - шала оянды. Неге, неден оянғанын білген жоқ. Күндегі әдет бойынша оянған бойда оны одеялмен қымтап, бауырына тартып құшақтамақ болды да, бойын тартып алды. Мұз құшақтағандай жаны, тәні түршігіп, бөренедей серейген денеден шошып: «Ра - й!.. Райжан - н!» - деді. Ышқынып шыққан дауыстан ұйықтап жатқан кісілер оянды. Жұрт жиналып қалды. Бұл жылаған жоқ; қапылыста қатты соққы тигендей, есеңгіреп отырып қалған-ды. Өлікті ертеңге қалдырмай, таң атқанша жерлемек болған жігіттер барақтың сырт жағындағы қырқаның баурайынан қабір қазып, Райды сол түні асығыс-үсігіс жерлеп еді. Патша құлап, жұмысшы батальоны елдеріне теңізбен, жермен қайта бастады. Жүрер алдында бұл інісінің моласына барды. Құран оқыды. Жат елде, бауыры суық қара жерде қалып бара жатқан інісін қимай ұзақ отырды. Сосын елге қайтқан жігіттермен бірге кетіп бара жатып, барақтың сыртындағы төбе баурайында томпайған жалғыз қабірге жалтақ - жалтақ қарады. Соңғы қарағанда қабір басына шанышқан үшкір басында жарты ай бар, құлаш созым таяқ... О, Жасаған, Жаппар Ие, бұған құдды қара жердің астынан созған қол сияқтанып еді...

Ертеден бері ешқандай дыбыс шығармай, қара тақия киген аң құйқа басы салбырап кеудесіне түсіп отырып тыңдаған Есбол қария дәл осы араға келгенде шыдамай:

− Райым - ай... балапаным - ай, - деп көй - көйін сала өкіріп қоя берді де, теріс қарап жата кетті.

Еламан да жылады.

* * *

Осыдан кейін екеуі де үндемей, қатар салып қойған төсекке киімшең бойларымен қисая -қисая кетті. Бірақ ұйқтамады.

Ертесіне Еламан ерте тұрып жұмысқа кетті. Сонан күн батқасын келді. Күндегі әдетпен қара май киімін сыртта тұрып шешіп, жуынып-шайынып, таза киімдерін киіп, ішке кірсе, атасы кешкі намазын оңып болып, төрде таспиық тартып отыр екен.

Кешке жұмыстан қайтып, ас - суын ішкесін атасының қасында болды. Ауыл жайын сұрады. Есбол қария ел ішінің амандығын айтып отырып, ойламаған жерден өзінің сыйлас тұстасы - кәрі әже жайын қозғады. Қашан көз жұмғанша есі Еламан мен Райды аузынан тастамапты. Бас жағында күзетіп отырған кісілерге Рай мен Еламанды қайта - қайта тапсырып: «Қос қарағым аман оралса, көздеріңнің қырын сап, қамқор бола жүріңдер», -деп тілек айта беріпті.

− Байғұс, сендер кеткесін қатты жүдеді. Ұйқыдан қалды. Күндіз-түні бір тілек үстінде сарылып, сен екеуіңнің жолыңа дұғасын бағыштап, көңілін ақ жолына ұсына берді, - деп Есбол қария көзіне жас алды.

Атасының аузында бір тіс қалмапты. Жұмсақ асты да қызыл иегімен қайзап, жұта алмай талмап отыратын аянышты халге жеткен екен. Еламан атасын шын аяды. Күні бойы үйде жалғыз. Үй ішінің жандарымен тілдесіп сөйлесе де алмайды. Тым болмаса елге қайтқанша бірер күн атасының қасында болғысы кеп, Еламан ертеңіне төсектен тұра сала Мюлгаузиннің үстіне кірді. Кейінгі кезде Мюлгаузин кеш жатып, ерте тұрып, кейде қарындасы әзірлеп қойған ас-суын да ішпестен асығыс-үсігіс кетіп қап жүрген-ді. Ұйқысы қанбай, қабағы түсіп кетіпті. Үстіне кірген Еламанды көрсе де, көңіл бөлмей, ысылдап -пысылдап киіне берді.

− Петька...

− Ну?

− Көріп отырсың ғой...

− Түкті де көргем жоқ... Асығыспын. Не айтайын деп едің?

Еламан: «Мынадан ештеңе шықпас», - деп ойлады. Кейінгі кезде бұл Ознобин мен Селивановтан арасын ақи - тақи үзіп, өзін қолдайтын кісілермен ыңғайласып жүрген-ді. Ол қазір Еламанға да ішін ашпай, бұл білмейтін құпия бірдеңелермен шұғылданып кетті.

− Черт побери, бір нәрсең қойған орнында тұрмайды. Ма-ша!

Маша жетіп келді. Алдында алжапқыш. Шамасы, ана жақта илеп жатқан қамырын тастай сала жүгіріп келген. Ұн - ұн қолын үстіне тигізбей, ілгері созып тұр.

− Тарағым қайда?

Маша «өзің білмейсің бе?» деп тілінің ұшына келіп қалған аузындағы сөзді айтар жерде батылы жетпей, тоқтап қалды.

− Тарағым?..-деді Мюлгаузин.

− Іздейін...

− Тез!

Еламан әлгі ойынан айнып, бұрылып кетіп бара жатыр еді, Мюлгаузин гүж етті:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий