Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Еламан қаралы үйдің тұсынан тезірек басып, жылдамдап ұзап барады. «Кім екен?» - деп ойлады. Кәрі ме, қыршын жас па? Сыңсыған жас дауыс соның келіншегі болмаса не қылсын? Жаңағы абыр - сабыр қазір сап боп тыйылып, үйдегілер де, қорадағылар да басы салбырап, мүлгіп қалған осынау тым - тырыста сонау төр жақтан Құран оқыған ақ сәлделі молланың мақамы шықты. Олар ауыз ашса: «Адамның басы - Алланың добы», - деп жұбатады. Еламан осыған түсінбейді. Түсінгісі келмейді. Кешкісін жұмыстан қайтқанда ол күнде-күнде Ознобиннің үйінің жанынан өтетін. Бұл жұмыстан қайтқан кешкі салқында балалар допты қуалап, аяғы іліккені әрі-бері теуіп улап - шулап жатады. Жә, олар... Олар ғой - балалар. Мынау - Алла! Жаратушы Иә. Сонда о да көңіл көтеретін ермек іздегенде адам басын аяғымен тепкілеп, олай - бұлай қуалай ма? Сонан ләззат ала ма? Бұл не сандырақ?

Еламан көше ортасында сілейіп тұрғанын өзі де сезген жоқ. Қараңғы көше кенет допқа... жо-жоқ, басқа... адамның басына толып кетті. Сабағынан үзілген қарбыздай, қараңғы көшеде домалап бара жатқан өңкей бас... адамның бастары. Анау Кәленнің, Мөңкенің, Райдың басы. Ал мынау бұның өзінің, Ақбаланың... Еламан көзін баса қалғысы келді. Ол енді ешкімді, ештеңені көргісі келмеді. Ешкімді, ештеңені ойлағысы келмеді. Үйге тезірек жетіп, көрпе астына кіріп, басын тас қып бүркеп ешкімді де, ештеңені де ойламай тезірек ұйықтап, бәрін басынан шығарып, бәрін, бәрін ақи - тақи ұмытқысы келді. Ойы осыған бекігенде, кенет есіне атасы түсіп: «Қалай жетті екен?» - деп ойлады. Сосын: «Жолда қиындық көрмеді ме екен?» - деп ойлауы мұң екен, ол енді өзінен-өзі мазасызданып, басына қайдағы-жайдағы келіп: « Апыр-ай, сонша жерден іздеп келген атасына дұрыстап не қонақасы бере алмады, не жер түбінен келген кәрі кісіні күтіп, жағдайын жасай алмады. Ішіне реніштің үлкені де, кішісі де сыятын қария сыртына шығарып айтпаса да, бірақ тап жүрерде түйесін есік алдына шөгеріп қойып, Ақбаланы есіне алғаны не? Айтса да, аяқ астында қалған адамгершілікті тірілтпек боп арыдан толғағаны тегін бе? Сонда ол Ақбала мен бұның арасындағы жағдайды білмесе екен - ау? Жоқ, білді. Біле тұра адамгершілікті алға салды. Шынына келгенде, апыр - ау, сол адамгершілігі құрғырдың ар жағында адалдық деген пәле тұрған жоқ па? Оны да білмеді дейсің бе? Жоқ, білді. Білді! Білгенде қандай білді?! Ендеше, адалдықты төркі етіп, арды аяққа басқан дозақылықты да біле тұра бұған неге, неліктен адамдың, адамгершілікті алдына тартып, бетіне басатын не жөні бар? Жоқ, ата, сөзіңді де, өзіңді де сыйлаймын, бірақ осы тұста келіспеймін. Қалған көңіл - шыққан жан. Өз қолымен тұншықтырып өлтірдім, оны енді қайта тірілту... Жоқ, ата, ата - еке, ол қолымнан келмейді.

* * *

Көктем күні кешке тақағанда ақырап гудок айқайлады. «Сауыны болған қара нар боздады», - деп Еламан бұны ішінен әзілге айналдыратын-ды. Жұмыс аяқталысымен үйлері бір жақта тұратын кісілер өздерінің күндегі әдетімен бүгін де ыңғайласып топ - топ боп әңгімелесіп кетіп бара жатты. Бір- екі жұмысшы Еламанға бұрылып кеп «бірге қайтайық», - деп еді, Еламан оларға «кете беріңдер», - деді де, көзінің қиығын Мюлгаузиннен айырмай бағып тұр. Мюлгаузин өзіне қарайлап тұрған Еламанды байқаса да, оған назар аударған жоқ; ол күні бойы ескі паровоздың астына кіріп, сыз жерде шалқасынан жатып жұмыс істеген-ді. Үсті-басы, беті - аузы май-май боп, күлді-күйелеш паровоздың астынан шықты.

− Қайтпаймыз ба? - деді Еламан қасына келіп.

− Что - о?

− Бірге қайтайық. Сені күтіп тұрмын.

− Кете бер!

− Сен ше?

Мюлгаузин үндемеді. Май-май киімдерін шешіп, үстіне майканың сыртынан өзінің таза киімдерін киді. Еламан өзіне көптен бері осы жігіттің қабағы ашылмай, қыңырайып тоң -торыс жүрген салқындығын білсе де, осы жолы араларындағы түсініспестікті жуып -шайғысы келді де, күліп құшақтамақ боп еді, Мюлгаузин:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий